Ұлттық ойындарға баулу. Қазақтың балалар ойыны – Жапалақтар мен қарлығаштар. Дене шынықтыру, 3 сынып, сабақ жоспары.
Кіріктірілген білім беру бағдарламасы бойынша дене
шынықтыру пәнінің қысқа мерзімді
CАБАҚ ЖОСПАРЫ №
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4-бөлім: Қазақ ұлттық ойындары. Ортақ тақырып: Сәулет. | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі. | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Ахметов Б.С. | ||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақ тақырыбы | Ұлттық ойындарға баулу. Қазақтың балалар ойыны – Жапалақтар мен қарлығаштар. | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.2.2.1 Бірлескен жұмыста көшбасшылық дағдыларды қолдану. | ||||||
Сабақ мақсаттары | Осы ойындардың туындау тарихын түсіндіру, қазақ ұлттық ойындарында бірлескен қимыл-қозғалыстар арқылы көшбасшылық қасиеттерді таныту. | ||||||
Бағалау критерийі | Бірлескен жұмыста көшбасшылық қасиеттерді қазақ ұлттық ойындары арқылы тәрбиелеу, көшбасшылық қасиеттерді түсіну және ажырату, ойын шарттарына аса көп көңіл бөлу, күш, икемділік қозғалыстағы үйлесімділік дағдыларын орындау. | ||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушыларды зерттеу диалогымен қамтамасыз ету (мысалы, жай ғана білімді көрсететін сұрақтарға жауап бермей, тұрақты талқылауға қажетті білімді пайдалану, тіл байлығын көрсету, осылайша оқушылар диалогты жүргізе алады) тактикалар, стратегиялар, идея, жағдайдың образы. | ||||||
Құндылықтарды дарыту
| Тарихқа, қазақ ұлтының дәстүріне құрметті тәрбиелеу. Өзгелер көзқарасына құрмет және өзгелерге міндеті тарапынан жауапкершілік сезімі. | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақстан тарихы, қазақ тілі, өзін-өзі тану, жас өспірімдер физиологиясы. | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Фото және бейне материалдарды оқушыларға қозғалыс өнімділіктерін өлшеу және нығайту үшін өзін-өзі бағалау, бағалау техникалары үшін қолдану; | ||||||
Бастапқы білім | Оқушылар өз қиялына жүгінеді, өйткені олар өз ойындарында мысалы: аттар, қырандар, сұңқарлар, тырналар және қарғалар секілді белгілі бір рөлдерді орындайды. Олар патриотизм дегеннің не екенін талқылап, содан соң қазақтың бірқатар ұлттық ойындарын ойнайды. | ||||||
Жоспарлардағы әрекеттер. | Б = бүкілсыныптық жұмыс. Жж = жұптық жұмыс. Тәж = оқушы тәжірибесі. Ф = формативті бағалаудың мүмкіндіктері. Т = топтық жұмыс. Ж = жеке жұмыс. К = оқытушы көрсетеді. | ||||||
Сабақ барысы. | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы | Уақытты жоспарлау: Дайындық бөлім: 8-10 мин. Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар. Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Арақашықтықты сақтау. Козғалыстағы жаттығулар тізбегі. Қолға, аяқа арналған бой жазу жаттығулары. Екі қатарға тұру. Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары. Созылуға, иілуге арналған жаттығуларды орындау. Бұлшық еттердің қозғалыстарына арналған жаттығулар кешені. Буындарды негізгі тапсырмаларды орындауға дайындау. | Әрбір әрекет түріне арналған үлкен, бос кеңістік. Мұғалімге арналған ысқырғыш. | |||||
Сабақтың ортасы
| (Б, Ж, К, Ф) Қазақтың балалар ойыны – Жапалақтар мен қарлығаштар. Бұл шапшаң әрекет ету және жылдам жүгіруге құрылған ойын. Ойынға қатысушылардың санына шек қойылмайды. Балалар екі топқа бөлінеді. Топтың бірі – қарлығаштар, екіншісі – жапалақтар болады. Араларында біреуі жүргізуші болады. Екі топ бір-бірлеріне арқаларын беріп, екіге тізіліп тұрады. Жүргізуші саптың ортасымен жүріп келе жатып, «Қар» немесе «Жап» деп дауыстап айқайлайды. Топтың атауы толық айтылмайынша орыннан қозғалуға болмайды, Жүргізуші топтардың бірінің атауын атаған сәтте аты аталған топтың ойыншылары өзге топтың мүшелерін қуа жөнеледі. Соңғылары белгіленген аумақтан асып кету үшін шашырай қашады. Қолға түскендері қуған топтың мүшесіне айналады. Осылайша ойынды қайтадан бастауға болады. Бірнеше ойынның қорытындысы бойынша жеңімпаз топ анықталады. | Әрбір әрекет түріне арналған үлкен, бос кеңістік. Мұғалімге арналған ысқырғыш, әр түрлі ұзындықтағы арқандар, шарттарын белгілейтін кеглилер. | |||||
Сабақтың соңы | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіледі: Теориялық және практикалық жаттығуларда мұғалім ұлттық ойындарды ойнаған кезде, әдеттегі қимыл-қозғалыстарға, қателерге назар аударады анықтамалар береді. Оқушылар таңдаған белгілі ойындарға балалардың қызығушылықтарын қолдап және дамытып, дағдыларын бақылау | ||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Берілген тапсырмаларды, жүйелі жаттығулар жинағының реттілігін көрсетеді. Жаттығуларды барынша біркелкі орындау, ұлттық ойындарды жалпылау. Қабілеті жоғары оқушылар ойындардағы қозғалыс әрекеттерін қайталап, сынып алдында орындалуын өз бетінше көрсету. Қозғалыс үйлесімділігіне назар аудару, көңіл бөлу. | Оқушылардың өз бетінше тапсырмамен белсенді жұмыс істеуі, өз бетінше қателерін түзеу. Ойын барысында жылдамдық, шапшаңдық сапаларын дамыту. Ойындар арқылы қозғалыс сапасын артыру. Белсенді қимыл-қозғалыс, тапсырмаларды сапалы орындауларына назар аудару. Ойындар барысында бейресми қалыптастырушы бағалаулар. | Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Сабақ барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау. | |||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру