Ынтымақтастық және әділ ойын. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 46 сабақ.


3 сынып

4 бөлім: Қазақтың ұлттық қозғалыс ойындары

Сабақтың тақырыбы: Ынтымақтастық және әділ ойын

Оқу мақсаты:

3.2.5.5. Өзінің шығармашылық тапсырмаларын және басқаларын талдау үшін конструктивті ұсыныстар жасау туралы алынған білімді пайдалану және қолдану

3.2.6.6. Тақырыптарды, көңіл күйлер мен эмоцияларды жасау үшін композициялық идеялармен эксперимент жасау

Сабақ мақсаты:

1. Өзінің шығармашылық қабілетін пайдалану және қолдану, идеясын ортаға салу

Бағалау критерийлері:

Әділ ойын кезінде өзінің шығармашылық қабілетін қолданады және өз ойымен бөліседі.

Бөлім мен тақырыпқа қысқаша шолу

Бұл бөлімде оқушылар әділ ойын мен ынтымақтастық дағдыларын бекітіп, қазақтың ұлттық және қозғалмалы ойындармен танысуды жалғастырады. Оқушылар бұл бөлімде қозғалмалы ойындар арқылы ұлттық ойындармен танысып, әділ ойын мен ынтымақтастықты дамытады. Түрлі қазақтың ұлттық ойындарының ережесімен танысып, ойындарды ойнау арқылы ептілік, батырлық, жігірлік қабілеттерін дамыта алады.

«Тақырып көлеміндегі әрекеттер»

Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық кииімдеріне назар аудару. Қауіпсіздік ережесін таныстыру, қайталау.

Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру. Алдағы жұмыстармен таныстыру.

Жүру жаттығуларын орындау;

Жүгіру жаттығуларының түрлерімен жаттығу;

Жылдамдыққа жүгіру;

Тынысты қалыпқа келтіру

Одан кейін шеңбер бойына тұрып ЖДЖ орындайды. Шеңбер бойындағы әр оқушы бір-бір жаттығудан айтып, санақ бойынша орындатқызады.

«Айголек» ойынын оқушылар екі топқа бөлініп, екі топтың арақашықтығы 15-20 адым, қаз-қатар тұрып, бір-бірінің қолынан ұстап тұрып ойнайды. Бір топ ойынды бастайды:

«Айгөлек –ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек,

Бізден сізге кім керек?», деп сұрайды.

Екінші топтың ойын бастаушысы:

«Айгөлек-ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек,

Сізден бізге Ақерке (қарсылас топтың есімін айтады) керек!», -деп, бір адамның атын атап шақырады да, аты аталған адам бар пәрменімен жүгіріп келіп, шақырған топтың тізбегін үзіп кетуге тырысады. Тізбекті үзіп кетсе, ол топтан қалаған адамын алып кетеді, үзе алмаса, сол топта қалып қояды. Ойын екі жақтаң бірінің адамдары таусылғанша жалғаса береді, сол топ жеңімпаз саналады.

«Жапалактар және қарлығаштар».

Оқушылар екі топқа бөлінеді де бірінің арқасына бірі арқасын қаратып, екі сан құрып тұрады. Бір қатардағыларды жапалақтар екіншісін қарлығаштар деп атайды. Орталарынан біреуін ойын жүргізуші етіп алады. Ол ойыншылардың арасынан жүріп отырып, сөзін үзіп-үзіп, созып сөйлейді: қар-үзіліс-лығаш немесе жа..., ал сөз аяғын айтпайды. Сонда аты аталған топ бытырап қаша жөнеледі де, аты толық аталмаған топ оларды қуады. Ұсталған ойыншы үстаған топтың ойыншыларының қатарына қосылады.

"Жапалақтар мен қарлығаштар"

Мақсаты: балаларды адамгершілікке, мұқияттылыққа, ұжымдылыққа тәрбиелеу.

Ойын кең, жазық алаңда өтеді. Ойынға қатысқысы келетін адамға шек қойылмайды. Ойыншылар екі топқа бөлінеді де бірінің арқасына бірі арқасын қойып, екі сан құрып тұрады. Бір қатардағыларды жапалақтар деп, ал екіншісін қарлығаштар деп атайды. Сосын жүргізушіні тағайындап алады. Ол ойыншылардың арасынан жүріп отырып, сөзін үзіп-үзіп, созып сөйлейді: қар-үзіліс-лығаш немесе жа..., ал сөз аяғын айтпайды. Сонда аты аталған топ бытырап қаша жөнеледі де, аты толық аталмаған топ оларды қуады. Ұсталған ойыншы ұстаған топтың ойыншылар қатарына қосылады.

Ойынды өткізу тәртібі: қашушылар мен ұстаушылар алдын ала келісілген белгі бойынша ұсталғанын мойындайды. Ол үшін қашушы ойыншыға қолын тигізсе болды. Ойынның аяғында қай топтың қатысушыларының саны көп болса, сол жеңімпаз топ болып анықталады

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Бұдан шығатын қорытындыхалық ойындарын сабақаралық үзілістер мен мектептен тыс жұмыстарда пайдалану мұғалімдер ұжымының бақылау, басшылығында болуы тиіс. Бұл басшылық, бақылаусыз, педагогикалық ықпалсыз пайдаланылған ойындар оқушыларға қаншалықты әсерлі, қызықты болғанымен мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарының көздеген жерінен шыға бермейді. Бала организмі қимыл-қозғалыссыз тұра алмайды. Ол тірі организмнің өсіп, дамуының негізгі шарты. Бала мектепке дейінгі жасында түрлі ойындармен ойнап үйренген. Сондықтан ол мектепте де ойнауға, қозғалуға, жүгіруге бейім тұрады. Бұны жалпыға белгілі шындық десек, балалардың бойындагы осы күш-жігерді, ұшқыр қиялды, өмірге талпынысты, білуге деген құмарлық пен құлшынысты пайдалана отырып, соны дұрыс басқарып, бағдарлай білсек, онда біз көп нәрсені ұтқан болар едік

Күтілетін нәтиже:

- Негізгі қозғалыс дағдыларын меңгеру;

- Қозғалыс үйлесімділігі мен нақтылықты меңгеру;

- Зерттеушілік дағдылардың пайда болуы;

- Ұлтық ойындарға деген, асық ойындарына деген қызығушылықты ояту;

- Талдау, таңдау, достық қарым-қатынас орнату мен біріккен іс-әрекет жасай білу

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- игеру үшін не қажет? деген сұрақтарға жауап іздейтін болады. Оқушылар сабақты үш тілде бағалайды.

Үй тапсырмалары беріледі;

Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады).

Рефлексия



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу