Қазақтың ұлттық ойындарына баулу. Дене шынықтыру, 3 сынып, сабақ жоспары. 43 сабақ.
Дене шынықтыру сабағының қысқа мерзімді жоспары № 43
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4 бөлім: Қазақтың ұлттық қозғалыс ойындары. | Мектеп: | |||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||
Сынып: 3 сынып | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||
Сабақ тақырыбы | Қазақтың ұлттық ойындарына баулу | |||||||||
Оқу мақсаттары | 3.2.7.7. Патриотизмнің мағынасын түсіндіру, топтық және дербес дене қимылдарында өзара іс қимыл мен адал ойын көрсету 3.3.5.5. Түрлі дене қызметтеріне қатысу мүмкіндігін қалай алу керектігін қарап, түсіндіру | |||||||||
Сабақ мақсаттары | 1. Оқушылар бойындағы патриоттық қабілеттілікті ұлттық ойындары арқылы көрсету; 2. Қазақтың ұлттық ойындарын ойнау арқылы дене тәрбиесін жүзеге асыру; 3. Ұлттық құндылықтарымыз, дәстүріміз туралы мәліметтерді ұлттық ойындар арқылы тарату | |||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқудың тілдік мақсаты Оқушылар:
Пәндік лексика және терминология Мыналарды қамтиды:
Диалогқа арналған пайдалы сөз тіркестері
| |||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Құрмет, шығармашылық, әріптесін тыңдай білу. Қарым-қатынас дағдыларын дамыту, жаттығу жасау барысында сыни тұрғыдан ойлану. Сана сезім, адалдық, басқа адамдардың ойын құрметтеу, адал болу; Бір-бірін құрметтеу «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын, білімге деген қызығушылығын қалыптастыру, Отанымыздың игілігі үшін өмір бойы оқытуға, сыни ойлауды дамытуға және білім берудегі үш тілдік саясатты іске асыруға бағыттау. Мәдениетаралық түсінікті дамыту Көп жағдайда жалпы ұлттық құндылықтар мен мектеп құндылықтарын дарытамыз. Ұлттық ойындарымыз арқылы ұлттық мәдениетіміздегі құндылықтарды дарытамыз. | |||||||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақ әдебиеті, тарих (қазақ батырларының ұлттық салт-дәстүрді сақтап, елін, жерін қорғап, ұлттық ойындар арқылы атқа мініп, күш, ептілік, шымырлық, батырлық қабілеттерін шыңдаған. ) | |||||||||
АКТ қолдану дағдылары | АКТ қолдану арқылы ұлттық ойындардың ойналу ережелерін оқушыларға көрсету. Компьютер, қалта телефондары, дағдыларды талдау үшін компьютер, фотоаппарат, фото карточкалар қолдану | |||||||||
Бастапқы білім | Бұл бөлімде оқушылар әділ ойын мен ынтымақтастық дағдыларын бекітіп, қазақтың ұлттық және қозғалмалы ойындармен танысуды жалғастырады. | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы 10 мин. | «Тақырып көлеміндегі әрекеттер» Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Бүгінгі сабақтың мақсатымен, тақырыбымен таныстыру. Қыздырыну жаттығуларын орнына көше ойыны «Қуыспақ» ойынын ойнату. Оқушылар 2 минут белгіленген алаңда бір-бірін қуысады. Осы уақыттан кейін олар жұптасады, жұппен бірге ойынды жалғастырады. Яғни, бірге қашады, бірге қуады. Жұпта ажырамаулары тиіс. 2 минут уақыттан кейін ұсталған жұптар бірігеді. Соңында қалған екі жұп жалпы дамыту жаттығуларын орындатқызады. Оқушылар екіге бөлініп, шеңбер бойына тұрып ЖДЖ орындайды. | Әр іс-әрекет түрі үшін үлкен бос кеңістіктің болуы. Ысқырық, секундомер т.б | ||||||||
Сабақтың ортасы 25 мин. | «Қазақтың ұлттық ойындарына баулу» Оқушыларға қазақтың түрлі ұлттық қозғалмалы ойындарын білетіндігін сұрақ жауап арқылы талқылау. Ұлттық ойындардың ерекшеліктерін, ережелерін ортаға салу. Қандай ойын білетіндерін сұрау. Тапсырма «Қазан» ойынын ойнау. Сынып екі командаға бөлінеді. Сызықтан 5, 7, 10 адым қашықтықта жерге диаметр 20 см үш шұңқыр қазылады. Егер спорт залда өткізетін болсаңыз қорап пен жерге шеңбер сызуға болады. Ойыншылардың лақтыру реті өз ерікімен. Ойыншылар кезегімен доп лақтырады. (кіші теннис добы) Ұпай саны шеңберге түскен доптан саналады. (1 шұңқыр 5 ұпай, екінші 10 ұпай, үшінші 15 ұпай) Әр ойыншы ұш рет лақтырады. Ең көп ұпай алған командалар жеңіске жетеді. Тапсырма Түйе мен бота ойынын ойнау. Ойын көгалды жерде немесе спорт залда өтеді. Балалардың санына шек қойылмайды. Бұл ойын орыс халқының «мысық-тышқан» ойынына ұқсас. Оның басқарушының нұсқауымен бір бала түйе болады, екіншісі ботаның роліне сайланады. Қалған ойыншылар өзара қолдарынан ұстап, шеңбер бойына қатарға тұрады. Түйе шеңбердің сыртында, ал ботасы ішінде қалады. Түйе шеңбердің сыртында жүріп ботасына үйге жүр дейді. Бота жоқ, үйге бармаймын дейді. Түйе ботасын әкетпек болып қуа бастайды. Ал бота шеңбер бойымен айнала қашады. Ойын шарты бойынша бота шеңбердің ішіне кіріп-шығып, еркін қозғалып жүре алады. Ал түйені аса еркіне жібермей, кей кездерде шеңбердін ішіне еркін кіріп-шығуына әртүрлі кедергілер жасалады, яғни шеңбер бойындағы ойыншылар қысып қалады. Ақырында түйе алдап жүріп ботасын колға түсіргенде, бота жібер дейді. Түйе жібермеймін дейді. Осы сәтте шеңбер бойында тұрған ойыншылар түйені қоршап, ұстап алып:- «шөк, шөк» деп түйені шөгеруге тырысады. Түйе оған көнгісі келмегенімен көпшілік болып шөгереді, яғни жүресінен отырады. Содан кейін ойыншылар сапқа тұрып, кезек-тесіп ботадан бастап шөккен түйенін үстінен бір-бірлеп секіре бастайды. Ойын шарты бойынша түйе жүресінен екі колын жерге тіреп отырады да, үстінен секіргендерді орнынан козғалмай қолымен ғана ұстай алады. Осы кезде түйе үстінен секірген ойыншылардын кайсысын бірінщі ұстаса, сол түйенің ролін ойнайды да, екінші ұстағаны ботаның ролін ойнайды. Осылайша ойынды қайта жалғастыруға болады. Түйенің үстінен секірген ойыншы оған колымен, болмаса аяғымен тиюіне болмайды. Түйенін үстінен секіргенде мүмкіндік болғанша алысқа түсуге тырысады. Дискрипторлар:
| Әр қызмет түріне арналған үлкен бос кеңістік. Ысқырық, ұсақ тастар, қораптар, кіші доп, құм салынған дорбалар. Интернет ресурсына сілтеме: «Қазан ойыны» https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D0%BD_(%D0%BE%D0%B9%D1%8B%D0%BD) | ||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | «Сабақты қорытындылау» Соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім? - нені толық түсінбедім? - игеру үшін не қажет? деген сұрақтарға жауап іздейтін болады. Оқушылар сабақты үш тілде бағалайды. Үй тапсырмалары беріледі; Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады). | Бос кеңістік. Әрбір оқушыға «Кері байланыс картасы». | ||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
| Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз: Сабақтың кез келген кезеңінде берілген тапсырмаларға барысында оқушыларды мақтау мадақтау және ым арқылы бағалау және жаттығуларды орындау | Оқушылар ұлттық ойындардағы қозғалыс дағдыларына арналған қауіпсіздік ережелерді теория жөнінде біліп, практикада қолдана алады. | ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру