Төзімділікті дамытуға бағытталған ойындар. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 60 сабақ.


3 сынып

5 бөлім:Денсаулық және физикалық белсенділік.

Сабақтың тақырыбы: Төзімділікті дамытуға бағытталған ойындар.

Оқу мақсаты:

3.1.3.3. Уақытты, кеңістікті және бірқалыптылықты түсінетінін көрсететін машықтарды және жүйелілікті дамыту және жетілдіру

Сабақ мақсаты:

Уақытты, кеңістікті түінетіндігін дамытады және жаттығуларды дұрыс әрі тиімді орындайды.

Бағалау критерийлері:

- кеңістікті және бірқалыптылықты жетілдіреді;

- дене жаттығуларын және тапсырманы дұрыс орындайды;

- жаттығулардың пайдасын біледі.

Бөлім мен тақырыпқа қысқаша шолу

Оқушылар бұл бөлімде өздерінің денсаулығы мен физикалық белсенділігін арттыратын түсінігі үшін әр түрлі қозғалмалы ойындарға қатысады. Оқушылар дем алу жиілігі мен демді қалпына қалпына келтіру, физикалық салмақ салу процессіндегі өзгерістер аспектісін талқылайды. Тапсырмаларды ұсыну арқылы оқушыларыдың шығармашылық қабілеттерін байыту, оларға денсаулықтың мазмұндылығын және функционалды белсенділіктен хабардар ету. Негізгі физикалық қасиеттерін дамыту үшін оқушыларға қос қостан, топтағы көп көлемді әр түрлі физикалық қызметтер ұсынылады.

«Тақырып көлеміндегі әрекеттер»

Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық киімдеріне назар аудару. Оқытушы сынып ішінде жарақаттанудың алдын алу үшін қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықты жүргізеді.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы және мақсатынмен таныстыру.

Орында жасалатын жаттығулар. Оңға, солға, айналу жаттығулары.

Жүру кезінде жасалатын жаттығу. Аяқтын ұшымен, өкшемен,аяқтың сыртқы қырымен, аяқтың ішкі қырымен, жартылай отырып,толық отырып жүру.

Жүгіру барысында жасалатын жалпы дене дамыту жаттығулары

Оң қапталман қолды алдыға айналдырып жүгіру

Кері бағытта сол қапталман қолды артқа айналдырып жүгіру

Тізені жоғарыға көтеріп жүгіру

Өкшені артқа лақтырып жүгіру

Қолды белге қойып,аяқты алдыға қайшылап жүгіру

Артпен жүгіру

Тынысты қалыпқа келтіру

Үлкен шеңбер бойына тұрып жалпы дамыту жаттығуларын орындау.

Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.

«Төзімділікті дамытуға бағытталған ойындар»

Оқушыларды бірнеше топтарға тең бөліп, эстафеталық ойындар арқылы мақсатқа жетуді көздеу. Оқушыларды топтарға бөліп, сапқа тұрғызып, эстафеталық ойындарды түсіндіру, көрсету және топтарды жарыстыру. Мақсаты: оқушылардың төзімділік, икемділік, ептілік дағдыларын жетілдіру. Оқушылар үш топқа бөлініп, топтағы ойыншылар кезекпен тапсырманы орындап жарысады.

1. Оқушылар эстафеталық ойынның бірінші кезеңінде бір-бірінің артына сапқа тұрады да, топ басшылары белгілі қашықтықта оларға қарсы қарап тұрады. Топ басшыларының қолында доп болады. Мұғаім белгі бергенде, топ басшысы допты бірінші тұрған оқушыға лақтырады, ол қайта топ басшысына береді де, отырып қалады. Топ басшысы келесі оқушыға лақтырады, қайта алады. Осылай топтағы оқушылардың барлығы допты қағып алып, қайта лақтырғанға дейін жалғасады. Жеңіске бірінші аяқтаған топ жетеді.

2. Әр ойыншы резеңке допты екі тізенің ортасына қысып, қос аяқпен түсірмей секіріп барып, секіріп келулері тиіс. Егерде ойыншы допты түсіріп алса, сол жерден ойынды жалғастырады.

3. Оқушылар баскетбол добын жерге ұрып жүгіруден жарысады. Бастаушы оқушы кедергілердің арасымен допты жерге ұрып барып, өз белгісін айналып, қайтарда жерге түзу ұрып, жүгіріп келеді. Келесі оқушыға лақтырмай алып берулері тиіс.

Бағалау: Әр эстафеталық ойынды ойнатып болғаннан кейін, қорытынды жасап отыру. Кемшіліктерді атап, немесе оқушыларды талпындыру мақсатында мақтау, мадақтау сөздермен қолдау көрсету қажет.

1-ойында оқушылар допты ез қағып алып, тез лақтырулары керек. Ойын олардың зеректік қабілетерін анықтау үшін.

2-секіру дағдыларын жетілдіру масатында, оқушылардың икемділік қабілеттерін жақсарту мақсатында.

3-тапсырмада оқушылар, допты игеріп алып жүру мақсатында доппен жұмыс жасайды. Эстафетаның бұл түрін бірнеше рет қайталап орындауға болады. Бұл оқушылардың ептілік, жылдамдық қабілеттерін арттыру мақсатында.

Күтілетін нәтиже:

- Негізгі қозғалыс дағдыларын меңгеру;

- Қозғалыс үйлесімділігі мен нақтылықты меңгеру;

- Зерттеушілік дағдылардың пайда болуы;

- Спорт түрлеріне, дене жаттығуларына деген қызығушылықтың оянуы ;

- Талдау, таңдау, достық қарым-қатынас орнату мен біріккен іс-әрекет жасай білу

Рефлексия. Сабаққа берілетін кері байланыс.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу