Ынтымақтастық және әділ ойын. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 48 сабақ.


Тақырыбы: Ынтымақтастық және әділ ойын.

4 бөлім: Қазақтың ұлттық қозғалыс ойындары

3-сынып

Оқу мақсаттары:

Сабақ мақсаты:

Бағалау критерийлері:

3.2.6.6. Тақырыптарды, көңіл күйлер мен эмоцияларды жасау үшін композициялық идеялармен эксперимент жасау

Өздерінің шығармашылық қабілеттерін және композициялық идеяларын эксперемент жасайды.

өздерінің шығармашылық қабілеттерін және композициялық идеяларын эксперемент жасай біледі.

3.2.5.5. Өзінің шығармашылық тапсырмаларын және басқаларын талдау үшін конструктивті ұсыныстар жасау туралы алынған білімді пайдалану және қолдану

Қажеттілігіне қарай өзінің және басқалардың шығармашылық тапсырмаларын пайдаланады, конструктивті ұсыныстарды қолданады.

қажеттілігіне қарай өзінің және басқалардың шығармашылық тапсырмаларын пайдаланады;

қажеттілігіне қарай өзінің және басқалардың конструктивті ұсыныстарды қолданады.

Күтілетін НәТИЖЕЛЕР:

- Қазақтың ұлттық ойындарының ережесін біледі;

- Ұлттық ойындардағы жаттығуларды талапқа сай орындайды;

- Денені қыздыру жаттығуларын қалай орындауды түсінеді;

Қазақтың ұлттық ойндары кезінде ойын тәсілдерін меңереді:

- Қазақтың ұлттық ойындары оқушылардың шапшаңдық, ептілік, төзімділік қасиеттерін дамытады.

Қазақтың ұлттық ойындары

Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам. Бұл ойындардың көбісінің ежелден қалыптасқан арнайы өлеңдері бар. Өлеңдер ойынның эстетикалық әсерін арттырып, балалардың өлең-жырға деген ыстық ықыласын оятып, көңілін көтереді, дүниетанымын арттырып, еңбекке баулиды, ширықтырып, шынықтырады. Этнограф – ғалымдардың пайымдауынша, ата-бабаларымыздан бізге жеткен ұлттық ойындарымыздың тарихы Қазақстан жерінде б.з.б. бірінші мыңжылдықта-ақ қалыптасқан. Олардың ішінде тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық ойындары Азия елдерінде тайпалық одақтар мен алғашқы мемлекеттерде кеңінен тарады. Біз-дің қоғамыздағы ұлттық ойындардың негізі, шығу тегі халқымыздың көшпелі дәстүрлі шаруашылық қарекеттерінен бастау алады. Алады

Аңға байланысты ойындар: ақсерек-көксерек, аңшылар, аңшылар мен қояндар, кірпіше қарғу, қас-құлақ, ордағы қасқыр.

Малға байланысты ойындар: аларман (қойға қасқыр шапты), асау көк, бура-қотан, көксиыр, соқыр-теке, түйе мен бота.

Түрлі заттармен ойналатын ойындар: ағаш аяқ, аққала, ақпа, ақсүйек, ақшамшық, алакүшік, алты-бақан, арқан аттау, арқан тартпақ, арқан тартыс, арынды арқан, асау мәстек, асық, аттамақ, ауыртаяқ, әйкел, әуетаяқ, батпырауық, белбеу соқ, белбеу тартыс, дауыстап атыңды айтам, епті жігіт, жаяу көкпар, жемекіл, жігіт қуу, жігіт ойыны, күзетшілер, күміс ілу, қамалды қорғау, қараше, қимақ, қыз қуу, лек (шөлдік), монданақ, орамал тастау, сақина жасыру, сиқырлы таяқ, тапшы, кімнің дауысы, таяқ жүгірту, тепе-теңдік, тобық, тұтқын алу, түйілген орамал, шалма, шертпек, шілдік, хал қалай?

Зеректілікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін ойындар: айгөлек, айдапсал, атқума, аударыспақ, бағана өрмелеу, балтам шап, бөріктастамақ, бұғнай, бұғыбай, бұқатартыс, бұрыш, біз де, егер..., жасырынбақ, жаяу жарыс, көкпар, көрші, күрес, қарамырза, қассың ба, доссың ба?, қындық-сандық, орын тап, отырмақ, санамақ, сұрақ-жауап, тасымақ, тасымалдау, тең көтеру, тымпи-тымпи, ұшты-ұшты, үй үстіндегі кім?, шымбике.

Соңғы кезде қалып-тасқан ойындар: әріп таңдау, бригада, мейрамхана, нөмір, пароль, пошта, сымсыз телефон, сыңарын табу. Бұлардың ішінде бірқатар ойындар спорттық, той ойындары болып саналады. Ал енді, қазақтың ұлттық ойындарының ішінде «қуырмаш» тәрізді жас сәбилерге арналған да ойындар бар. Біз енді қазақтың ұлттық ойындарының негізгілерін талдап, тарқатсақ. Ақсүйек. Қыз-бозбалалар оны жазғы айлы түнде ойнаған.

Тапсырма

(Т, Ж, ҚБ) «Түйілген орамал». Сыныпты екі топқа бөлу. Әр топта біреуі «жүргізуші» болып, шеңбердің ортасына, ал қалғандары оны қоршап тұрады. Жүргізушінің «Бір, екі, үш!» деген белгісінен кейін ойыншылар алаңда бір-біріне орамалды лақтырып, жүргізушіге ұстатпауға тырысады. Ал жүргізушінің міндеті – ойыншыны қуып жетіп, иығына қолын тигізіп орамалды алу. Жүргізуші қай ойыншыдан орамалды алса, сол ойыншы жүргізуші болады. Ойын осылай жалғасады. Кез келген орамалды алып, допқа ұқсайтындай түйіп байлаңыз.Ойыншылар орамалды тек жоғарыдан береді. Осы ережені бұзған ойыншы, жүргізушімен ауысады. Ойын кезінде ойыншылар шеңберден шықпауы керек, ол үшін ойын алаңын белгілеңіз. Орамалды лақтырып беруге болады.

Берілген ойында мұғалім қауіпсіздік ережелерінің сақталуына назар аударуы қажет.

Сұраңыз: Берілген ойында оң нәтижеге жету үшін ойыншыларға қандай ұсыныс жасай аласыздар? Берілген ойында жеңіске жету үшін қандай дене қасиеттеріне ие болу керек?

«Түйілген орамал» ойыны.

- «түйілген орамал» ойынының қауіпсіздік ережесін біледі;

- шеңберді қоршап тұруды түсінеді;

- кеңістікте тиімді пайдаланады.

Дескриптор:

Сабақты қорытындылау

Рефлексия:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?

Оқушыларды сапқа тұрғызып, тыныс алу жаттығулары арқылы бастапқы

қалыпқа ағзаны келтіру;

Қол жеткен нәтижелер туралы ойлау өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру;

Өткен тақырып бойынша мұғалім мен оқушының талдау іс-әрекеті;

Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді;

Оқушылар өз жұмыстарын «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу