Эстафета элементтері бар жеңіл атлетика. Дене шынықтыру, 3 сынып, дидактикалық материал. 11 сабақ.


Дидактикалық материал11

Жалпы дамыту жаттығулар

 Карточка №1

Негізгі қимылдар

Секіру жаттығулары. Екі аяқты бірге ұстап, оң, сол жақтарымен 4-5 мжерге секіру; Бір аяғын қолымен ұстап, екіншісімен секіру; екі аяғымен кезек аттап  5-6 м. жерге секіру; биіктігі 20 см, заттың үстіне қос аяқтап секіріп шығу; ені 10 см. биіктігі15-20 см. болатын қатар жатқан 5-6 параллоннан оң (сол) жағымен біртіңдепсекіріп өту; жүгіріп келіп, 30-40 см. биіктікке секіріп шығу; жүгіріп келіп 1м. ұзындыққа секір;  жүресінен отырып, жоғары секіруді 10-12 рет қайталау; бір орында тұрып, қос аяқтап 80 см. қашықтыққа секіру; өз бетімен секіртпемен секіру.

Лақтыру және қағып алу жаттығулары. Жоғары лақтырылған доптыбір қолымен 4-6 рет, екі қолымен 10-15 рет қағып алу; жүгіріп келе жатып, доптыекі қолымен жерге кезек соғып ыршыту; допты бір қолымен соғып ыршытуды өз орныңда бір айналып келіп қайталау; екі-екі баладан жерге соғып келе жатқан допты ұстап  алып, екі қолыменлақтырып, лақтырған допты қағып алып жүрістерін қайта жалғастыру; екі  аяқты  алшаққойып (тізерлеп, тұрып, аяқты созып отырып), 1 кг. мақта допты екі қолымен желкетұсынан бастап асыра лақтыру; теннис добын екі қолымен желке тұстан бастан асыралақтыру; теннис добын, 200 г. қалташаны оң (сол) қолымен алысқа лақтырып, көрсеткішінанықтау; өз беттерімен әртүрлі заттарды лақтыру.

Еңбектеу және өрмелеу жаттығулары. Гимнастикалық орындықтың үстіне тізерлеп тұрып, екі қолымен ұстап тартылу; қырынан жерге тигізе ұстап тұрып, басыниіп астынан өтіп шығу; гимнастикалық қабырғаға сүйеп қойған бөренемен, тақтайменбаспалдақпен еңбектеп барып, қабырғамен өрмелеу; салбырата ілінген арқанмен ұстап,аяқтың көмегімен тартылу және арқанды бойлай сырғып түсу;   екі қолымен гимнастикалық қабырғадан ұстап, екі аяқты кезек-кезек алға көтеру және қолымен бірнеше рет жоғары тартылу.

Тепе-теңдікті сақтау жаттығулары. Гимнастикалық орындықтың үстімен 1 кг, доптыдомалатып журу; орындықтың үстіне тұрып, қолындағы добын лақтыру (өзіне лақтырылған допты қағып алу); 1 кг, толтырылған допты төбеге, желкеге қойып, орнында бірайналып жүріп кету; қолды жоғары созып, өкшені біріктіре көтеріп ұзақ тұру; мақта доптың үстіне бір аяқпен тұрып, екінші аяғын алға (жанға, артқа) көтеріп, тізесін бүгіп ұзақ тұру; жалғыз (екіден қол ұстасып) тұрып, әртүрлі қимылдар жасап айналу; көзін жұмып, бір аяқпен ұзақ тұру.

Сабақ өтілу уақытында қауіпсіздік талаптары.

Қуып жету ойындары.

Қашушы міндетті:

  • Өзінің қозғалыс бағытына қарауы керек.
  • Тез тоқтап қалауы керек.
  • Басқада ойыншылар мен соқтығысып қалмас үшін өзінің жүгіру жылдамдығын баяаулатып тоқтауы керек.
  • Алдыңда жүгіріп келе жатқан адамды итеруге болмайды.

Жүгіріс йындары.

Оқушы міндетті:

  • Шапшаң жүгірушілерге озуға мүмкіндік беру.
  • Өз жүгіру бағытыңды тез өзгертуге болмайды.
  • Ойын алаңы сыртына шығып кетпеу керек.
  • Қолыңмен немесе аяғыңмен қабырғаға сүйеніп тоқтап қалуға болмайды.

Доп ойындары.

Оқушы міндетті:

  • Ойыншылардың бастарына допты лақтырмауы керек.
  • Ойыншыларға доптың лақтыру күшін оларға дейінгі қашықтықтың сәйкестігін өлшеу керек.
  • Алыңдағы ойыншылар мен доптың қозғалысын бақылау керек.
  • Допқа жақын орналасқан ойыншыға, допты алуына кедергі жасамау керек.
  • Бірінші болып допқа иелік еткен ойыншыдан допты қолынан тартып алмау керек.
  • Допты өзіңе тигізбеу мақсатында құлап және еденге жатып қалмауы керек.
  • Екі қолды төменнен құшақпен допты қағып алу керек.

 Эстафеталар

Оқушы міндетті:

  • Мұғалімнің белгісінсіз эстафетаны бастамауы керек.
  • Өз жолымен эстафетаны бастауы керек.
  • Егерде құрал-жабдықтар басқа команданың жолағына түсіп кетсе, абайлап оны алып өзіңнің жолағыңа оралып әрі қарай тапсырманы орындау қажет.
  • Алдыңғы ойыншы тапсырманы орындап болмай жәнеде эстафетаны қолын тигізу арқылы бермейінше алдын ала саптан жүгіріп щығуға болмайды.
  • Эстафетаны беріп болғаннан кейін өз командасының соңына тұру керек.
  • Эстафета мезгілінде саптан шықпау, отырмау және еденге жатпау керек.

 

Дұрыс орындауы

Негізгі қателіктер

  • Кедергілерден дұрыс өтуі

Ойынды дұрыс түсіндірмеуі

Тегіс жерде ойналмауы

Командаға дұрыс бөлінбеуі

Сөрелік сызықтың дұрыс белгіленбеуі.

Параллельді сызықтардың дұрыс сызылмауы

«Бұлақтағы» кедергілердің білінбеуі

Екі параллель сызықтың көрінбей сызылғаны

Ойын ойнайтын жердің 60 см биіктікте жіп тартылмағаны

5 м қашықтықта гимнастикалық орындық қойылмағаны

«Дайындал», «Жүгір!» белгісі бойынша ойыншылар тыңдамай ойынды бастап кетулері

  • Эстафета ойындарын тапсырмаларын кезек кезегімен орындаулары

Ойыншылардың ойнайтын алаңының дұрыс белгіленбеуі «Бұлақтан» аттап кетпеулері

Керілген жіпті пайдаланбауы

Гимнастикалық орындықтан дұрыс секірмеуі

Кері қарай бір аяқпен секіріп келмеуі

өзінің тізбегінің соңына тұрады.

Допты еденге соқпай қолына ұстап келуі

Алдында тұрған корзинаны көрмеуі

Тапсырманы басқалардан уақытында орындамаулары

Жіптің астынан өткен кезде, жіпті ұстапқоюуы

Ол үшін айып ұпайлары жазылады (мысалы: қорытынды нәтижеге 5 секунд қосылады).

Ойынды бастаған ойыншы өз орнына қайтып келмеуі

Келесі ойыншыга эстафета бермеуі

3. Берілген эсафета ойынын тез аяқтау

Ойын ережесін дұрыс сақтамауы

Ойыншылар бір –бірінің эстафеталарын дұрыс қайталамаулары

Қозғалысты кеңістікте тиімді пайдаланбауы

Топпен жұмыс жасайалмауы.

Ойын кезінде тез жүгіре алмауы

Қайтадан өз орындарындарын таба алмауы

Оқушылар ойынның шартын дұрыс орындамаулары

  • Сабақ басталмас бұрын денені қыздыру жаттығуларын жасау керек
  • Дене қыздыру жаттығулары
  • Жүру түрлері
  • Аяқтың өкшесімен
  • Сыртқы қырымен
  • Аяқтың ұшымен
  • Жартылай, толық отырып жүру
  • Жүгіру
  • Арнаулы жүгіру жаттығулары.
  • Тынықтыру жаттығулары
  • Орнында жасалатын жаттығулар.
  • Ойын алаңын мұқият қарап шығу керек
  • Жүгіру жолдарын тексеріп шығу
  • Басқа заттардың жоқ екендігіне көз жеткізу
  • Ойынды мұғалімнің рухсатымен бастау керек
  • Жүгіру алаңына басқа оқушылардың кедергі жасамауын қадағалау

Қорытынды  бөлім

Сапқа  тұру, жай  жүгіру, жүру  тыныс  алу  жаттығуларын  жасап  бастапқы  қалыпқа  түсу.

—          Сабақты  қорытындылау

—          Үйге  тапсырам  беру

—          Ұйымдасқан  түрде  оқушыларды  тарату

Оқушылардың  бастапқы  қалыпқа  түсу  жаттығуларының  дұрыс  орындалуын  қадағалау.

Ғаламторға сілтеме: «Балаларға арналған қозғалмалы ойындар»

http://u-s.kz/publ/10618-podvizhnye-igry-i-estafety-s-elementami-legkoy-atletiki.html



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу