Ынтымақтастық және әділ ойын. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 47 сабақ.
3 сынып
4 бөлім: Қазақтың ұлттық қозғалыс ойындары
Сабақтың тақырыбы: Ынтымақтастық және әділ ойын
Оқу мақсаты:
3.2.5.5. Өзінің шығармашылық тапсырмаларын және басқаларын талдау үшін конструктивті ұсыныстар жасау туралы алынған білімді пайдалану және қолдану
3.2.6.6. Тақырыптарды, көңіл күйлер мен эмоцияларды жасау үшін композициялық идеялармен эксперимент жасау
Сабақ мақсаты:
1. Өзінің шығармашылық қабілетін пайдалану және қолдану, идеясын ортаға салу
Бағалау критерийлері:
Әділ ойын кезінде өзінің шығармашылық қабілетін қолданады және өз ойымен бөліседі.
Бөлім мен тақырыпқа қысқаша шолу
Бұл бөлімде оқушылар әділ ойын мен ынтымақтастық дағдыларын бекітіп, қазақтың ұлттық және қозғалмалы ойындармен танысуды жалғастырады. Оқушылар бұл бөлімде қозғалмалы ойындар арқылы ұлттық ойындармен танысып, әділ ойын мен ынтымақтастықты дамытады. Түрлі қазақтың ұлттық ойындарының ережесімен танысып, ойындарды ойнау арқылы ептілік, батырлық, жігірлік қабілеттерін дамыта алады.
«Тақырып көлеміндегі әрекеттер»
Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық кииімдеріне назар аудару. Қауіпсіздік ережесін таныстыру, қайталау.
Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру. Алдағы жұмыстармен таныстыру.
Жүру жаттығуларын орындау;
Жүгіру жаттығуларының түрлерімен жаттығу;
Жылдамдыққа жүгіру;
Тынысты қалыпқа келтіру
Одан кейін шеңбер бойына тұрып ЖДЖ орындайды. Шеңбер бойындағы әр оқушы бір-бір жаттығудан айтып, санақ бойынша орындатқызады.
«Ынтымақтастық және әділ ойын»
Оқушыларды шағын топтарға бөліп, ұлттық, көше немесе қимыл-қозғалыс ойынын ойнату. Ойын ойнау барысында сұрақ-жауап арқылы оқушылардың ойынды игерудегі мақсаттарын түсіндіру. Қимыл-қозғалыс ойындары арқылы икемділік, ептілік, жылдамдылық, тез ойлап шешім шығару дағдыларын қалыптастыру.
«Ақсақ тырна». Екі топ бір бріне қарама қарсы сызықта тұрады. Оқушылар бір аяқта бір біріне қарай секіріп жылжып, бірін бірі қолымен (алақанмен) итереді. Қай топтын ойыншысы екінші аяғын жерге тигізсе ойыннан шығады. Қай топтың бір аяқта тұрған ойыншылары көп қалса, сол топ жеңіске жетеді.
Оқушылар топта «Ақсақ тырна» ойынына мысалында өздерінің ережелерін ұсынып ойнайды.
Ақ сүйек» Ойынға қатынасушылар екі топқа бөлінеді. Әр топ өзіне топ басшысын сайлап алады. Ойынды кім бірінші болып бастайтыны екі топ басшыларының жеребесі арқылы шешіледі. Әр топ өз көмбесін белгілейді. Екі топтың ойыншылары алаңға арқаларын беріп, сапқа тұрады. Бірінші болып ойын бастауға мүмкіншілік алған топтың басшысы сүйекті алыстата лақтырады. Екі топтың ойыншылары сүйекті іздеуге кетеді. Сүйекті кім бұрын тауып алса, сол көмбеге қарай жүгіреді. Қалғандары оны қуады. Қарсы жақтың ойыншысы жетіп сүйекті алатын болса, бар күшін салып, оны өз көмбесіне жеткізуге тырысады.
Топтың басқа ойыншылары да көмекке келеді. Ойын жалғасып қайталанып ойналады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Бұдан шығатын қорытынды — халық ойындарын сабақаралық үзілістер мен мектептен тыс жұмыстарда пайдалану мұғалімдер ұжымының бақылау, басшылығында болуы тиіс. Бұл басшылық, бақылаусыз, педагогикалық ықпалсыз пайдаланылған ойындар оқушыларға қаншалықты әсерлі, қызықты болғанымен мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарының көздеген жерінен шыға бермейді. Бала организмі қимыл-қозғалыссыз тұра алмайды. Ол тірі организмнің өсіп, дамуының негізгі шарты. Бала мектепке дейінгі жасында түрлі ойындармен ойнап үйренген. Сондықтан ол мектепте де ойнауға, қозғалуға, жүгіруге бейім тұрады. Бұны жалпыға белгілі шындық десек, балалардың бойындагы осы күш-жігерді, ұшқыр қиялды, өмірге талпынысты, білуге деген құмарлық пен құлшынысты пайдалана отырып, соны дұрыс басқарып, бағдарлай білсек, онда біз көп нәрсені ұтқан болар едік.
Күтілетін нәтиже:
- Негізгі қозғалыс дағдыларын меңгеру;
- Қозғалыс үйлесімділігі мен нақтылықты меңгеру;
- Зерттеушілік дағдылардың пайда болуы;
- Ұлтық ойындарға деген, асық ойындарына деген қызығушылықты ояту;
- Талдау, таңдау, достық қарым-қатынас орнату мен біріккен іс-әрекет жасай білу
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім?
- нені толық түсінбедім?
- игеру үшін не қажет? деген сұрақтарға жауап іздейтін болады. Оқушылар сабақты үш тілде бағалайды.
Үй тапсырмалары беріледі;
Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады).
Рефлексия
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру