Эстафета элементтері бар жеңіл атлетика. Дене шынықтыру, 3 сынып, қосымша материал. 12 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық

Оқу үрдісін ұйымдастыру бойынша нұсқаулықтар.

Сабақтың кіріспе және дайындық бөлімдерінде оұушыларға алдағы жұмыс туралы көрсету арқылы ұсыну. Бұған презентацияны пайдалана отырып, сабақтың тақырыптары мен міндеттерін талқылау арқылы қол жеткізіледі. Қозғалыс кезінде және жаттығулар жасағанда балаларға қашықтықты және қауіпсіздік ережелерін сақтауды үйрету маңызды. Сабақтың негізгі бөлігінде, ойындарда міндеттерді орындаған кезде, ережелердің сақталуын бақылап, оқушылармен ойынның тиімділігін арттыру үшін талқылау керек. Сабақтың соңғы бөлігінде оқушылардың ағзасының функционалдық жүйелерін толқудан тыныштандыруға ауысу үшін төмен қарқындылық ойындары таңдалады.

Әдістемелік нұсқаулық

Жеңіл атлетика элементтері бар эстафеталарды өткізу бойынша нұсқаулқытар.

Сабақ кезінде жалпы эстафета ойындарының тиімділігін арттыру үшін ұсынылған эстафеталарды жақсартуды іске асыру ең алдымен барлық ойыншылар бір мезгілде ойнайтын етіп жасалатындығы. Эстафетаның мазмұны оңай және жылдам өзгеруі мұғалімнің қалауы бойынша нақты білім беру жағдайына негізделген күрделі немесе жеңілдетілген болып келеді. Осылайша, эстафета жарысы физикалық дамуы үшін оқушыларға қажетті негізгі физикалық және өмірлік қасиеттерін қалыптастырып, моториканы және дағдыларды дамытуда маңызды рөл атқарады.

Ойындар мен эстафеталарға қатысу кезінде оқушылар әлемдік көзқарас, оның ұжымда жұмыс жасауын дамытады. Эстафеталық ойындар ұжымдық әрекеттердің дағдыларын тәрбиелеуге қабілетті. Топтық жұмыс оқушыларға ережелерге бағынуға, бір-біріне құрметпен қарауға үйретеді.

1-бөлім: Жеңіл атлетика арқылы қозғалыс әрекеттері

Сабақ тақырыбы: Эстафета элементтері бар жеңіл атлетика

Оқу мақсаттары:

3.1.1.1 Негізгі дене жаттығуларын орындау кезінде қозғалыс машықтарын білу, түсіну және жақсартып жалғастыру.

3.3.5.5. Түрлі дене қызметтеріне қатысу мүмкіндігін қалай алу керектігін қарап, түсіндіру

Сабақтың мақсаты:

- Негізгі дене жаттығуларын орындағанда қозғалыс машықтарын біледі және түсінеді;

  - Түрлі дене қызметтеріне қатысу мүмкіндігің керектігін түсінеді.

Бағалау критерийлері:

  • Негізгі дене жаттығуларын орындағанда қозғалыс машықтарын

біледі;

  • Негізгі дене жаттығуларын орындағанда қозғалыс машықтарын түсінеді;
  • Түрлі дене қызметтеріне қатысу мүмкіндігін қалай алу керектігін түсінеді.

Сабақтың басы.

Сергіту сәті. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту. «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды иез жасауларың керек. "Бастаймыз" деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен...қолмен... өкшемен...иықпен...құлақпен...тіземен....иекпен.... арқамен. Мұғалім айтады: «Біз пәндерді кіріктіруді, қозғалу дағдыларын, дене қасиеттерін қауіпсіздік ережесін сақтау мен сабақ тақырыбы бойынша айту арқылы дамытуды жалғастырамыз» Мұғалім Сіздер үшін денсаулықты сақтау нені білдіреді деп сұрақ қояды. Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.

Орташа қалыпта жүгіру, алаңның оң жағынан сол жағына қарай .

1. Екі қол жоғарыда аяқтың ұшымен, екі қол белде өкшемен жүру.

2. Жеңіл жүгіріске көшу .

3. Аяқты артқа, қолға жеткізе жүгіру, екі қол алдыда тізені биік көтере жүгіру.

4.Оң және сол жақ қырымен адымдап жүгіру, екі қол белде

5. Жылдамдыққа жүгіру

6. Қолды екі жақтан тыныс ала көтеріп, түсіру, демді қалпына келтіру.

Бой сергіту жаттығулары.

Сергіту сәті.

Еркiн ұста денеңдi,

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.

Әдістемелік нұсқаулық

Эстафета ойындардағы техникалық қауіпсіздік ережелерін түсіндіру.

Дене шынықтыру сабағында басты назар аударатын мәселе - жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік. Сондықтан да мұғалім барлық жабдықтар мен снарядтардың жарамдылығы мен қауіпсіздігін мұқият қадағалауы қажет. Төменде бағдарламаның жекелеген тараулары (бөлімдері) бойынша сақтауға тиісті қауіпсіздік ережелері.Сабаққа спорт үйірмесіне келген оқушы арнайы спорт киімдерін киіп, оның таза болуын қадағалауды міндеттейді;Сабақ басталарда оқушы денесінің ыстығы көтеріліп т. б. аурулармен ауырып тұрса мұғалімге өз денсаулығы жайында ескерту керек.Спорт залда, алаңда дене тәрбиесі пәні мұғаліміне тағайындалған ойындар мен жаттығуларды орындамау керек.Спорт залдағы электр розеткалары мен электрощиттеріне тиіспеу керек;Спорт, алаңда орнатылған, құрылған спорт құралдарын мұғалімнің рұқсатынсыз тиіспеу керек;Гранат, кіші доп т. б. құралдары алысқа және нысанаға лақтырған кезде қауіпті алаңға, сырттан адам, не мал кіріп кеткен кезде жаттығуды тоқтату керек.

Әдістемелік нұсқаулық

Дене шынықтыру сабағындағы қауіпсіздік ережелері

Жеңіл атлетика сабақтарында мынандай қауіпсіздік ережелері сақталуы керек:

  • Дене шынықтыру және спортпен шұғылданған кезде табаны резеңке аяқкиім кию керек.
  • Қысқа қашықтықтарда тек қана өз жолымен жүгіру қажет. Жүгіріп келе жатып , кілт тоқтауға болмайды.
  • Ойлы-қырлы жерлерде кездескен кедергілерден (тас, құлаған ағаш, бұта, төмпешек, т.б.) аспай-саспай өтуді есте сақтаған жөн.
  • Жүгіру секіру, лақтыру алаңдарын (секторларын) көлденең кесіп өтуге рұқсат етілмейді.
  • Тырма мен күректі сабақ өтілетін жерде қалдыруға болмайды. Тырма, күректі, т.б. жабдықтардың үшкір жағын (жүзін) төмен қаратып қою керек.
  • Спорт құралдарын лақтырғанда (гранат, диск, найза), серпігенде (ядро), лақтыру, серпу бағытында адамның болмауын қадағалап, бақылап алу қажет.
  • Ұзындыққа, биіктікке секірер алдында шұңқырдағы құмды қопсытып алу керек.
  • Лақтырушының оң жағында тұруға, құралдарды рұқсатсыз алуға болмайды.
  • Серпіген ядроны қағып алуға болмайды және серпіген кезде жерге түсіріп алудан сақтану керек.
  • Жауын-шашынды күндері лақтыратын құрал-жабдықтарды мұқият сүртіп, құрғатқаннан кейін пайдалану қажет.

Жеңіл атлетика сабағында басты көңіл аударатын мәселе – жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік. Сондықтан да мұғалім де, оқушылар да барлық жабдықтар мен снарядтардың жарамдылығы мен қауіпсіздігін мұқият қадағалауы қажет.

 Оқушыларға алаңды сағат тіліне қарама-қарсы айналып, бір бағытта жүгіруге рұқсат етіледі; ұзындыққа секіргенде, алдыңғы секіруші секіретін шұңқырдан кеткеннен кейін ғана келесі бала секіре алады; екпін алып биіктікке секіргенде, сол және оң жақтан екпін алып жүгіру кезегін сақтау қажет; допты және гранатты лақтырар уақытта, жаттығушыларды екі топқа бөліп, қарама-қарсы тұрғызуға тіпті де болмайды, доптар мен гранаттарды жинау пәрмен арқылы ғана жүзеге асырылады.

 Салқындау ауа райы жағдайында (+150-тан төмен болса) жеңілдеу жаттығу костюмін кию қажет болады. Кроссовка немесе кеды – жеңіл атлетика үшін ең ыңғайлы аяқ киімдер.

 

2. Сабақтың ортасы.

Әдістемелік нұсқаулық.

  • Ойын ережесін түсіндіру.
  • Ойыншыларды бірнеше командаға бөлу.
  • Әр команда бөлек-бөлек колонна болып тұрады.
  • Әр команда ойыншыларын кезеңдерге қояды.
  • Кезеңдерде берілген тапсырмаларды орындап өтеді.
  • Қатысушылар өз тапсырмаларын берілген қашықтықты өтіп орындайды да, эстафетаны келесі қатысушыға береді:
  • Біріншілер шеңберді үш рет өздерінен өткізіп, келесіге қолын тигізу арқылы эстафетаны береді.
  • Екінші қатысушылар бір орында секіртпе жіппен 5 рет секіреді.
  • Үшінші қатысушы эстафетаны алып, орындыққа ішімен жатып, қолдарымен көмектесіп сырғанайды.
  • Келесі қатысушы гимнастикалық маттың соңына дейін жанымен домалайды.
  • Екі аяғы бірге, екі қолы түзу жоғары созылған.
  • Бесінші қатысушы бір орында 3 рет отырып тұруды орындайды.
  • Алтыншы қатысушы келесі кезеңге дейін бір аяқта секіріп барады.
  • Жетінші қатысушы бар жылдамдығымен мәреге жүгіреді.
  • Жеңімпаз-команда уақытпен анықталады.
  • Тапсырманы бірінші орындаған команда жеңіске жетеді.

3.Сабақтың соңы.

Сабақты қорытындылау.

Қол жеткен нәтижелер туралы ойлау өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру;

Өткен тақырып бойынша мұғалім мен оқушының талдау іс-әрекеті;

Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді;

Оқушылар өз жұмыстарын «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.

Рефлексия:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?

бәрін жақсы түсіндім.

Енді түсініп келемін

Түсінбедім

Барлығын түсіндім

Қозғалмалы ойындар ғаламторға сілтеме:

https://library.wksu.kz/dmdocuments/%D2%9A%D0%98%D0%9C%D0%AB%D0%9B%D0%94%D0%AB%20%D0%9E%D0%99%D0%AB%D0%9D%D0%94%D0%90.pdf

«Допты аяқ арасынан беру» - ойыны.

Орынға тұрулары өткен ойындағыдай, тек ойыншылардың арасындағы арақашықтық 1,5 адым. Допты колоннаның басынан — аяғына дейін домалатады. Доп қай ойыншыдан шығып кетсе, сол барып алып келуі тиіс жэне орнына келіп эрі қарай домалатады.

«Допты басынан асыра жэне аяқ арасынан беру» -ойыны.

Орынға тұрулары өткен ойындағыдай, допты басынан асыра беріп, сосын айналып тұрып аяқ арасынан допты домалатады. Ойын барысында ойыншылар орындарында тұрады. Допты 2-4 рет айналдырып береді, соңынан жеңімпазы анықталады.

«Допты дөңгелек бойымен жарыстыру» - ойыны.

Ойыншылар шеңбер жасап тұрады. Әр ойыншының арақашықтыгы бірімен-біріне қол созым жэне бірінші, екінші нөмірлерге есептелінеді. Бірінші нөмірлер - бір команда, екінші нөмірлер - екінші команда құрайды. Қатар тұрған екі ойыншыны команда капитандары етіп тағайындап, қолдарына бір-бір доптан береді. Белгі бойынша капитандар допты дөңгелек бойымен, яғни біреуі оңға, екіншісі солға өздерінің ең жакын ойыншысына лактырады. Команда капитанына жеткенше доп айнала дөңгелек бойымен беріледі. Допты жылдам дөңгелек бойымен айналдырған команда жеңімпаз болады. Ережесі:

1. Допты міндетті түрде өзіне ец жақын түрган кісіге береді. Егер ойыніиы оган бермесе, онда айып үпай есептеледі.

2. Егер ауада доптар түйісіп қалып жаіпса, онда ойыншылар допты алып, өз орындарына келіп, ойынды әрі царай жалгастыруга тиіс.

3. Дөңгелек бойымен допты тез және айып үпайынсыз экелген команда жеңімпаз атанады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу