Төзімділікті дамытуға бағытталған ойындар. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 62 сабақ.
3 сынып
5 бөлім:Денсаулық және физикалық белсенділік.
Сабақтың тақырыбы: Төзімділікті дамытуға бағытталған ойындар.
Оқу мақсаты:
3.1.3.3. Уақытты, кеңістікті және бірқалыптылықты түсінетінін көрсететін машықтарды және жүйелілікті дамыту және жетілдіру
Сабақ мақсаты:
Уақытты, кеңістікті түінетіндігін дамытады және жаттығуларды дұрыс әрі тиімді орындайды.
Бағалау критерийлері:
- кеңістікті және бірқалыптылықты жетілдіреді;
- дене жаттығуларын және тапсырманы дұрыс орындайды;
- жаттығулардың пайдасын біледі.
Бөлім мен тақырыпқа қысқаша шолу
Оқушылар бұл бөлімде өздерінің денсаулығы мен физикалық белсенділігін арттыратын түсінігі үшін әр түрлі қозғалмалы ойындарға қатысады. Оқушылар дем алу жиілігі мен демді қалпына қалпына келтіру, физикалық салмақ салу процессіндегі өзгерістер аспектісін талқылайды. Тапсырмаларды ұсыну арқылы оқушыларыдың шығармашылық қабілеттерін байыту, оларға денсаулықтың мазмұндылығын және функционалды белсенділіктен хабардар ету. Негізгі физикалық қасиеттерін дамыту үшін оқушыларға қос қостан, топтағы көп көлемді әр түрлі физикалық қызметтер ұсынылады.
«Тақырып көлеміндегі әрекеттер»
Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық киімдеріне назар аудару. Оқытушы сынып ішінде жарақаттанудың алдын алу үшін қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықты жүргізеді.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы және мақсатынмен таныстыру.
Орында жасалатын жаттығулар. Оңға, солға, айналу жаттығулары.
Жүру кезінде жасалатын жаттығу. Аяқтын ұшымен, өкшемен,аяқтың сыртқы қырымен, аяқтың ішкі қырымен, жартылай отырып,толық отырып жүру.
Жүгіру барысында жасалатын жалпы дене дамыту жаттығулары
Оң қапталман қолды алдыға айналдырып жүгіру
Кері бағытта сол қапталман қолды артқа айналдырып жүгіру
Тізені жоғарыға көтеріп жүгіру
Өкшені артқа лақтырып жүгіру
Қолды белге қойып,аяқты алдыға қайшылап жүгіру
Артпен жүгіру
Тынысты қалыпқа келтіру
Үлкен шеңбер бойына тұрып жалпы дамыту жаттығуларын орындау.
Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.
«Төзімділікті дамытуға бағытталған ойындар»
Оқушылар мен бүгінгі сабақтың мақсатын игеруде оларды тапсырмалармен таныстыру. Яғни, қимыл-қозғалыс ойындары арқылы мақсатқа жетуді көздеу.
« Құстар мен мысық» ойынын ойнату
Жерге шеңбер сызылады. Ортаға тәрбиеші таңдаған бала болып тұрады. Қалған балалардың бәрі шеңберді айнала тұрады, бұлар құстар. Құстар шеңберді айнала жүріп дәндерді шоқиды. Мысық оянып кетіп, құстарды көреді де, оларды ұстай бастайды. Құстар шеңберден ұшып кетуге асығады. Мысық шеңбердегі қай құсқа тиіп кетсе, ол ұстаған болып есептеледі де ортаға келеді. Мысық 2-3 құсты ұстаған кезде тәрбиеші жаңа мысықты таңдап алады. Ұстап алған құстар барлық ойыншыларға келіп қосылады. Ойын 2-3 рет қайталанады.
«Ортаға түспек» ойынын ойнату
Ойынға қатысушылар екі командаға бөлінеді. Ойын үлкен алаңда өтуге тиіс. Жерге көп бала сиятындай үлкен төртбұрыш сызылады. Бірінші команда сол төртбұрыштың ішіне енеді де, екінші команда сыртында орын алады. Ойын басталған соң, сыртындағы ойыншылар тік төртбұрыштың ішіндегі ойыншыларды бір доппен дәлдеп ұра бастайды. Доп тиген бала сызықтың сыртына шығарылады. Егер ол денесіне дарытпай, әр жерге түсірілмей допты қағып алса, сыртқа шығарылғандардың біреуін кіргізіп алады. Тік төртбұрыштың ішінде жалғыз ойыншы қалғанда ұтып жатқан команда оған 10 не 20 рет ойналуға ойын бұйырады. Ол бұл сыннан құламай өтсе, сырттағы командаластарын түгел ішке кіргізіп алады. Егер айнала алмай, құлап қалса, өзі де сыртқа шығып, ішке ұтқан команда кіреді.
Дискрипторлар:
- Оқушылар ойындарда қауіпсіздікті сақтайды;
- Ойынды өз ережесімен ойнайды;
- Топта белсенділік танытып, бірлесіп жұмыс жасайды.
Бағалау. Оқушыларды әр ез ойын барысында кемшіліктеріне кері байланыс беріп, іс-әрекеттерді ашық сұрақ жауап арқылы бағалап отыру. Оқушылардың ойын барысындағы іс-әрекеттерін бақылап, мақтау, мадақтау сөздері арқылы бағалап отыру.
Күтілетін нәтиже:
- Негізгі қозғалыс дағдыларын меңгеру;
- Қозғалыс үйлесімділігі мен нақтылықты меңгеру;
- Зерттеушілік дағдылардың пайда болуы;
- Спорт түрлеріне, дене жаттығуларына деген қызығушылықтың оянуы ;
- Талдау, таңдау, достық қарым-қатынас орнату мен біріккен іс-әрекет жасай білу
Рефлексия. Сабаққа берілетін кері байланыс.
Бүгінгі өткізілген сабақтан оқушылардан кері байланыс алу. Сабақтан алған әсерлерін қағаздарға жазу немесе жесттер арқылы бағалауды сұрау.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру