Қозғалыс координациясына бағытталған қозғалмалы ойындар. Дене шынықтыру, 3 сынып, дидактикалық материал. 18 сабақ.


Дидактикалық материал18

Карточка №1

 Дене сымбатына арналған жаттығулар кешені

 Аяқтың ұшымен тұру, қолды жоғары көтеріп, саусақтың ұшына көз алмай қарап тұрып, кеудені жоғары қарай көтеру.

 Екі қолды дененің екі жағына, жақындатып төмен ұстап, әскери шеруде жүргендей жүру керек: аяқтың ұшын алға созып, табанды түгелдей жерге тигізіп жүру.

 Еденге отырып, аяқты айқастыру. Қолды тізеге қойып, арқаны тіктеу.

 Еденге жатып, іш пен аяқты еденге тақау, қол саусақтарын арқа жақтан айқастыра ұстау. Кеудені алға созып, басты алдыға, жан-жаққа, артқа бұру. Қолды дененің жанында ұстап, басты ғана қозғаймыз.

 Еңкейіп тұрып, басты ақырын бұру. (Омыртқаның кеуде бөлігін бүгу), екі қолды екі жаққа созу.

 Екі иықты алдыға-артқа айналдыру.

 Жамбасты тіреп жатып, кеудені артқа қарай ию.

 Бір орында тұрып, әскерлерше жүру.

  Жалпы дамыту жаттығулар

 Карточка №1

 2-нұсқа

 Б.қ. - негізгі тұрыс, қолды төмен түсіріп тұру. 1 - қолды жан-жаққа созу, демді ішке тарту; 2 - қолды төмен түсіру, дем шығару.

 Б.қ. - аяқтарын сәл алшақ қойып, қолдарын төмен түсіріп тұрады. 1 - басты оңға иіп, қолды төмен сырғытып түсіру; 2 - б.қ.-қа келу. 3 – басты солға; иіп, қолды сырғытып төмен түсіру. 4 - б.қ. Бастапқы сәтте жай, содан соң жылдам орындалады. (6 рет)

 3. Б.қ. - аяқ сәл алшақ қойылып, қолды желке тұсында.1 – денені оңға бұру, қол желке тұсында.; 2 - б.қ. 3 -денені солға бұру, қол желке тұсында.; 4 - б.қ. (6 рет).

 4. «Гайканы бұрайық» жаттығуы. Б.қ. - аяқ алшақ қойылып, қолдарын төмен түсіріп тұрады. 1- қолды алға созып, қолдың білезігін ішке қарай айналдыру. 2- «Гайканы бұрап алайық» жаттығуы. Б.қ. - аяқ алшақ, қолдарын төмен түсіріп тұрады.1 - қолды   алға созып, қолдың білезігін сыртқа қарай айналдыру.

 5. «Ағаш жару» жаттығуы. Б.қ. - аяқ сәл алшақ, екі алақанды бір-біріне қысып ұстап тұру. 1-3 - алға қарай серпіле еңкею – төмен еңкейіп, демді ішке тарту; 4 - б.қ. - дем шығару. (5-6 рет).

 6. «Киіз дайындау үшін жүн сабау». Б.қ. - тізерлеп отыру, қол төмен; денені алға қарай еңкейтіп, «жүнді шыбықпен сабағандай» оң және сол қолды кезек-кезек сермеу (6 рет).

 7. Б.қ. - қолды жоғары көтере созып, шалқалай жату. 1 – оң аяқты түзу жоғары көтеру, қолдың саусақтарын аяқтың басына тигізу. 2 - б.қ.-.-қа келу. 3 - сол аяқты түзу жоғары көтеру, қолдың саусақтарын аяқтың басына тигізу; 4 - б.қ.-қа келу.

 8. «Доптар секірді». Б.қ. - н.т., қол белде. 1-2 -3- сол аяқпен секіру. 4-5-6- оң аяқпен секіру; 7-8-9 - екі аяқпен секіру (6 рет).

  9. Б.қ. н.т.қолды шынтақтан бүгіп кеуде тұсында ұстау. 1- қолды жан-жаққа созу, демді ішке тарту. 2 - б.қа келу, дем шығару. (Шынтақты төмен түсірмеу).

 10. Тізбекпен жүру. Қолды алдыға, артқа сермеу. Қолды қарқынды түрде жоғары көтеру. Демді ішке тарту, дем шығару. Қолды жеңіл төмен түсіру. 30 сек.

 

Қозғалмалы ойындар өткізнген кездегі қауіпсіздік ережелері.

І. Жалпы қауіпсіздік талаптары.

Сабақтар тек қана жарамды спорттың құрал жабдықтарымен өткізіледі. Сабақ өтілетін жер өрт сөніруге арналған құрылғылармен (өрт сөндіргіш және т.б.) және дәрі дәрмек қорпшасымен, таңуға арналған материалмен, зақымдалушыға бірінші медициналық көмек көрестуге қажетті жабдықталуы тиіс.

Сабаққа қатынаса алатын оқушылар:

  • денсаулығының жағдайына қарай жалпы және дайындық медициналық топқа жататындар.
  • Қауіпсіздік шараларынан нұсқаулықтан өткендер.
  • Сабақтың өткізілу шартарына және тақырыбына сәйкес қозғалуға қиындық туғызбайтын спорттық аяқ киім және форма болуы.

Оқушы мендетті:

  • Тырнақтарын қысқа алулы.
  • Мұғалімнің руқсатымен спорттық жабдықтарды алып жаттығуға кірісуге болады.
  • Спорттық құрал-жабдықтарға ұқыпты қарап, оларды тиісті емес жерге пайдаланбауы.
  • Ойын ережелерін мұқият тыңдап еске сақтау керек.
  • Ойын ережелерін сақтап бұзба керек.
  • Мұғалімнің белгісі бойынша ойынды бастауға болады.
  • Ойынан шығуға тиісті ойыншылар ережеге сай, байқап басқаларға кедергі жасамай, ойын алаңын босатып орындыққа отыру керек.
  • Нұсқаулықты біліпж»не орындауы керек.

Қуғыншылар қашатындарға жармаспай арқасынан итермей, аяқтан шалмай сәл қолының ұшын тигізуі керек.

  • Қауіпсіздік шараларын сақтамаған үшін оқушы оқу процесінеқатыстырылмауы мүмкін.

Cабақ өтілу уақытында қауіпсіздік талаптары.

Доп ойындары.

Оқушы міндетті:

  • Ойыншылардың бастарына допты лақтырмауы керек.
  • Ойыншыларға доптың лақтыру күшін оларға дейінгі қашықтықтың сәйкестігін өлшеу керек.
  • Алыңдағы ойыншылар мен доптың қозғалысын бақылау керек.
  • Допқа жақын орналасқан ойыншыға, допты алуына кедергі жасамау керек.
  • Бірінші болып допқа иелік еткен ойыншыдан допты қолынан тартып алмау керек.
  • Допты өзіңе тигізбеу мақсатында құлап және еденге жатып қалмауы керек.
  • Екі қолды төменнен құшақпен допты қағып алу керек.

Дұрыс орындауы

Негізгі қателіктер

  • Белгі бойынша капитандар допты дөңгелек бойымен, яғни біреуі оңға, екіншісі солға өздерінің ең жакын ойыншысына лактыру

Ойынды ережесін дұрыс түсіндірмеуі

Тегіс жерде ойналмауы

Ойыншылардың бірнеше командаға бөлмеуі

Ойыншылар шеңбер жасап тұрмауы

Әр ойыншының арақашықтыгы бірімен-біріне қол созымды болмауы

Бірінші, екінші нөмірлерге есептелінбеуі

Бірінші нөмірлер - бір команда, екінші нөмірлер - екінші команда құрамауы

Қатар тұрған екі ойыншыны команда капитандары етіп тағайындамауы

Қолдарына бір-бір доптан болмауы

Белгі бойынша капитандар допты дөңгелек бойымен, яғни біреуі оңға, екіншісі солға өздерінің ең жакын ойыншысына лактырмауы

Команда капитанына жеткенше доп айнала дөңгелек бойымен келмеуі

  •  Допты міндетті түрде өзіне ең жақын тұрған кісіге береді.

Допты міндетті түрде өзіне ең жақын тұрған кісіге берілмеуі

Егер ойыншы оған бермесе, онда айып ұпай есептелмеуі

Егер ауада доптар түйісіп қалуы

Ойыншылар допты алып, өз орындарына келіп тұрып қалуы Ойынды әрі қарай жалгастырмауы

Дөңгелек бойымен допты тез жеткізбеуі

Айып ұпайынсыз әкелген команда жеңімпаз атанбауы

Допты міндетті түрде өзіне ең жақын тұрған кісіге бермеуі

Егер ойыншы оған бермесе, онда айып ұпай есептелмеуі

3. Дөңгелек бойымен допты тез және айып ұпайынсыз әкелген команда жеңімпаз атанады.

Оқушыларды ойынның ережелерімен таныстырмауы

Ойын ережесін дұрыс сақтамауы

Қозғалысты кеңістікте тиімді пайдаланбауы

Топпен жұмыс жасай алмауы.

Ойын кезінде тез жүгіре алмауы

Оқушылар ойынның шартын дұрыс орындамаулары

Допты жылдам дөңгелек бойымен айналдырған команда жеңімпаз болады.

  • Сабақ басталмас бұрын денені қыздыру жаттығуларын жасау керек
  • Дене қыздыру жаттығулары
  • Жүру түрлері
  • Аяқтың өкшесімен
  • Сыртқы қырымен
  • Аяқтың ұшымен
  • Жартылай, толық отырып жүру
  • Жүгіру
  • Арнаулы жүгіру жаттығулары.
  • Тынықтыру жаттығулары
  • Орнында жасалатын жаттығулар.
  • Ойын алаңын мұқият қарап шығу керек
  • Жүгіру жолдарын тексеріп шығу
  • Басқа заттардың жоқ екендігіне көз жеткізу
  • Ойынды мұғалімнің рухсатымен бастау керек
  • Жүгіру алаңына басқа оқушылардың кедергі жасамауын қадағалау

Қорытынды  бөлім

Сапқа  тұру, жай  жүгіру, жүру  тыныс  алу  жаттығуларын  жасап  бастапқы  қалыпқа  түсу.

—          Сабақты  қорытындылау

—          Үйге  тапсырам  беру

—          Ұйымдасқан  түрде  оқушыларды  тарату

Оқушылардың  бастапқы  қалыпқа  түсу  жаттығуларының  дұрыс  орындалуын  қадағалау.

Ғаламторға сілтеме: «Балаларға арналған қозғалмалы ойындар»

https://library.wksu.kz/dmdocuments/%D2%9A%D0%98%D0%9C%D0%AB%D0%9B%D0%94%D0%AB%20%D0%9E%D0%99%D0%AB%D0%9D%D0%94%D0%90.pdf



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу