Қазақ ұлттық ойындарымен танысу. «Арқан тартыс» ойыны. Дене шынықтыру, 2 сынып, сабақ жоспары.
Кіріктірілген білім беру бағдарламасы бойынша дене
шынықтыру пәнінің қысқа мерзімді
CАБАҚ ЖОСПАРЫ №
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4-бөлім: Қазақ ұлттық ойындары. Ортақ тақырып: Менің туған өлкем. | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі. | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Ахметов Б.С. | ||||||
Сынып: 2 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақ тақырыбы | Қазақ ұлттық ойындарымен танысу. «Арқан тартыс» ойыны. | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 2.2.2.1 Бірлескен жұмыста көшбасшылық қасиеттерді түсіну және ажырату. | ||||||
Сабақ мақсаттары | Осы ойындардың туындау тарихын түсіндіру, қазақ ұлттық ойындарында бірлескен қимыл-қозғалыстар арқылы көшбасшылық қасиеттерді таныту. | ||||||
Бағалау критерийі | Бірлескен жұмыста көшбасшылық қасиеттерді қазақ ұлттық ойындары арқылы тәрбиелеу, көшбасшылық қасиеттерді түсіну және ажырату, ойын шарттарына аса көп көңіл бөлу, күш, икемділік қозғалыстағы үйлесімділік дағдыларын орындау. | ||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушыларды зерттеу диалогымен қамтамасыз ету оқушыларда біраз жауапкершілік бар жағдайларда нұсқау беру үшін тілді қолдану, мысалы: көшбасшылық тапсырмалары. | ||||||
Құндылықтарды дарыту
| Тарихқа, қазақ ұлтының дәстүріне құрметті тәрбиелеу. Өзгелер көзқарасына құрмет және өзгелерге міндеті тарапынан жауапкершілік сезімі. | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақстан тарихы, қазақ тілі, өзін-өзі тану, жас өспірімдер физиологиясы. | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Фото және бейне материалдарды оқушыларға қозғалыс өнімділіктерін өлшеу және нығайту үшін өзін-өзі бағалау, бағалау техникалары үшін қолдану; | ||||||
Бастапқы білім | Оқушыларда 1 сыныптағы алдыңғы дене шынықтыру сабақтары мен сабақтан тыс кезде алынған ұлттық қазақстандық ойындар туралы бастапқы білімі болады деп күтіледі. | ||||||
Жоспарлардағы әрекеттер. | Б = бүкілсыныптық жұмыс. Жж = жұптық жұмыс. Тәж = оқушы тәжірибесі. Ф = формативті бағалаудың мүмкіндіктері. Т = топтық жұмыс. Ж = жеке жұмыс. К = оқытушы көрсетеді. | ||||||
Сабақ барысы. | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы | Уақытты жоспарлау: Дайындық бөлім: 8-10 мин. Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар. Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Арақашықтықты сақтау. Козғалыстағы жаттығулар тізбегі. Қолға, аяқа арналған бой жазу жаттығулары. Екі қатарға тұру. Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары. Созылуға, иілуге арналған жаттығуларды орындау. Бұлшық еттердің қозғалыстарына арналған жаттығулар кешені. Буындарды негізгі тапсырмаларды орындауға дайындау. | Әрбір әрекет түріне арналған үлкен, бос кеңістік. Мұғалімге арналған ысқырғыш. | |||||
Сабақтың ортасы
| Ойынды жазда көгалды алаңда, спорт залында өткізуге болады. Ойынға ұзындығы 10 метрдей жуан кендір арқан керек. Ол арқанның тең ортасынан орамалмен орап белгі жасайды, белгінің екі жағынан бір жарым-екі метрдей жерден тағы да жогарыдағы тәртіппен белгілейді. Ойынға қатынасушылар тең екі топқа бөлінеді. Олардың саны 10—12 адам болуы мүмкін, ойыншылар бойларына қарай қатар түзеп тұрады. Ойын басқарушының берген командасы бойынша қатар түзеп сапта тұрған ойыншылар оң жақ шетінен бастап қатар санын «бір, екі, үш»… деп сол жақ шетіне дейін санап шығады. Сөйтіп тақ жағы бір бөлек, жұп жағы бір бөлек бөлініп шығады. Күн ілгері сызып қойған үш сызықтың ортасына арқандағы үш белгінің екі шеткісін дәл келтіріп керіп тұрады да, арқанның шеткі белгісінен бастап ұшына дейін ойыншылар қос қолдап ұстап тартып тұрады. Содан соң ойын басқарушының берген командасы бойынша екі топ тартысқа түседі. Ойыншылардың мақсаты — тартысқа түскен екі топ бірін-бірі тартып, жердегі орталық сызықтан бұрын сүйретіп өткізіп әкету. Екі топтың қай жағы орталық сызықтан қарсы топты бұрын сүйреп өткізіп әкетсе, сол жағы ұтқан болады, жеңген жағы бәйгесін алады. Ойынды осы жоғарыдағы тәртіппен жүргізе беруге болады. Ойын қимыл бірлігін қалыптастырып, бірлескен іс-әрекетке тәрбиелейді. (К) «Арқан тартыс» – «Арқанды тартысу». Қатысушылар арқанның ұшын ұстап тұрып, қарсыластарын өз жағына тартып алуға тырысады. | Әрбір әрекет түріне арналған үлкен, бос кеңістік. Мұғалімге арналған ысқырғыш, әр түрлі ұзындықтағы арқандар, шарттарын белгілейтін кеглилер. | |||||
Сабақтың соңы | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіледі: Теориялық және практикалық жаттығуларда мұғалім ұлттық ойындарды ойнаған кезде, әдеттегі қателерге назар аударады анықтамалар береді. Оқушылар таңдаған белгілі ойындарға балалардың қызығушылықтарын қолдап және дамытып, дағдыларын бақылау. | ||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Берілген тапсырмаларды, жүйелі жаттығулар жинағының реттілігін көрсетеді. Жаттығуларды барынша біркелкі орындау, ұлттық ойындарды жалпылау. Қабілеті жоғары оқушылар ойындардағы қозғалыс әрекеттерін қайталап, сынып алдында орындалуын өз бетінше көрсету. | Оқушылардың өз бетінше тапсырмамен белсенді жұмыс істеуі, өз бетінше қателерін түзеу. Ойындар барысында бейресми қалыптастырушы бағалаулар. | Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Сабақ барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау. | |||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру