Гимнастикалық жаттығулардағы реттілік. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 33 сабақ.


3 сынып

3 бөлім: Акробатика негіздерінде гимнастика

Сабақтың тақырыбы: Гимнастикалық жаттығулардағы реттілік.

Оқу мақсаты:

3.1.5.5 Орындау және бағалау кезінде бірқатар іс-қимылдарды, кеңістікті, динамиканы және байланыстарды көрсету және анықтай білу

3.1.4.4 Өзінің күшті жақтары мен кемшіліктерін анықтайды және басқалардың жаттығуларды орындау сапасын талқылау

Сабақ мақсаты:

Гимнастика сабағында іс-қимылдардың динамикасы мен байланысын көрсетеді және өзінің жетістіктерін анықтайды, басқалардың орындау сапасын талқылайды.

Бағалау критерийлері:

- Оқушылар жатығулардың динамикасын, іс-қимылын көрсете біледі және байланыстарды анықтай алады;

-Олар өзінің күшті жақтары мен кемшіліктерін анықтай алады және басқалардың орындау сапасын талқылайды.

Гимнастикалық жаттығулардың әсері:

Дене тәрбиесінің негізгі құралдарына:

- Дене жаттығулары;

- Гимнастика;

- Ойын;

- Туризм;

- Спорт;

- Табиғи фарторлар жатады.

Дене жаттығулары – бұлшық ет жүйесін, қан айналымын және тыныс алу мүшелерінің жұмысын дамытады.

Ойын – оқушыларды жылдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелейді. Ойын барысында оқушылар белсенді, тапқыр, ұйымшыл болуға дағдыланады.

Туризм – оқушыларды төзімділікке, ұжымшылдыққа, еңбек сүйгіштіккке және қолайсыз сыртқы жағдайларда кездесетін қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді.

Спорт – оқушылардың денсаулығын нығайтатын, дене күшін, қозғалыс дағдыларын және мральдік еріктік қасиетін дамытатын дене тәрбиесінің құралы

Дене тәрбиесінде маңызды құралдардың бірі

табиғи факторлар. Оларға күн көзі, ауа, суға шомылу, душ қабылдау жатады. Табиғат факторларын балалардың денесін сауықтыру жұмысы кезінде пайдалану өте тиімді.

Гимнастикаарнайы жаттығулар жүйесінен тұратын адам денсаулығын нығайту және оның денесінің үйлесімді дамуы үшін қолданатын дене шынықтыру мен әдістемелік тәсілдер.

Гимнастика адамның дұрыс қозғалысының, күш қуатының, сымбаттылығымен т.б адам бойындағы барлық қабілет қасиетінің дұрыс қалыптасуының негізгі көзі, денсаулығын дұрыс қалыптасуы. Жалпы, адамның адами болмысын қалыптастырады.

Бөлім мен тақырыпқа қысқаша шолу

Бұл бөлімде оқушылар гимнастикалық жаттығулар сериясы арқылы ептілікке, күшке, иілгіштікке, шыдамдылыққа, тепе-теңдік сақтауға және корординацияға арналған ойындар ойнайды.

Бөлім оқушылардың аэробика мен қозғалмалы ойындар көмегімен тепе-теңдіктегі жаттығуларды, акробатикадағы гимнастикалық дағдыларын жетілдіруге көмектесетін жекелей, жұптық және топтық тапсырмалардың бірқатар қимыл әрекеттерін қамтиды.

Тақырыпқа сай, тапсырмалардың орындалуы.

Тақырыпқа сай оқушы іс-әрекеті:

Тапсырмалар

Гимнастикалық жаттығулардан кешенді жаттығулар жиынтығын көрсету.

1. артқа аунау

2. жауырынға тұру

3. көпірге тұрып бір аяқ немесе бір қол көтеріп аударылып түсу

4. шпагатқа отыру (түрлі әдісте)

5. секіріп алға аунау

6. колесо жасау

7. жартылай сальто айналу

 

Дискриптор:

Осы жаттығуларды ұлдар және қыздар бірге орындап, көрсету қажет. Әр оқушы жекелей жұмыс жасап, кешенді жаттығулардың кем дегенде 4-5 түрін қосып көрсету. Оқушылар бірін-бірі бағалайды. Бір-біріне жаттығудың орындау әдістері бойынша көмек көрсетеді.

Тақырыпқа сай, тапсырмалардың орындалуы.

Артқа аунау

Жауырынға тұру

Шпагатка отыру

Көпірге тұрып бір аяқ немесе бір қол көтеріп аударылып түсу

Тақырыпқа сай, тапсырмалардың орындалуы.

Секіріп алға аунау

Колесо жасау

Ішке жатып, аяқ қолды көтеріп, тербетілу

Алға секіріп сальто жасау

Денені қыздыру адам ағзасына жақсы жүктеме бола ала ма? Денсаулықты күту бізге не береді?

Оқушының дене дайындық формасы дамиды, қозғалыс үйлесімділігі пайда болады;

Денсаулықты күту, таң ертеңгілік жаттығу орындау деген сияқты түсініктер игеріледі;

Оқушы ішкі эмоцияларын жаттығумен нақты жеткізуге үйрененеді, шығармашылық белсенділік артады;

Енжар оқушылардың ортақ жұмыс арқылы ашылуына көмектеседі;

Жас ағзаның жазылып, еркін қозғалу мүмкіндігін сынайды;

Денсаулыққа деген махаббат тәрбиеленеді;

Қозғалыс қабілеттерін дамытуға, жетілдіруге қалыптастырады

Күтілетін нәтиже:

Негізгі қозғалыс жаттығуларын меңгеру;

Қозғалыс үйлесімділігі мен нақтылықты меңгеру;

Зерттеушілік дағдылардың пайда болуы;

Әлемдік мәдени құндылықтарды білу, ұлттық мәдени құндылықтарды қастерлейтін азаматтар тәрбиелеу;

Дене жаттығулары мен денсаулықты күту қызығушылықты ояту;

Талдау, таңдау, достық қарым-қатынас орнату мен біріккен іс-әрекет жасай білу;

Психологиялық, физикалық жүктемелерге еркін жауап бере алады

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- игеру үшін не қажет? деген сұрақтарға жауап іздейтін болады. Оқушылар сабақты үш тілде бағалайды.

Үй тапсырмалары беріледі;

Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады).

Рефлексия



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу