Қазақтың ұлттық ойындарына баулу. Дене шынықтыру, 3 сынып, сабақ жоспары. 45 сабақ.


Дене шынықтыру сабағының қысқа мерзімді жоспары № 45

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4 бөлім: Қазақтың ұлттық қозғалыс ойындары

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қазақтың ұлттық ойындарына баулу.

Оқу мақсаттары

3.2.7.7. Патриотизмнің мағынасын түсіндіру, топтық және дербес дене қимылдарында өзара іс қимыл мен адал ойын көрсету

3.3.5.5. Түрлі дене қызметеріне қатысу мүмкіндігін қалай алу керектігін қарап, түсіндіру.

 Сабақ мақсаттары

Топтық және дербес дене қимылдарында патриоттық сезімін, өзара іс-қимыл мен адал ойында қолдануды көрестеді.

 Бағалау критерийлері

  • топтық және дербес дене қимылдарында патриоттық сезімін көрсетеді
  • іс-әрекеттерді қалай қолдануды түсінеді.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

  • қазақтың ұ лттық ойындары білімдерін талқылап көрсету

Пәнге тән лексика мен терминология:

Мыналарды қамтиды:

  • «Соқыр теке», «Қазан», «Арқан тартыс», «Жапалақтар мен қарлығаштар», «Айгөлек», «Ақсақ тырна», «Тоқта»
  • қозғалыс дағдылары;
  • әділ ойын ереже;

Диалог пен жазу үшін п айдалы сөздер мен тіркестер:

Талқылау үшін сұрақтар

  • Бұл ойында қандай бұлшық ет топтарын дамытады?
  • Сізідің командаңыз ұтылысқа немесе жеңіске жеткенде сіз қандай күйде болдыңыз?
  • Ойын барысында сіздің әрекетіңіз қаншалықты әсер етті?

Құндылықтарды

дарыту

 

 

  • ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, ұлтжандық, құрмет, командада жұмыс;
  • оқушының төзімділік, жылдамдық, ептілік және икемділік, ойлау қабілтін арттыруға, күштілік сияқты қозғалыс дағдыларын дамытады;
  • ұлттық ойындарды насихаттап, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Пәнаралық

байланыстар

Биология, физика пәндерімен байланыстырылады. (Қазақтың қозғалмалы ойындары кезінде адам ағзасына тигізетін пайдасын біледі).

АКТ қолдану дағдылары

Тақырып бойынша қазақтың ұлттық қозғалыс ойындарын АКТ арқылы көрсету.

Бастапқы білім

Оқушылар алдыңғы сыныптарда, дене шынықтыру сабақтарында алдыңғы сыныптарда немесе сабақтан тыс уақытта алған қазақтың ұлттық ойындары туралы білімдері бар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

І. Сапқа тұрғызу. Сергіту сәті. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту. «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. "Бастаймыз" деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен...қолмен... өкшемен...иықпен...құлақпен...тіземен....иекпен.... арқамен.

Мұғалім айтады: «Біз пәндерді кіріктіруді, қозғалу дағдыларын, дене қасиеттерін қауіпсіздік ережесін сақтау мен сабақ тақырыбы бойынша айту арқылы дамытуды жалғастырамыз»

Мұғалім Сіздер үшін денсаулықты сақтау нені білдіреді деп сұрақ қояды.

Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.

ІІ. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады.

(П) «Тек бір минут» стратегиясын өткізеді

Оқушылар бір-бірін бағалайды

Оқушылар тамырдың ырғағын санайды.

Мұғалім дененің құрлысын жазуды ұсынады. Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды.

Денені ширатып шынықтырғаннан кейін мұғалім оқушыларға «Көңіл-күй ағашы» стратегиясы бойынша жаттығудан кейінгі көңіл-күйді анықтауды ұсынады.

Мұғалім сұрақ қояды: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз?

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық

Сабақтың ортасы

  • ин.

(Т, Ж, ҚБ) «Тақия тастамақ». Мұғалім ойыншыларға ұлттық ойын мазмұнымен таныстырады. Ойыншылар дөңгеленіп, шеңбер құрап отырады. Бұл ойын оқушылардың жылдамдыққа, сезгіштікке, сақтыққа, дер кезінде тығырықтан шыға білуге үйретеді. Ойыншылар арасынан бір бала таңдалады да қалғандары көздерін жұмып отырулары тиіс. Таңдалған ойыншы дөңгеленіп отырған оқушылардың сыртымен ақырын жүріп, бір ойыншының артына тақияны білдірмей тастап кетеді. Мұғалімнің белгіснен кейін ойыншылар көздерін ашады. Жан жағына жылдам қарап, тақияны өзінде екенін білсе, сезсе жылдам орнынан тұруы керек. Егер орнынан дер кезінде тұра алмаса онда өз өнерін көрсетеді: тақпақ, өлең, би және т.б. Және де орнынан тез тұрып үлгірген ойыншыға ұлттық ою өрнек бейнесі беріледі. Көп ою жинаған ойыншы жеңімпаз атанады. Ойын осылайша қайталанып барлық оқушылар жүгіріп шыққанша жалғасады. Ойын алдында ойын ережесімен қауіпсіздік ережесімен танытырыңыз. Бұл ойын тактикалық білімдері мен стратегиялық ойлауды қалай дамытатыны жайлы айту қажет.

Ойын ережесін еске салыңыз:

- ойын барысында жалтақтап қарауға болмайды;

- тақиясы бар ойыншы жүргізушіні өзінің орнына дейін ғана қуып жетуге тырысады.

Ойын кезінде ойын ережелерін бұзбау. Тақия тасталғанда көзді жұмып отыру керек, қарауға болмайды. Итеруге, күш көрсетулерге жол берілмейді. Ал, егер бала орнына тұрмай ұсталса немесе тақияны өзінде екенін сезбеген жағдайда, айыбы ретінде өз өнерін көрсетеді.

2 нұсқа: Бұл ойынның тағы бір нұсқасы бар. Тақияны өзінде екенін сезген бала тақияны тастаған жүргізушіні қуып жетуі керек. Ал, жүргізуші қуған баланың орнына келіп отыруға тырысады. Егер бала жүргізушіні ұстай алмаса айыбын өтейді. Ал, қуып жетіп алса, ойынға жүргізуші сол бала болады.

Осы ойын арқылы балалар өздеріне көптеген жақсы қасиеттерді жинайды. Бұл ойын баланы жылдамдыққа, сақтыққа, көзбен көрмей есту қабілеті арқылы сезе білуге үйретеді. Сонымен қатар көпшілік алдында өз өнерін көрсете білу қасиетін қалыптастырады.

  • Дескриптор:
  • қауіпсіздік ережесін біледі;
  • қозғалысты кеңістікте тиімді пайдаланады;
  • ойында әдіс-тәсілдерді қолданады.
  • ҚБ: бірін-бірі бағалау, бақылау.

(Т, ҚБ) «Арқан тартыс». Оқушылар бірнеше топқа бөлінеді. Алаң ортасына көлденең сызық сызылады. Арқанның ортасы кішкене лентамен белгіленеді. «Арқанға жақында!» бірінші белгісі бойынша ойыншылар командада жұптарға бөлініп, бойларына қарай қатар түзеп арқанның оң және сол жақтарына тұрады. «Арқанды ұста!» екінші белгісі бойынша жұптар еңкейіп, арқанды көтереді. Мұғалімнің ысқырығы бойынша екі топ тартысқа түседі, ойыншылардың мақсаты — тартысқа түскен екі топ бірін-бірі тартып, жердегі орталық сызықтан бұрын сүйретіп өткізіп әкету. Екі топтың қай жағы орталық сызықтан қарсы топты бұрын сүйреп өткізіп әкетсе, сол жағы ұтқан болады, жеңген жағы бәйгесін алады. командалар арқанды өз жағына тартуға тырысады.

Екі топтың қай жағы орталық сызықтан қарсы топты бұрын сүйреп өткізіп әкетсе, сол жағы ұтқан болады, жеңген жағы бәйгесін алады. Командалардың бірі арқанды тартып, бақылау сызығынан 3 м кейін шегіне алған кезде (арқанның ортасындағы бауымен белгіленген жерінен), ысқырық беріліп, күрес тоқтатылады. Арқанды орнына қойып, ойынды қайталайды. Арқанды өз жағына көп рет тарта алған команда жеңіске жетеді.

  • Дескриптор:
  • арқан тартыстың ережесін біледі;
  • ойын кезінде шыншыл әділдікті ұстанады;
  • топта тиімді әрекет етеді.
  • ҚБ: бірін-бірі бағалау, бақылау.

Әр қызмет түріне арналған үлкен бос кеңістік. Ысқырық, тақия, бор.

«Қазақтың ұлттық бас киім (тақия), ұлттық ою өрнекті суреттер.

«Тақия тастамақ» ойынына сілтеме:

http://igrushka.kz/vip83/kazigr1.php

Әр қызмет түріне арналған үлкен бос кеңістік.

Арқан, кішкене лента, бор. Интернет ресурстарына сілтеме: Арқан тарту ережесі

http://kanat-dla-lazaniya.blogspot.com/2011/08/blog-post.html

Арқан тартыс ойыны https://www.youtube.com/watch?v=sU47RYbRAhs

Сабақтың соңы

5 мин.

Сабақты қорытындылау.

  • Оқушыларды сапқа тұрғызып, тыныс алу жаттығулары арқылы бастапқы қалыпқа ағзаны келтіру;
  • Қол жеткен нәтижелер туралы ойлау өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру;
  • Өткен тақырып бойынша мұғалім мен оқушының талдау іс-әрекеті;
  • Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді;
  • Оқушылар өз жұмыстарын «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.

Рефлексия:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?

Құрал-жабдықтарды жинау.

Кері байланыс үшін парақ

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Үлгере алмайтын, қалып қоятын оқушылар мықты және дарынды балалардың сонынан қайталап береді
  • Кеңістікте қозғалыс сөздік қорларын кеңейту үшін жаттығып жатқан қабілетті оқушыларға қиынырақ сұрақтар қойылады.
  • Қозғалыс ойын және эстафета ойын ойнаған кезде мықты дарынды оқушылар өз креативтік ойларын және қимыл қозғалыстарын көрсете алады «Көңілді кенгуру»
  • Мұғалімнің сырттан жүріп байқауы
  • Оқушылармен тақырып бойынша әңгімелесу
  • Керек кезінде оқушылар тоқтай ала ма?
  • Оқушылар ойын ойнаған кезде ерекше қимыл қозғалыстарын көрсете ала ма?
  • Бақылау, тыңдау, сұрақтар
  • Оқушылардың қалай жүргендерін бақылау
  • Оқушылар өз-өздерін бағалау, орындаған тапсырманы талқылайды
  • Сұрақ жауап арқылы топтағы және жеке қарым-қатынас сапасын анықтау

Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру;

Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу;

Өзгелердің пікірін сыйлай отырып, олармен жұмыс жүргізу

Қауіпсіздік ережелерін мұқтят сақтау

Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету;

Әр оқушының жүріс-тұрысын жіті назарда ұстау.

Өзгелермен жұмыс, пікірді құрметтеу.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/меңгеру мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз. Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылар нені үйренді? Оқыту/оқу, Сәтті; Сәтсіз; Болашаққа жоспар.Сабақ мақсаты сабақ тақырыбына, оқушылардың жас ерекшелігіне, қимыл қозғалысқа деген қажеттіліктеріне сай қойылған.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу