Эстафета элементтері бар жеңіл атлетика. Дене шынықтыру, 3 сынып, дидактикалық материал. 10 сабақ.
Дидактикалық материал №10
Эстафета элементтері бар қозғалмалы ойындардағы жүгіру, секіру, лақтыру тәсілдері
Ойындар қимыл- қозғалыс ойындары және спорттық ойындар болып бөлінеді. Эстафета элементтері бар қозғалмалы ойындардағы жүгіру, секіру, лақтыру тәсілдері қимыл –қозғалыс ойындарында аса көңілді әрі пайдалы қимыл әрекет түрі. Эстафета ойындары қимыл-қозғалыс ойындарының көңілді әрі пайдалы болатын себебі, бұл ойындарды ойнай жүріп, жүгіру, секіру, өрмелеу, лақтыру, тепе- тендік сақтау және мінез-құлықты тәрбиелеу сияқты барлық негізгі қимыл –қозғалыстарды дамыта аласыңдар. Жарыс элементтері –айналып жүгіріп шығу, қарсыласыңды басып озу-ойынға өту тартымды, әсерлі сипат береді. Мақсатқа қол жеткізу сипатына және ойынға қатысушылардың аз-көптігіне қарай қимыл-қозғалыс ойындары мынадай түрлерге бөлінеді. Белгілі бір нақты ережесі бар әр түрлі әрі көңілді қимыл –әрекеттерді қозғалмалы ойындар деп атайды. Эстафета элементтері бар қозғалмалы ойындардағы жүгіру, секіру, лақтыру тәсілдері қимыл-қозғалыс ойындары көңіл көтеруге, жылдамдық пен ептілікті арттыруға жағдай туғызады, әр түрлі қимыл –қозғалыс машықтары мен дағдыларын қалыптастырады. Сонымен бірге бір-бірімен байланыс жасап, тіл табысуға көп көмегін тигізеді .
Жалпы дамыту жаттығулар
Карточка №1
Дене тәрбие жаттығулары
Жүру жаттығулары. Тізелерін сәл бүгіп, жүрелей жүру; екі колыншапалақтап (белге қойып, артқа
ұстап) жүру; аяқтың ұшымен және өкшемен жүру;бір қатар болып келе жатып, екі қатар жасап
жүру; 3-5 м. жерге дейін көзін жұмып жүру; теріс қарап жүру.
Жүгіру жаттығулары. Аяғын артқа серпи жүгіру: оң (сол) жаныменжәне теріс қарап жүру; екіден келе жатып, бірін-бірі қуалай жүгіру; 3 х 10 м.қашықтықтыайнала жүгіру; 100 м. қашықтықты жүгіріп өту; 150-200 м. жерді жай жүгіріп өтукедергісі көп жерден жүгіру; ойлы-қырлы жермен жүгіру; ағаштардың арасымен(шөбі шалғын жермен, тізеден келетін су ішімен) жүгіру; 1,5-2 минутқа дейін тоқтамай жүгіру: 10-30 м.
қашықтыққа бар екіпінімен жарыса жүгіру (10 м — 2,6-2,8 сек: 20 м.- 5.0 сек., 30
м. —8,5-7,5 сек).
Жалпы дамыту жаттығулар
Карточка №1
Дене сымбатына арналған жаттығулар кешені
Аяқтың ұшымен тұру, қолды жоғары көтеріп, саусақтың ұшына көз алмай қарап тұрып, кеудені жоғары қарай көтеру.
Екі қолды дененің екі жағына, жақындатып төмен ұстап, әскери шеруде жүргендей жүру керек: аяқтың ұшын алға созып, табанды түгелдей жерге тигізіп жүру.
Еденге отырып, аяқты айқастыру. Қолды тізеге қойып, арқаны тіктеу.
Еденге жатып, іш пен аяқты еденге тақау, қол саусақтарын арқа жақтан айқастыра ұстау. Кеудені алға созып, басты алдыға, жан-жаққа, артқа бұру. Қолды дененің жанында ұстап, басты ғана қозғаймыз.
Еңкейіп тұрып, басты ақырын бұру. (Омыртқаның кеуде бөлігін бүгу), екі қолды екі жаққа созу.
Екі иықты алдыға-артқа айналдыру.
Жамбасты тіреп жатып, кеудені артқа қарай ию.
Бір орында тұрып, әскерлерше жүру.
Сабақ өтілу уақытында қауіпсіздік талаптары.
Қуып жету ойындары.
Қашушы міндетті:
- Өзінің қозғалыс бағытына қарауы керек.
- Тез тоқтап қалауы керек.
- Басқада ойыншылар мен соқтығысып қалмас үшін өзінің жүгіру жылдамдығын баяаулатып тоқтауы керек.
- Алдыңда жүгіріп келе жатқан адамды итеруге болмайды.
Жүгіріс йындары.
Оқушы міндетті:
- Шапшаң жүгірушілерге озуға мүмкіндік беру.
- Өз жүгіру бағытыңды тез өзгертуге болмайды.
- Ойын алаңы сыртына шығып кетпеу керек.
- Қолыңмен немесе аяғыңмен қабырғаға сүйеніп тоқтап қалуға болмайды.
Доп ойындары.
Оқушы міндетті:
- Ойыншылардың бастарына допты лақтырмауы керек.
- Ойыншыларға доптың лақтыру күшін оларға дейінгі қашықтықтың сәйкестігін өлшеу керек.
- Алыңдағы ойыншылар мен доптың қозғалысын бақылау керек.
- Допқа жақын орналасқан ойыншыға, допты алуына кедергі жасамау керек.
- Бірінші болып допқа иелік еткен ойыншыдан допты қолынан тартып алмау керек.
- Допты өзіңе тигізбеу мақсатында құлап және еденге жатып қалмауы керек.
- Екі қолды төменнен құшақпен допты қағып алу керек.
Эстафеталар
Оқушы міндетті:
- Мұғалімнің белгісінсіз эстафетаны бастамауы керек.
- Өз жолымен эстафетаны бастауы керек.
- Егерде құрал-жабдықтар басқа команданың жолағына түсіп кетсе, абайлап оны алып өзіңнің жолағыңа оралып әрі қарай тапсырманы орындау қажет.
- Алдыңғы ойыншы тапсырманы орындап болмай жәнеде эстафетаны қолын тигізу арқылы бермейінше алдын ала саптан жүгіріп щығуға болмайды.
- Эстафетаны беріп болғаннан кейін өз командасының соңына тұру керек.
- Эстафета мезгілінде саптан шықпау, отырмау және еденге жатпау керек.
Дұрыс орындауы | Негізгі қателіктер |
| Ойынды дұрыс түсіндірмеуі Тегіс жерде ойналмауы Командаға дұрыс бөлінбеуі Ойын кезінде қолды жоғары ұстау Әр команда бөлек-бөлек тұрмауы Команда арасындағы арақашықтықты сақтамауы Әр командада доптың болмауы Жүргізушінің белгісі ойынды бастап кетуі Алда тұрған ойыншылар допты басынан асыра келесі ойыншыға бермеуі Басынан асырып жатқан допты түсіріп алуы Доптың колоннаның соңына жетпеуі |
| Ойыншылардың ойнайтын алаңының дұрыс белгіленбеуі Соңғы ойыншы допты алып колоннаның оң жағынан айналып келмеуі Ойыншылар қолдарын жоғары дұрыс көтермеулері Допты басынан дұрыс асыра алмауы Ойынды бастаған ойыншы өз орнына қайтып келмеуі Допты тек өзінің көршісіне беруге керектігі Допты бірнеше ойыншыдан асырып лактыруга болмайтындығы Допты түсіріп алган ойыншы допты алып орнына келуге болмайтындығы Келесі ойыншыга бермеуі Соңгы ойыншы колоннаның алдына келгенде, ойыншылар кішкене артқа жылжымауы |
3. Колоннаның басына ең бірінші келген ойыншының командасының жеңісі | Ойын ережесін дұрыс сақтамауы Ойыншылар бір –бірінің қимыл-қозғалысын қайталамауы Қозғалысты кеңістікте тиімді пайдаланбауы Топпен жұмыс жасайалмауы. Ойын кезінде тез жүгіре алмауы Қайтадан өз орындарындарын таба алмауы Оқушылар ойынның шартын дұрыс орындамаулары Айып үпайлары жоқ және ойынды бірінші бітірген команда жеңімпаз атанбауы |
- Сабақ басталмас бұрын денені қыздыру жаттығуларын жасау керек
- Дене қыздыру жаттығулары
- Жүру түрлері
- Аяқтың өкшесімен
- Сыртқы қырымен
- Аяқтың ұшымен
- Жартылай, толық отырып жүру
- Жүгіру
- Арнаулы жүгіру жаттығулары.
- Тынықтыру жаттығулары
- Орнында жасалатын жаттығулар.
- Ойын алаңын мұқият қарап шығу керек
- Жүгіру жолдарын тексеріп шығу
- Басқа заттардың жоқ екендігіне көз жеткізу
- Ойынды мұғалімнің рухсатымен бастау керек
- Жүгіру алаңына басқа оқушылардың кедергі жасамауын қадағалау
Қорытынды бөлім
Сапқа тұру, жай жүгіру, жүру тыныс алу жаттығуларын жасап бастапқы қалыпқа түсу.
— Сабақты қорытындылау
— Үйге тапсырам беру
— Ұйымдасқан түрде оқушыларды тарату
Оқушылардың бастапқы қалыпқа түсу жаттығуларының дұрыс орындалуын қадағалау.
Ғаламторға сілтеме: «Балаларға арналған қозғалмалы ойындар»
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру