Ойын кеңістігіндегі бағдарлау дағдыларын оқыту. Дене шынықтыру, 5 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


Дене шынықтырудан қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7-бөлім: Басқыншылық ойындардағы түсінік пен дағдыларды оқыту.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ойын кеңістігіндегі бағдарлау дағдыларын оқыту.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.2.2. Қозғалыс комбинацияларын орындай алады және кейбір жаттығулардағы реттілігін біледі.

Сабақ мақсаттары

Оқушылар: - әр түрлі физикалық жаттығуларда қозғалыстардың комбинацияларын құруды және қолдануды біледі; - әр түрлі физикалық жаттығуларда қозғалыс комбинациялар реттілігін құрастыра біледі.

  Бағалау кр критерийлері

- қозғалыс комбинацияларын құрып қолдана алады;

- жылдамдық пен үйлесімдіктің арнайы жаттығулар кешенін құрастырып

көрсете алады; - ойын кеңістігінде бағдар жасай алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар орындай алады: Адамның денсаулығы мен физикалық жай-күйін жақсартуға дене белсенділігі қалай көмектесе алатынын.талқылай алады.

Пән лексикасы және терминология:

• ойын-шабуыл, артық жүк тиелген ойындар, бейімделген ойындар

• футбол доп, резиналы доп, түрлі-түсті ленталар, ысқырық

• dribbling, пас, жалтару, жүгіру, лақтыру, басып алу

• жол-жөнекей ұстау, белгілеу, құлпы

• шабуылдаушы, қорғаушы, қарсыласы

• ұпайлар, мақсаттары, қағидалары

• тактика, стратегия

• бірлескен жұмыс

• допты меңгеру, допты жоғалтып алу

• әзірлеу, жасау

• рөлдер: ойынды құрушысы, ұйымдастырушы, көшбасшы, төреші, технологиялық картаны құрушысы

  Пәнаралық

  байланыстар

Дене және денсаулық ғылымдарымен байланыс - қауіпсіздік, салмақ/ағым динамикасы. Информатика (интернеттен ақпарат іздеу), математика (кеңістік, бағыт және бұрыш), биология (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физика (жылдамдық, салмақ, энергия), психология (шағын топтарда жұмыс жасау) пәндерімен байланыс.

  АКТ қолдану

  дағдылары

Ғаламтордан ақпарат табу үшін ноутбуктерді пайдалану, сабақты видео құралдарға жазып алу.

Бастапқы білім

Оқушылар үй мен мектеп бағдарламасынан тыс, сондай-ақ алдыңғы бөлімдер мен сыныптарда алынған өздерінің негізгі қарым-қатынас дағдылары мен қозғалыс дағдыларын дамыта алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарлан-ған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың

басы

5 мин

Сабақтың

ортасы

10 мин

10 мин

10 мин

Сабақтың

соңы

10 мин

(Б, К) Мұғалім оқушылармен амандасады.

Содан кейін ол оқушыларға келесі сұрақтарды талқылауды ұсынады: - басқыншылық ойындарда ойын кеңістігінде қандай бағдарлау дағдылары қажет? - жылдамдық пен үйлесімдікті қалай дамытуға болады?

Мұғалім оқушылармен бірлесіп сабақ тақырыбын шығарады («Ойын кеңістікте түсінік және бағдарлау дағдыларын оқыту.»).

Мұғалім оқу мақсаттары мен жетістік критерийлерін оқушылардың өздері құрып, дайын нұсқамен салыстыруларын ұсынады. Осыдан сабақтың жетістік критерийлері шығарылады.

(Т, Ж) Жетістік критерийлері мен оқу мақсаттары құрылып болған соң, мұғалім оқушыларды 3 баладан топтарға бөледі. Ноутбуктерді таратып, қажетті сілтемені ашуды ұсынады.

Оқушылар сілтемені ашып ішіндегі ақпаратпен танысады.

(Т, Ф) Мұғалім сыныпты 4 топқа бөледі де әр топқа тапсырмасы бар карточкаларды таратып береді. Оқушылар тапсырманы орындай бастайды. Бормен еденде 10 төртбұрыштардан тұратын сатыны сызады. Әуенге сәйкес олар кезекпен, сатының басынан, 5-6 арнайы жаттығудан тұратын, үйлесімдікті дамытатын арнайы жаттығулардың кешенін орындай бастайды. Әр жаттығуды 5 реттен қайталайды. Жаттығуларды орындаған соң сұрақтар қойып, талқылау өткізіп, денсаулық және физикалық жай-күй не екенін түсінуіне ықпал етіңіздер.

Тапсырманың дескриптерлері:

- жылдамдық пен үйлесімдіктің арнайы жаттығулар кешенін құрастырып көрсете алады;

- жаттығуларды орындаған кезде аралық пен ара қашықтықты сақтайды;

- жаттығуларды орындаған кезде бірде бір төртбұрышты өткізбейді;

- жаттығуларды қатесіз орындайды.

Формативтік бағалау:

Мұғалім «бағдаршам» әдісін қолданады (әр түсті дөңгелек карточкалары): жасыл – тамаша, сары – жақсы, қызыл – қанағаттанарлық.

Сұраңыз: Бұл жаттығулар қандай физикалық қасиеттерді дамытады?

(Б, Ж, Ф) «Қарғалар және торғайлар» ойыны. Сынып екі командаға бөлінеді, бірі - "қарғалар", екіншісі - "торғайлар". Командалар волейбол алаңының ортаңғы сызығына арқаларымен бір-біріне тақалып жұптар құрады. Мұғалім бір команданың атауын атайды, мысалы "қарғалар!". Осы белгі бойынша "қарғалар" өз жағының волейбол алаңының бет сызығына карай жүгіреді, ал "торғайлар" бұрыла отырып оларды ұстап алуға тырысады. Ұсталған "қарғалар" қолдарын көтереді. Мұғалім ұсталған "қарғаларды" санап алып жазып қояды. Мұғалім 8-10 рет кезекпен командалардың атауларын атайды. Ойын барысында мұғалім команда атауларын кезек бойынша емес, 2 немесе 3 рет қатарынан бірдей атай алады. Сондықтан ойын алдында мүмкіндігінше оқушыларға ескерту жасау керек. Ойын ережесі:

- қуушылар тек өз жұптасын ұстайды; - ең көп қарсыластарын ұстаған команда жеңіске жетеді.

Тапсырманың дескриптерлері: - қауіпсіздік техникасын сақтайды; - ойын кеңістігінде бағдар жасай алады; - мұғалімнің командаларын мұқият тыңдайды; - қуушылар тек қана өз жұптастарын ұстайды.

Формативтік бағалау:

Мұғалім оқушыларға бін бірі бағалау әдісін қолдануға ұсынады («бас бармақ» әдісі): бас бармақ жоғары – тамаша, бас бармақ – көлденең – жақсы, бас бармақ төмен – қанағаттанарлық.

Сұраңыз: Бұл ойын қандай физикалық қасиеттерді дамытады?

Рефлексия.

Сабақтың соңында оқушылар стикерлерге жаңадан алған ақпаратты жазып өз пікірлерін білдіріп мүғалімге тапсырады.

Үй жұмысы: Ғаламтор арқылы үйлесімдікті дамытатын арнайы жаттығулардың жиынтықтарын көріп талқылау. Үйлесімдікті дамытатын арнайы жаттығулардың кешенін құрастыру.

Үлкен бос кеңістік.

Ноутбуктер.

Ресурсқа сілтеме:

лестница скорости и координации

https://www.youtube.com/watch?v=kRUSqcP8Swk Файл: №2 карточка «жылдамдық және үйлесімдік сатысындағы арнайы жаттығулардың кешені. docx»

Стикерлер, маркерлер, қаламсаптар.

Дифференциалды оқыту: - көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? -кабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау: – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс: - денсаулық және қауіпсіздік ережелері. - АКТ. - құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

- оқушыларға қолдау көрсету үшін барлық сыныппен көрген бейнероликтерді талдау, сұрақтар қою арқылы жоспарлап отырмын;

- аса қабілетті оқушыларға өздеріне арнайы жаттығулар кешенін құрастыруды және талдауды ұсынамын.

- материалдың меңгерілуін бағалау сабақ бойы болады; - материалдың меңгерілуінің маңызды көрсеткіші – қимылды үйлестіру және ойын кеңістігінде бағдарлау.

- коллаборативті орта құру; - оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып тапсырмаларды құрастыру; - қызмет түрлерін ауыстыру; - кеңес беру.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Белгілер:

Б = барлық сынып Т = топтық жұмыс ЖЖ = жұптық жұмыс Ж = жеке жұмыс

Тәж = оқушы тәжірибесі К = оқытушы көрсетеді Ф = формативтік бағалауды қолдайды



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу