Ынтымақтастық және әділ ойын. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 46 сабақ.
Тақырыбы: Ынтымақтастық және әділ ойын.
4 бөлім: Қазақтың ұлттық қозғалыс ойындары
3-сынып
Оқу мақсаттары:
Сабақ мақсаты:
Бағалау критерийлері:
3.2.5.5. Өзінің шығармашылық тапсырмаларын және басқаларын талдау үшін конструктивті ұсыныстар жасау туралы алынған білімді пайдалану және қолдану
Қажеттілігіне қарай өзінің және басқалардың шығармашылық тапсырмаларын пайдаланады, конструктивті ұсыныстарды қолданады.
қажеттілігіне қарай өзінің және басқалардың шығармашылық тапсырмаларын пайдаланады;
қажеттілігіне қарай өзінің және басқалардың конструктивті ұсыныстарды қолданады.
Күтілетін НәТИЖЕЛЕР:
- Қазақтың ұлттық ойындарының ережесін біледі;
- Ұлттық ойындардағы жаттығуларды талапқа сай орындайды;
- Денені қыздыру жаттығуларын қалай орындауды түсінеді;
Қазақтың ұлттық ойндары кезінде ойын тәсілдерін меңереді:
- Қазақтың ұлттық ойындары оқушылардың шапшаңдық, ептілік, төзімділік қасиеттерін дамытады.
Қазақтың ұлттық ойындары
Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам. Бұл ойындардың көбісінің ежелден қалыптасқан арнайы өлеңдері бар. Өлеңдер ойынның эстетикалық әсерін арттырып, балалардың өлең-жырға деген ыстық ықыласын оятып, көңілін көтереді, дүниетанымын арттырып, еңбекке баулиды, ширықтырып, шынықтырады. Этнограф – ғалымдардың пайымдауынша, ата-бабаларымыздан бізге жеткен ұлттық ойындарымыздың тарихы Қазақстан жерінде б.з.б. бірінші мыңжылдықта-ақ қалыптасқан. Олардың ішінде тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық ойындары Азия елдерінде тайпалық одақтар мен алғашқы мемлекеттерде кеңінен тарады. Біз-дің қоғамыздағы ұлттық ойындардың негізі, шығу тегі халқымыздың көшпелі дәстүрлі шаруашылық қарекеттерінен бастау алады. Алады
Аңға байланысты ойындар: ақсерек-көксерек, аңшылар, аңшылар мен қояндар, кірпіше қарғу, қас-құлақ, ордағы қасқыр.
Малға байланысты ойындар: аларман (қойға қасқыр шапты), асау көк, бура-қотан, көксиыр, соқыр-теке, түйе мен бота.
Түрлі заттармен ойналатын ойындар: ағаш аяқ, аққала, ақпа, ақсүйек, ақшамшық, алакүшік, алты-бақан, арқан аттау, арқан тартпақ, арқан тартыс, арынды арқан, асау мәстек, асық, аттамақ, ауыртаяқ, әйкел, әуетаяқ, батпырауық, белбеу соқ, белбеу тартыс, дауыстап атыңды айтам, епті жігіт, жаяу көкпар, жемекіл, жігіт қуу, жігіт ойыны, күзетшілер, күміс ілу, қамалды қорғау, қараше, қимақ, қыз қуу, лек (шөлдік), монданақ, орамал тастау, сақина жасыру, сиқырлы таяқ, тапшы, кімнің дауысы, таяқ жүгірту, тепе-теңдік, тобық, тұтқын алу, түйілген орамал, шалма, шертпек, шілдік, хал қалай?
Зеректілікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін ойындар: айгөлек, айдапсал, атқума, аударыспақ, бағана өрмелеу, балтам шап, бөріктастамақ, бұғнай, бұғыбай, бұқатартыс, бұрыш, біз де, егер..., жасырынбақ, жаяу жарыс, көкпар, көрші, күрес, қарамырза, қассың ба, доссың ба?, қындық-сандық, орын тап, отырмақ, санамақ, сұрақ-жауап, тасымақ, тасымалдау, тең көтеру, тымпи-тымпи, ұшты-ұшты, үй үстіндегі кім?, шымбике.
Соңғы кезде қалып-тасқан ойындар: әріп таңдау, бригада, мейрамхана, нөмір, пароль, пошта, сымсыз телефон, сыңарын табу. Бұлардың ішінде бірқатар ойындар спорттық, той ойындары болып саналады. Ал енді, қазақтың ұлттық ойындарының ішінде «қуырмаш» тәрізді жас сәбилерге арналған да ойындар бар. Біз енді қазақтың ұлттық ойындарының негізгілерін талдап, тарқатсақ. Ақсүйек. Қыз-бозбалалар оны жазғы айлы түнде ойнаған.
Тапсырма
(Т, Ж, ҚБ) «Айгөлек» ойынын оқушылар екі топқа бөлініп, екі топтың арақашықтығы 15-20 адым, қаз-қатар тұрып, бір-бірінің қолынан ұстап тұрып ойнайды. Бір топ ойынды бастайды:
«Айгөлек –ау, айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек,
Бізден сізге кім керек?», деп сұрайды.
Екінші топтың ойын бастаушысы:
«Айгөлек-ау, айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек,
Сізден бізге Ақерке (қарсылас топтың есімін айтады) керек!», -деп, бір адамның атын атап шақырады да, аты аталған адам бар пәрменімен жүгіріп келіп, шақырған топтың тізбегін үзіп кетуге тырысады. Тізбекті үзіп кетсе, ол топтан қалаған адамын алып кетеді, үзе алмаса, сол топта қалып қояды. Ойын екі жақтаң бірінің адамдары таусылғанша жалғаса береді, сол топ жеңімпаз саналады. Ойын алдында ойын ережесімен қауіпсіздік ережесімен танытырыңыз. Ойын мүмкіндігінше қатты ойын бетінде емес, жұмсақ орында жүзеге асырылады.
Оқушыға ескертіңіз жүгірген кезде алдымен қолымен ұстап содан денесімен соғп шынжырды үзіп кету керек. Егер шынжырды үзетін болса сол топтың бір ойыншысын өз тобына алады, егер үзе алмаса сол топта қалып қояды.
Айгөлек ойыны.
- ойынның қауіпсіздік ережесін біледі;
- ойын кезінде шыншыл әділдікті ұстанады;
- ойын кезінде кеңістікті сезінеді.
Дескриптор:
Сабақты қорытындылау
Рефлексия:
- нені білдім, нені үйрендім?
- нені толық түсінбедім?
- немен жұмысты жалғастыру қажет?
Оқушыларды сапқа тұрғызып, тыныс алу жаттығулары арқылы бастапқы
қалыпқа ағзаны келтіру;
Қол жеткен нәтижелер туралы ойлау өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру;
Өткен тақырып бойынша мұғалім мен оқушының талдау іс-әрекеті;
Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді;
Оқушылар өз жұмыстарын «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру