Қауіпсіздік ережесі. Физикалық белсенділік және төзімділік. Дене шынықтыру, 3 сынып, сабақ жоспары. 50 сабақ.
Дене шынықтыру сабағының қысқа мерзімді жоспары № 50
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5-бөлім – Денсаулық және физикалық белсенділік | Мектеп: | |||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Қауіпсіздік ережесі Физикалық белсенділік және төзімділік | |||||||||||||
Оқу мақсаттары | 3.3.4.4. Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене жаттығуларын орындау кезінде тиісінше жауап қайтарып, қиындықтар мен тәуекелдерді қалай еңсеру керек екендігін түсіну және көрсету | |||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Дене жаттығуларын орындау кезінде қиындықтар мен тәуекелдерді түсінеді және көрсетеді | |||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар:
Пәнге тән лексика мен терминология: Мыналарды қамтиды:
қалыпқа келуі
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Талқылау үшін сұрақтар
| |||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
|
| |||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Биология, физика пәндерімен байланыстырылады. (Дене жаттығуларын орындау барысында физикалық белсенділік және төзімділік қызметінің қимылын түсінеді). | |||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Тақырып бойынша физикалық белсенділік және төзімділік қызметін көрсету (АКТ қолданған жағдайда) | |||||||||||||
Бастапқы білім | Білім алушылар алдыңғы сыныптарда, сондай-ақ сабақтан тыс уақыттан алған қозғалыс белсенділігі және төзіміділік қызметі бойынша білімдері мен дағдылары бар. | |||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||
Сабақтың басы 10 мин | І. Сапқа тұрғызу. Сергіту сәті. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту. «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. "Бастаймыз" деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен...қолмен... өкшемен... иықпен...құлақпен...тіземен...иекпен... арқамен. Мұғалім айтады: «Біз пәндерді кіріктіруді, қозғалу дағдыларын, дене қасиеттерін қауіпсіздік ережесін сақтау мен сабақ тақырыбы бойынша айту арқылы дамытуды жалғастырамыз» Мұғалім Сіздер үшін денсаулықты сақтау нені білдіреді деп сұрақ қояды. Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады. Кеңістікте топпен жүгіргенде неге сақ болу керек екенімізді айта аласын ба? Орташа қалыпта жүгіру, алаңның оң жағынан сол жағына қарай. 1. Екі қол жоғарыда аяқтың ұшымен, екі қол белде өкшемен жүру. 2. Жеңіл жүгіріске көшу. 3. Аяқты артқа, қолға жеткізе жүгіру, екі қол алдыда тізені биік көтере жүгіру. 4.Оң және сол жақ қырымен адымдап жүгіру, екі қол белде 5. Жылдамдыққа жүгіру 6. Қолды екі жақтан тыныс ала көтеріп, түсіру, демді қалпына келтіру. Ж.Д.Ж. орнында ІІ. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады. «Тек бір минут» стратегиясын өткізеді Оқушылар бір-бірін бағалайды Оқушылар тамырдың ырғағын санайды. | Үлкен, бос кеңістік, ойын алаңы, пішіндерді белгілеуге арнаған бор, жалаушалар, ысқырық. Жолдарды салуға арналған ленталар. | ||||||||||||
Сабақтың ортасы 25 мин.
| (Т, Ж, ҚБ) Оқушылар екі командаға бөлінеді. Командалар бір-біріне қарсы орналасып, екі сапқа тұрады. Бірінші ойыншыдан 2 м қашықтықта еденде 1 шеңбер жатыр (немесе диаметрі 80-100 см шеңбер сызылған). Дабыл бойынша ойыншы допты серпілістен кейін қарама қарсы жақтың ойыншысына тиетіндей етіп шеңберге лақтырады. Қатысушы допты қағып алады және осылай оны кері лақтырады. Қос ойыншы да допты лақтырғаннан кейін саптың соңына кетулері қажет. Доп секіргеннен кейін екінші шеңберге тиетіндей етіп, тағы бір шеңбер қосып ойынды қиындатуға болады. Егер оқушылар жақсы нәтиже көрсетіп жатса, ойынды үш шеңберге дейін қиындатуға болады. Ойын ойыншылардың белгіленген сан реті орын ауыстырғанша жалғасады. Ойыншылардың саптың соңына ауысуын жүгіру немесе бір аяқпен секірумен алмастыруға болады. Дескриптор:
ҚБ: бірін-бірі бағалау. Бір-бірлеріне ауызша кері байланыс береді. | Үлкен, бос кеңістік, ойын алаңы, белгілеуге арнаған бор, ысқырық, шеңбер(круг), баскетбол добы «Балаларға арналған қозғалмалы ойындары» сілтемесі: | ||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин. | Сабақты қорытындылау.
Оқушылар өз жұмыстарын «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды. Рефлексия: - нені білдім, нені үйрендім? - нені толық түсінбедім? - немен жұмысты жалғастыру қажет? бәрін жақсы түсіндім. Енді түсініп келемін Түсінбедім Барлығын түсіндім | Құрал-жабдықтарды жинау. Кері байланыс үшін парақ | ||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||
|
| Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру; Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу; Өзгелердің пікірін сыйлай отырып, олармен жұмыс жүргізу Қауіпсіздік ережелерін мұқтят сақтау Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету; Әр оқушының жүріс-тұрысын жіті назарда ұстау. Өзгелермен жұмыс, пікірді құрметтеу. | ||||||||||||
Рефлексия Сабақ мақсаттары/меңгеру мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? |
| |||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру