Қазақтың ұлттық ойындарына баулу. Дене шынықтыру, 3 сынып, сабақ жоспары. 44 сабақ.


Дене шынықтыру сабағының қысқа мерзімді жоспары № 44

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4 бөлім: Қазақтың ұлттық қозғалыс ойындары

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қазақтың ұлттық ойындарына баулу.

Оқу мақсаттары

3.3.5.5. Түрлі дене қызметеріне қатысу мүмкіндігін қалай алу керектігін қарап, түсіндңру.

 Сабақ мақсаттары

Топта жұмыс жасау барысында дене қызметтерін қалай қолануды түсіну.

 Бағалау критерийлері

  • тапсырмаларды немесе ойын ойнауда дене қызметтерін саралайды;
  • іс-әрекеттерді қалай қолдануды түсінеді.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

  • қазақтың ұ лттық ойындары білімдерін талқылап көрсету

Пәнге тән лексика мен терминология:

Мыналарды қамтиды:

  • «Соқыр теке», «Қазан», «Арқан тартыс», «Жапалақтар мен қарлығаштар», «Айгөлек», «Ақсақ тырна», «Тоқта»
  • қозғалыс дағдылары;
  • жүгіру, секіру, лақтыру; тәуекел, қауіпсіздік

Диалог пен жазу үшін п айдалы сөздер мен тіркестер:

Талқылау үшін сұрақтар

  • Бұл ойында неліктен қауіпсіздік ережесін сақтауымыз қажет?
  • Бұл ойынға қандай өзгеріс енгізер едіңіз?
  • Бұл ойында қандай бұлшық ет топтарын дамытады?

Құндылықтарды

дарыту

 

 

  • ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, ұлтжандық, құрмет, командада жұмыс;
  • оқушының төзімділік, жылдамдық, ептілік және икемділік, ойлау қабілтін арттыруға, күштілік сияқты қозғалыс дағдыларын дамытады;
  • ұлттық ойындарды насихаттап, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Пәнаралық

байланыстар

Биология, физика пәндерімен байланыстырылады. (Қазақтың қозғалмалы ойындары кезінде адам ағзасына тигізетін пайдасын біледі).

АКТ қолдану дағдылары

Тақырып бойынша қазақтың ұлттық қозғалыс ойындарын АКТ арқылы көрсету.

Бастапқы білім

Оқушылар алдыңғы сыныптарда, дене шынықтыру сабақтарында алдыңғы сыныптарда немесе сабақтан тыс уақытта алған қазақтың ұлттық ойындары туралы білімдері бар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

І. Сапқа тұрғызу. Сергіту сәті. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту. «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. "Бастаймыз" деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен...қолмен... өкшемен...иықпен...құлақпен...тіземен....иекпен.... арқамен.

Мұғалім айтады: «Біз пәндерді кіріктіруді, қозғалу дағдыларын, дене қасиеттерін қауіпсіздік ережесін сақтау мен сабақ тақырыбы бойынша айту арқылы дамытуды жалғастырамыз»

Мұғалім Сіздер үшін денсаулықты сақтау нені білдіреді деп сұрақ қояды.

Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.

ІІ. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады.

(П) «Тек бір минут» стратегиясын өткізеді

Оқушылар бір-бірін бағалайды

Оқушылар тамырдың ырғағын санайды.

Мұғалім дененің құрлысын жазуды ұсынады. Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды.

Денені ширатып шынықтырғаннан кейін мұғалім оқушыларға «Көңіл-күй ағашы» стратегиясы бойынша жаттығудан кейінгі көңіл-күйді анықтауды ұсынады.

Мұғалім сұрақ қояды: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз?

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық

Сабақтың ортасы

  • ин.

(Т, Ж, ҚБ) «Қазан». Сынып екі командаға бөлінеді. Сызықтан 5, 7, 10 адым қашықтықта жерге диаметр 20 см үш шұңқыр қазылады.

Егер спорт залда өткізетін болсаңыз қорап пен жерге шеңбер сызуға болады. Ойыншылардың лақтыру реті өз ерікімен. Ойыншылар кезегімен доп лақтырады. (кіші теннис добы). Ұпай саны шеңберге түскен доптан саналады. (1 шұңқыр 5 ұпай, екінші 10 ұпай, үшінші 15 ұпай). Әр ойыншы ұш рет лақтырады. Ең көп ұпай алған командалар жеңіске жетеді.

«Казан» ойынында шұқырдың аралығына көңіл бөліңіз. Ойыншылар доп лақтырған кезде сызықтан аспау керек. Қауіпсіздік ережеі бойынша әңгіме жүргізіңіз.

Сұраңыз: Басқа балалармен бұл ойынды үйде ойнайсыздар ма? Қандай тәсілмен сіз допты лақтырдыңыз?

  • Дескриптор:
  • қазақтың ұлттық ойындарының қауіпсіздік ережесін біледі;
  • кіші допты лақтыру техникасын сақтайды;
  • допты лақтыру сәті мен көздеп лақтыру үйлесімділігін орындайды.
  • ҚБ: бірін-бірі бағалау, бақылау.

Әр қызмет түріне арналған үлкен бос кеңістік. Ысқырық, ұсақ тастар, қораптар, кіші доп, құм салынған дорбалар.

Интернет ресурсына сілтеме: «Қазан ойыны» https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D0%BD_(%D0%BE%D0%B9%D1%8B%D0%BD)

Сабақтың соңы

5 мин.

Сабақты қорытындылау.

  • Оқушыларды сапқа тұрғызып, тыныс алу жаттығулары арқылы бастапқы қалыпқа ағзаны келтіру;
  • Қол жеткен нәтижелер туралы ойлау өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру;
  • Өткен тақырып бойынша мұғалім мен оқушының талдау іс-әрекеті;
  • Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді;

Рефлексия:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?

бәрін жақсы түсіндім.

Енді түсініп келемін

Түсінбедім

Барлығын түсіндім

Құрал-жабдықтарды жинау.

Кері байланыс үшін парақ

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Үлгере алмайтын, қалып қоятын оқушылар мықты және дарынды балалардың сонынан қайталап береді
  • Кеңістікте қозғалыс сөздік қорларын кеңейту үшін жаттығып жатқан қабілетті оқушыларға қиынырақ сұрақтар қойылады.
  • Қозғалыс ойын және эстафета ойын ойнаған кезде мықты дарынды оқушылар өз креативтік ойларын және қимыл қозғалыстарын көрсете алады «Көңілді кенгуру»
  • Мұғалімнің сырттан жүріп байқауы
  • Оқушылармен тақырып бойынша әңгімелесу
  • Керек кезінде оқушылар тоқтай ала ма?
  • Оқушылар ойын ойнаған кезде ерекше қимыл қозғалыстарын көрсете ала ма?
  • Бақылау, тыңдау, сұрақтар
  • Оқушылардың қалай жүргендерін бақылау
  • Оқушылар өз-өздерін бағалау, орындаған тапсырманы талқылайды
  • Сұрақ жауап арқылы топтағы және жеке қарым-қатынас сапасын анықтау

Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру;

Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу;

Өзгелердің пікірін сыйлай отырып, олармен жұмыс жүргізу

Қауіпсіздік ережелерін мұқтят сақтау

Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету;

Әр оқушының жүріс-тұрысын жіті назарда ұстау.

Өзгелермен жұмыс, пікірді құрметтеу.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/меңгеру мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз. Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылар нені үйренді? Оқыту/оқу, Сәтті; Сәтсіз; Болашаққа жоспар.Сабақ мақсаты сабақ тақырыбына, оқушылардың жас ерекшелігіне, қимыл қозғалысқа деген қажеттіліктеріне сай қойылған.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу