Гимнастикалық жаттығулардағы реттілік. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 36 сабақ.


Тақырыбы: Гимнастикалық жаттығуларындағы реттік

3 бөлім: Акробатика негіздерінде гимнастика

3-сынып

Оқу мақсаттары:

3.1.4.4 Өзінің күшті жақтары мен кемшіліктерін анықтайды және басқалардың жаттығуларды орындау сапасын талқылаубілу

Сабақ мақсаты:

Өзінің күшті және кемшілік жақтарын анықтайды;

Басқалардың жаттығуларды орындау сапасын талқылайды.

Бағалау критерийлері:

қимыл-қозғалыс комбинацияларын, реттілікпен орындайды;

гимнастикалық қозғалыстардың қалай орындалу керектігін түсінеді

Күтілетін НәТИЖЕЛЕР:

- Берілген жаттығуларды талапқа сай орындайды;

- Денені қыздыру жаттығуларын қалай орындауды түсінеді;

- Топталудың түрлерін атайды және орындайды, жаттығуларды ретімен орындайды;

- Өз қозғалысының жақсы жақтарын көрсетеді;

- Тепе-теңдікті сақтауға қатысты жаттығуларды орындауды біледі.

Гимнастикалық жаттығулардағы реттілік

Гимнастика спорт түрі - арнайы жаттығулар жүйесінен тұратын, адам денсаулығын нығайту және оның денесінің үйлесімді дамуы үшін қолданылатын дене шынықтыру мен әдістемелік тәсілдер. Қазақстанда гимнастиканың (грекше gymnastіke, gymnazіo – жаттығу жасаймын, жаттықтырамын) акробатика, көркем гимнастика және спорттық гимнастика сынды түрлері жақсы дамыған. Дене тәрбиесі жүйесінде қандай жаттығу болсын, барлығы гимнастикалық жаттығулардың негізін құрайды. Айталық, жалпы дамыту жаттығулары - спорттың барлық түрінде, ең әуелі денені қыздыру үшін, арнаулы жаттығуды орындау үшін дайындықтан басталады. Мысалы, таңертеңгілік бой жазу жаттығуларының жиынтығы - гимнастикалық жалпы дамыту жаттығулар жиынтығынан тұрады. Міне, сондықтан да гимнастикалық жаттығулар бүкіл спорттың негізін қалайды. Гимнастика адамның дұрыс қозғалысының, күшқуатының, сымбаттылығының, т.б. адам бойындағы барлық қабілет қасиетінің дұрыс қалыптасуының негізгі көзі, денсаулығының дұрыс қалыптасуы. Жалпы адамның адами болмысын қалыптастырады. Гимнастикамен шұғылдану деген сөз - адамның өзін-өзі тіршілікке қалыптасуға дайындауы болып табылады. Гимнастикалық жаттығуларды қолдану жан-жақтылық қана емес, ағзаға сапалы да ықпал етуі (дененің жеке бөліктеріне, бұлшық етерге және буындарға) гимнастиканы жоғарғы оқу орнында дене тәрбиесінің маңызды бір құралы етеді. Көне дәуірлерде гимнастиканың негізгі жаттығу кұралы гимнастикалык таяқша болған, кейіннен соғынды доп, шведтік кереге, брусья т.б пайда болган.Жаттығулар сол құралдар арқылы даму жолында пайда болған...Спорттық гимнастика – спорттың негізгі түрлерінің бірі; еркін жаттығулар, таянып секіру және снарядтардағы жаттығуларды қамтиды.

Тапсырма

(Т, ЖЖ, Ж, ҚБ) 1.Оқушылар кіші топтарда өрмелеп шығуға арналған тапсырмаларды құрастырады. 2.Оқушылар құрастырылған тапсырмаларды орындайды. 3.Оқушылар орындалған тапсырмаларын талқылайды және бағалайды.

Тапсырмалар үлгісі:

1.Қисайып тұрған гимнастикалық орындыққа отырған қалыптан, тұрған қалыптан, тізеде тұрып және қарынға жатып, өрмелеп, қолмен тартылу арқылы шығады; гимнастикалық қабырғада бір уақытта қолды ауыстыра ұстап, аяқты қою арқылы; гимнастикалық бөрененің (биіктігі 60 см дейін) үстінен аттап өтуге(өрмелеп).

2. Тапсырма бойынша қисайып тұрған гимнастикалық орындық (30°бұрышта орналасқан) арқылы өрмелеп, гимнастикалық қабырғаға шығу; тапсырма бойынша гимнастикалық қабырғадан гимнастикалық орындыққа ауысу арқылы өрмелеу; биіктігі 1 метрге дейінгі кедергінің ұстінен аттап өту; арқанды аяқпен қысып ұстау; арқанда аяқпен қысып ұста. Жаттығу орындау барысында сақтандыру шараларын қамтамассыз ету.

Тапсырма

- қауіпсіздік ережесін біледі;

- - кіші топта өрмелеп шығуды түсінелі;

- берілген тапсырмаларды тиімді орындайды

Дескриптор:

Сабақты қорытындылау

Рефлексия:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?

Оқушыларды сапқа тұрғызып, тыныс алу жаттығулары арқылы бастапқы қалыпқа ағзаны келтіру;

Қол жеткен нәтижелер туралы ойлау өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру;

Өткен тақырып бойынша мұғалім мен оқушының талдау іс-әрекеті;

Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді;

Оқушылар өз жұмыстарын «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу