Қозғалмалы ойындардағы қозғалыс дағдылары. Дене шынықтыру, 3 сынып, сабақ жоспары. 14 сабақ.
Дене шынықтыру сабағының қысқа мерзімді жоспары № 14
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім – Қозғалыс және спорт ойындар | Мектеп: | |||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Қозғалмалы ойындардағы қозғалыс дағдылары | |||||||||||||
Оқу мақсаттары | 3.2.8.8 Қарапайым әрекеттерді орындау кезінде айырмашылықтарын түсіндіре отырып, өзінің және басқаларының рөлін көрсету | |||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Қозғалмалы ойын кезінде рөлдердегі айырмашылықты түсіндіреді және басқаларға көрсетеді. | |||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар:
Пәнге тән лексика мен терминология: Мыналарды қамтиды:
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Талқылау үшін сұрақтар • Сізге серіктестікпен жұмыс жасау ұнайма? • Сіз айта аласыз ба, ойындарды әділ ойнап түбегейлі ережесін неге олай сақтадыңыз? | |||||||||||||
Құндылықтарды даруыту
| Жаттығу жасау барысында сыни тұрғыдан ойлану, оқушының төзімділік, жылдамдық, күш, ептілік және икемділік сияқты қозғалыс дағдыларын дамыту, оқушыларды өмір бойы салауатты өмір салтын ұстануға бағыттай отырып, алынған дағдыларды қолдануға ынталандыру, бір-бірін құрметтеу, ұлттық идеясын, білімге деген қызығушылығын қалыптастыру. | |||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Физика (доппен ойынау барысында допты лақтырып, ұшырған кезде, ұшу траекториясын анықтайды) | |||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Қозғалмалы ойындардағы қозғалыс дағдыларын видео және суреттер арқылы көру, ғаламтор ресурстарын қолдану. | |||||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар бұл бөлімде қозғалысты үйлестіру үшін қозғалмалы және спорттық ойындар арқылы командада жұмыс атқару және қозғалыс дағдыларын, доппен ойын, жылдамдық реакциясын дамытатын ойындар ойнайды. Топтық және жұптық жұмыс істеу арқылы қозғалмалы және спорттық спектірлік қозғалыс дағдыларын дамытуға көмектеседі. | |||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||
Сабақтың басы 10 мин | І. Сапқа тұрғызу. Сергіту сәті. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту. «Сантики, Фантики, Лимпопо» ойыны. Барлығы шеңбер бойымен тұрып, бір оқушыны таңдайды да бөлменің сыртына шығарады. Шеңбердегі оқушылардың ішінен бір оқушыны жүргізуші етіп сайлайды, ол шеңбердегі оқушыларға қозғалыстарды көрсетіп тұрады. Барлық ойыншылар жүргізушінің артынан көрсеткен қимылдарды қайталау керек. Қимылдарды қайталаған кезде жүргізушіге қарамай, білдіртпей жасау керек. Шеңбердегі оқушылар шапалақ ұрып, «САНТИКИ, ФАНТИКИ, ЛИМПОПО» деп айтып ойынды бастайды. Бөлме сыртында тұрған ойыншы ойыншылардың дауыстарын естіп, бөлмеге кіреді де шеңбердің ортасына тұрып, кім жүргізуші екенін табу керек. Егер жүргізушіні тапса, жүргізуші есіктің сыртына шығады. Мұғалім айтады: «Біз пәндерді кіріктіруді, қозғалу дағдыларын, дене қасиеттерін қауіпсіздік ережесін сақтау мен сабақ тақырыбы бойынша айту арқылы дамытуды жалғастырамыз» Мұғалім Сіздер үшін денсаулықты сақтау нені білдіреді деп сұрақ қояды. Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады. Кеңістікте топпен жүгіргенде неге сақ болу керек екенімізді айта аласын ба? Орташа қалыпта жүгіру, алаңның оң жағынан сол жағына қарай . 1. Екі қол жоғарыда аяқтың ұшымен, екі қол белде өкшемен жүру. 2. Жеңіл жүгіріске көшу . 3. Аяқты артқа, қолға жеткізе жүгіру, екі қол алдыда тізені биік көтере жүгіру. 4.Оң және сол жақ қырымен адымдап жүгіру, екі қол белде 5. Жылдамдыққа жүгіру 6. Қолды екі жақтан тыныс ала көтеріп , түсіру, демді қалпына келтіру. Ж.Д.Ж. орнында ІІ. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады. «Тек бір минут» стратегиясын өткізеді Оқушылар бір-бірін бағалайды | Үлкен, бос кеңістік, ойын алаңы, пішіндерді белгілеуге арнаған бор, жалаушалар, ысқырық. Жолдарды салуға арналған ленталар. | ||||||||||||
Сабақтың ортасы 25 мин.
| (Б, Т) Оқушылар «Түлкі мен тауықтар» ойынын ойнайды. Дабыл бойынша «тауықтар» біресе жүгіреді, біресе «тауық қонақтайтын бақанға отырады», біресе «тауық қораның» жанында жай жүреді (орындықтар «тауық қораны» бейнелейді). Екінші бекітілген шарт бойынша «түлкілер» «тауық қораның» жанына жиналып, кез келген жерге (еденге) тіпті бір аяғымен болса да тұрған «тауықты» ұстап алады. «Түлкілер» «отырған» тауықты қолынан ұстап, өзінің «ініне» әкеледі. Егер жолында оған «аңшы» кездессе, «түлкілер» үсталған тауықты босатады, ал өзі «ініне» қашып тығылады. Ұсталған тауық «тауық қораға» қайтарылады, одан соң барлық «тауықтар» отырған орындарынан ұшып шығады. Егер «аңшы» «түлкіні», ұстап алса, жаңа «түлкі» сайланады. Ойынды бірнеше рет ойнауға болады. Бір рет те ұсталмаған ойыншылар жеңіп шығады. Залдың ортасында төрт гимнастикалық орындықтар төрт шаршылы ағаштар қойылады, бұлар — «тауық қонақтайтын бақандар». Бір жетекші — «түлкі» және бір — «аңшы» сайланады. Қалған ойыншылардың барлығы — «тауықтар». Залдың бір бұрышында «түлкі» сиятын «ін» сызылып қойылады. Келесі бұрышта «аңшы» тұрады. «Тауықтар» «бақанның» маңайына орналасады. Оқушыларды ойынның ережелерімен таныстыру: 1. «Тауық қораға» кіріп «түлкі» бір ойыншыны ғана «ұстап алуы» мүмкін. 2. Басшының дабылы бойынша «түлкі» «тауықты» ұстағанына немесе ұстамағанына байланыссыз «тауық қораны» тастап шығуы қажет. 3. Таяқшада тұрғандар бір-біріне көмек көрсетуі (қолдауы) мүмкін. Дескриптор:
ҚБ: бірін-бірі бағалау, бақылау | Үлкен, бос кеңістік, ойын алаңы әрбір әрекет үшін. Гимнастикалық орындық, бор, ысқырық. М.Н. Жуков. Қозғалу ойындар. «Академия», М. - 2000 | ||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин. | Сабақты қорытындылау.
Рефлексия: - нені білдім, нені үйрендім? - нені толық түсінбедім? - немен жұмысты жалғастыру қажет? бәрін жақсы түсіндім. Енді түсініп келемін Түсінбедім Барлығын түсіндім | Құрал-жабдықтарды жинау. Кері байланыс үшін парақ | ||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||
|
| Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру; Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу; Өзгелердің пікірін сыйлай отырып, олармен жұмыс жүргізу Қауіпсіздік ережелерін мұқтят сақтау Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету; Әр оқушының жүріс-тұрысын жіті назарда ұстау. Өзгелермен жұмыс, пікірді құрметтеу. | ||||||||||||
Рефлексия Сабақ мақсаттары/меңгеру мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? |
| |||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру