Қозғалыс координациясына бағытталған қозғалмалы ойындар. Дене шынықтыру, 3 сынып, сабақ жоспары. 18 сабақ.


Дене шынықтыру сабағының қысқа мерзімді жоспары № 18

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлім – Қозғалыс және спорт ойындар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қозғалыс координациясына бағытталған қозғалмалы ойындар

Оқу мақсаттары

3.2.2.2 Әрекет мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған жұмыс барысында өзіндік және командалық жұмыстың мағынасын түсіну. Көшбасшылық рөлдерімен алмасып, жұмыс істей бастау.

 Сабақ мақсаттары

Түрлі әрекет барысында өзіндік және командалық жұмыстың мағынасын түсінеді.

Дене  жаттығуларын  орындау  кезінде  өзгенің рөлінде жұмыс істей біледі.

 Бағалау критерийлері

  • өзіндік және командалық жұмыстың мағынасын түсінеді.
  • жаттығуларды  орындау  кезінде  өзгенің рөлінде жұмыс істей біледі.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

  • қозғалу ойындарының қозғалу дағдыларын қалай дамытатынын түсінуді сипаттау және көрсету

Пәнге тән лексика мен терминология:

Мыналарды қамтиды:

  • әділ ойын, ереже, жарыстар серіктестік,
  • көшбасшылық ролдер, қорғаушы көмекші
  • кеңістіктнгі ойлау: сызық, бұрандық, кедергілер, шеңбер
  • шабуыл, қорғаныс

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Талқылау үшін сұрақтар

• Сізге серіктестікпен жұмыс жасау ұнайма?

• Сіз айта аласыз ба, күні бойы, күн сайын неге физикалық белсенді болуы маңызды?

 Құндылықтарды даруыту

 

 

Оқушылардың денсаулығын нығайту және шынықтыру, дененің дұрыс өсіп-жетілуіне әсер ету, қимыл дағдыларымен мен іскерліктерін қалыптастырау және жетілдіру, негізгі қимыл-қасиеттерін күшті, төзімділікті, шапшаңдықты және ептілікті дамыту. Топта әділ жұмыс жасауға бейімдеу, барлығын бірге, бірдей қарқынмен әрекет етуге үйрету.

Пәнаралық

байланыстар

Физика (доппен ойынау барысында допты лақтырып, ұшырған кезде, ұшу траекториясын анықтайды)

АКТ қолдану

дағдылары

Қозғалыс координациясына бағытталған қозғалмалы ойындарды АКТ немесе ұялы телефондар арқылы көрсету.

Бастапқы білім

Оқушылар бұл бөлімде қозғалысты үйлестіру үшін қозғалмалы және спорттық ойындар арқылы командада жұмыс атқару және қозғалыс дағдыларын, доппен ойын, жылдамдық реакциясын дамытатын ойындар ойнайды. Топтық және жұптық жұмыс істеу арқылы қозғалмалы және спорттық спектірлік қозғалыс дағдыларын дамытуға көмектеседі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

І. Сапқа тұрғызу. Сергіту сәті. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту. «Сантики, Фантики, Лимпопо» ойыны. Барлығы шеңбер бойымен тұрып, бір оқушыны таңдайды да бөлменің сыртына шығарады. Шеңбердегі оқушылардың ішінен бір оқушыны жүргізуші етіп сайлайды, ол шеңбердегі оқушыларға қозғалыстарды көрсетіп тұрады. Барлық ойыншылар жүргізушінің артынан көрсеткен қимылдарды қайталау керек. Қимылдарды қайталаған кезде жүргізушіге қарамай, білдіртпей жасау керек. Шеңбердегі оқушылар шапалақ ұрып, «САНТИКИ, ФАНТИКИ, ЛИМПОПО» деп айтып ойынды бастайды. Бөлме сыртында тұрған ойыншы ойыншылардың дауыстарын естіп, бөлмеге кіреді де шеңбердің ортасына тұрып, кім жүргізуші екенін табу керек. Егер жүргізушіні тапса, жүргізуші есіктің сыртына шығады. Мұғалім айтады: «Біз пәндерді кіріктіруді, қозғалу дағдыларын, дене қасиеттерін қауіпсіздік ережесін сақтау мен сабақ тақырыбы бойынша айту арқылы дамытуды жалғастырамыз»

Мұғалім Сіздер үшін денсаулықты сақтау нені білдіреді деп сұрақ қояды.

Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.

Кеңістікте топпен жүгіргенде неге сақ болу керек екенімізді айта аласын ба?

Орташа қалыпта жүгіру, алаңның оң жағынан сол жағына қарай .

1. Екі қол жоғарыда аяқтың ұшымен, екі қол белде өкшемен жүру.

2. Жеңіл жүгіріске көшу .

3. Аяқты артқа, қолға жеткізе жүгіру, екі қол алдыда тізені биік көтере жүгіру.

4.Оң және сол жақ қырымен адымдап жүгіру, екі қол белде

5. Жылдамдыққа жүгіру

6. Қолды екі жақтан тыныс ала көтеріп , түсіру, демді қалпына келтіру.

Ж.Д.Ж. орнында

ІІ. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады. «Тек бір минут» стратегиясын өткізеді

Оқушылар бір-бірін бағалайды

Үлкен, бос кеңістік, ойын алаңы, пішіндерді белгілеуге арнаған бор, жалаушалар, ысқырық. Жолдарды салуға арналған ленталар.

Сабақтың ортасы

25 мин.

(Б, Т, ҚБ) «Допты басынан асыра, аяқтың арасынан және аралас түрде беру» ойыны. Ойыншылардың бірнеше командаға бөлу.

Ойыншылар шеңбер жасап тұрады. Әр ойыншының арақашықтыгы бірімен-біріне қол созым және бірінші, екінші нөмірлерге есептелінеді. Бірінші нөмірлер - бір команда, екінші нөмірлер - екінші команда құрайды. Қатар тұрған екі ойыншыны команда капитандары етіп тағайындап, қолдарына бір-бір доптан береді. Белгі бойынша капитандар допты дөңгелек бойымен, яғни біреуі оңға, екіншісі солға өздерінің ең жакын ойыншысына лактырады. Команда капитанына жеткенше доп айнала дөңгелек бойымен беріледі. Допты жылдам дөңгелек бойымен айналдырған команда жеңімпаз болады.

Ережесі:

1. Допты міндетті түрде өзіне ең жақын тұрған кісіге береді. Егер ойыншы оған бермесе, онда айып ұпай есептеледі.

2. Егер ауада доптар түйісіп қалып жатса, онда

ойыншылар допты алып, өз орындарына келіп, ойынды әрі қарай жалгастыруға тиіс.

3. Дөңгелек бойымен допты тез және айып ұпайынсыз әкелген команда жеңімпаз атанады.

Дескриптор:

  • қозғалмалы ойында допты тез беру дағдыларын біледі;
  • қозғалмалы ойында допты ең жақын тұрған ойыншыға беруді түсінеді;
  • допты жылдам дөңгелек бойымен айналдыруды қолданады.

ҚБ: бірін-бірі бағалау, бақылау

Үлкен, бос кеңістік, ойын алаңы әрбір қызмет үшін. ысқырық, секундомер. Ғаламторға сілтеме «Қозғалмалы ойындар»

https://library.wksu.kz/dmdocuments/%D2%9A%D0%98%D0%9C%D0%AB%D0%9B%D0%94%D0%AB%20%D0%9E%D0%99%D0%AB%D0%9D%D0%94%D0%90.pdf

Сабақтың соңы

5 мин.

Сабақты қорытындылау.

  • Құрал-жабдықтарды тиісті орындарына қою. Оқушыларды сапқа тұрғызып, тыныс алу жаттығулары арқылы бастапқы қалыпқа ағзаны келтіру;
  • Қол жеткен нәтижелер туралы ойлау өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру;
  • Өткен тақырып бойынша мұғалім мен оқушының талдау іс-әрекеті;
  • Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді;
  • Оқушылар өз жұмыстарын «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.

Рефлексия:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?

бәрін жақсы түсіндім.

Енді түсініп келемін

Түсінбедім

Барлығын түсіндім

Құрал-жабдықтарды жинау.

Кері байланыс үшін парақ

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Үлгере алмайтын, қалып қоятын оқушылар мықты және дарынды балалардың сонынан қайталап береді
  • Кеңістікте қозғалыс сөздік қорларын кеңейту үшін жаттығып жатқан қабілетті оқушыларға қиынырақ сұрақтар қойылады.
  • Қозғалыс ойын және эстафета ойын ойнаған кезде мықты дарынды оқушылар өз креативтік ойларын және қимыл қозғалыстарын көрсете алады «Көңілді кенгуру»
  • Мұғалімнің сырттан жүріп байқауы
  • Оқушылармен тақырып бойынша әңгімелесу
  • Керек кезінде оқушылар тоқтай ала ма?
  • Оқушылар ойын ойнаған кезде ерекше қимыл қозғалыстарын көрсете ала ма?
  • Бақылау, тыңдау, сұрақтар
  • Оқушылардың қалай жүргендерін бақылау
  • Оқушылар өз-өздерін бағалау, орындаған тапсырманы талқылайды
  • Сұрақ жауап арқылы топтағы және жеке қарым-қатынас сапасын анықтау

Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру;

Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу;

Өзгелердің пікірін сыйлай отырып, олармен жұмыс жүргізу

Қауіпсіздік ережелерін мұқтят сақтау

Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету;

Әр оқушының жүріс-тұрысын жіті назарда ұстау.

Өзгелермен жұмыс, пікірді құрметтеу.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/меңгеру мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз. Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? оқушылар нені үйренді? Оқыту/оқу, Сәтті; Сәтсіз; Болашаққа жоспар.Сабақ мақсаты сабақ тақырыбына, оқушылардың жас ерекшелігіне, қимыл қозғалысқа деген қажеттіліктеріне сай қойылған.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу