Жүгіру, секіру реттілігі. Дене шынықтыру, 6 сынып, презентация. 8 сабақ.


1-бөлім Жүгіру, секіру, лақтыру дағдыларын дамыту

Оқу мақсаты:

6.3.2.1 Дене қыздыру мен қалпына келу техникаларының басты құрамдарының ағзаға тигізетін әсерін түсіндіру және оларды орындау

Сабақтың тақырыбы:

Жүгіру секіру реттілігі

Сабақтың мақсаттары:

Дене қыздыру мен қалпына келу техникаларының басты құрамдарының ағзаға тигізетін әсерін түсіндіру және олардың орындалуын көрсету

Бағалау критерийлері :

Екпінмен жүгіріп келіп аяқты бүгіп ұзындыққа секіруге арналған дене қыздыру мен қалпына келу техникаларының басты құрамдарының ағзаға тигізетін әсерін түсіндіреді және олардың орындалуын көрсетеді.

Дескрипторлар:

Дене қыздыру жаттығулары мен қалпына келу техникаларының ағзаға тигізетін әсерін біледі;

Дене қыздыру жаттығулары мен қалпына келу техникаларын орындайды;

Екпінмен жүгіріп келіп аяқты бүгіп ұзындыққа секіру кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;

Екпінмен жүгіріп келіп аяқты бүгіп ұзындыққа секіру фазаларын біледі;

Екпінмен жүгіріп келіп аяқты бүгіп ұзындыққа секіру фазаларын дұрыс орындайды.

Тілдік мақсаттар

Өздерінің жүгірудегі, секірудегі және лақтырудағы қозғалыс дағдыларын көрсетіп, түсіндіре алады.

Мыналарды қамтиды:

арнайы-спорттық қозғалыс әрекеттері

дене жүктемелері, дене қыздыру жаттығулары және қалыпқа келтіру техникасы

ағзаның энергетикалық жүйесі

Талқылауға арналған сұрақтар:

Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды?

Денені қыздыру ағзаға қалай әсер етеді?

Екпінмен жүгіріп келіп аяқты бүгіп ұзындыққа секірудің фазалары қандай?

Құндылықтарды дарыту:

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, жауапкершіліке және өмір бойы оқуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар:

Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.

АКТ қолдану дағдылары:

Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.

Бастапқы білім:

Білім алушылар алдыңғы сабақтардан және сабақтан тыс уақыттан алған жеңіл атлетика бойныша білімдері мен дағдылары бар.

1-ші тапсырма:

(С, Ж, ҚБ) Білім алушылар, бір орында, қозғалыста және жүгіру кезінде ЖДДЖ орындайды. Осы кезде екпінмен жүгіріп келіп аяқты бүгіп ұзындыққа секіру кезіндегі қауіпсіздік ережелері мен дене қыздыру, қалпына келу техникаларының басты құрамдарының ағзаға тигізетін әсері түсіндіріліп, олардың орындалуы көрсетіледі. Оқушылар бірнеше топқа бөлінеді.

Ойын алаңының ортасына үлкен шеңбер (диамерті 2-3 м) сызады. Шеңберден, бір-бірінен тең арақашықтықта, 8-10 сызық-сәулелер әр жақтарға таралады. Әр тізбектің ұзындығы 2,5-3 м. Сәулелердің ұзындығы бірдей болады және әрқайсысының соңында кішкентай шеңбер (диаметрі 15-20 см) құрылады. Бір-бір ойыншы тұрған әрбір кішкентай шеңберге шайба (ағаш шеңбер, жайпақ тас және т.б.) қойылады.

Мұғалімнің белгісі бойынша, ойыншылар, оң аяқта секіріп, өз шайбасын үлкен шеңберге кіргізуге тырысады. Шеңбер шегін секіріп өткеннен кейін, ойыншы екі аяғына тұрып, аз уақыт демала алады. Одан кейін әр ойыншы, енді сол аяқта секіріп, өз тізбегінің шегінде қозғалуға тырысады да, шайбасын кері айдайды. Кішкентай шеңберге бірінші жеткен ойыншы жеңімпаз саналады.

1-ші тапсырманың дескрипторлары:

- Секіру кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;

- Екпінмен жүгіріп келіп аяқты бүгіп ұзындыққа секіруге арналған дене қыздыру жаттығулары мен қалпына келу техникаларының ағзаға тигізетін әсерін біледі;

- Екпінмен жүгіріп келіп аяқты бүгіп ұзындыққа секіруге арналған дене қыздыру жаттығулары мен қалпына келу техникаларын орындайды.

Сұраңыз:

Денені қыздыру ағзаға қалай әсер етеді? Аяқ бұлшық еттерін, демді қалпына келтіруге арналған қандай жаттығуларды білесіздер?

2-ші тапсырма:

Екпінмен жүгіріп келіп аяқты бүгіп ұзындыққа секірудің орындалу техникасы көрсетіліп, түсіндіріледі. Секірудің фазалары: итерілу, ұшу, жерге түсу. Осыдан кейін оқушылар тапсырманы практика жүзінде орындайды. Тапсырманы орындағаннан кейін оқушылар жасалған жұмысқа талдау жүргізеді.

2-ші тапсырманың дескрипторлары:

- Екпінмен жүгіріп келіп ұзындыққа секіру фазаларын біледі;

- 10-12 адымнан тұратын қашықтықтан екпін алады. Екпін алған кезде соңғы адым жылдамдырақ орындалады.

- Итерілетін аяқ итерілетін тақтаға табанымен дәл қойылады. Итерілуді аяқтаған кезде, итерілетін аяқ толығымен жазылады;

2-ші тапсырманың дескрипторлары:

- Қолдар иық деңгейіне дейін көтеріліп, серпілетін аяқ тізе буында бүгіліп, алға шығарылады. Итерілгеннен кейін, итерілетін аяқ инерциямен артқа қарай қимыл жасай береді, содан соң секіруші оны тізесімен алға қарай шығарып серпілген аяққа қосады.

- Басында артқа қарай шалқайған дене иықтарымен аяқтарға қарай алға еңкейтіледі. Екі аяқ тізелерімен кеудеге тартылып, табанның ұштары өзіне қарай тартылып, тобықтар жоғары көтеріледі.

- Жерге қону кезінде секіруші тізелерін бүгіп, қолдарын алға созып, денесін барынша еңкейтеді және жерге қонғанда артқа қарай құламауға тырысады.

Сұраңыз: Екпінмен жүгіріп келіп аяқты бүгіп ұзындыққа секірудің фазалары қандай?

Рефлексия

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап,

рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалау ұсынылады.

Үйге тапсырма:

Дене қыздыру мен қалпына келу техникаларының басты құрамдарының ағзаға тигізетін әсері.

Рефлексия

"Бағдаршам" әдісі бойынша кері байланыс

Жасыл түс - тақырыпты толық меңгердім

Сары түс -тақырып бойынша әлі де сұрақтарым бар

Қызыл түс - тақырыпты мүлде түсінбедім

Бағдаршамның түстері бойынша тақырыпты меңгергендігін

Ресурстар:

Үлкен бос кеңістік, фишкалар, конустар, мұғалім үшін ысқырық, бор, өлшеуіш, рефлексия парағы.

Дене қыздыру жаттығуларына сілтеме: http://okafish.ru/tennis/114_123.htm

Екпінмен жүгіріп келіп ұзындыққа секіру интернет ресурсына сілтеме: http://www.rosatletika.ru/content/%D0%BF%D1%80%D1%8B%D0%B6%D0%BE%D0%BA-%D0%B2-%D0%B4%D0%BB%D0%B8%D0%BD%D1%83-%D1%81-%D1%80%D0%B0%D0%B7%D0%B1%D0%B5%D0%B3%D0%B0.html

Мектептегі жеңіл атлетика теориясы мен әдістемесі интернет ресурсына сілтеме: http://emirb.org/mekteptegi-jeil-atletika-teoriyasi-men-edistemesi-penini-ou-ed-v2.html?page=2

Назарларыңызға рахмет!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу