Қызықты жаттығулар, нысанды басқару және кедергілер сызығы. Дене шынықтыру, 1 сынып, сабақ жоспары.


Кіріктірілген білім беру бағдарламасы бойынша дене

шынықтыру пәнінің қысқа мерзімді

CАБАҚ ЖОСПАРЫ № 65

IV –тоқсан. Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-бөлім: Тәннің саулығы.

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні: 20.05.2016.ж.

Мұғалімнің аты-жөні : Ахметов Б. С

Сынып:

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қызықты жаттығулар, нысанды басқару және кедергілер сызығы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Дене жаттығуларын орындау барысында тыныс алу, жүрек қысқаруларының жиілігі, температура секілді ағзадағы физикалық өзгерістерді қалай бақылайтынын білу (4с).

 Сабақ мақсаттары

Дене жаттығуларын орындау кезінде физикалық өзгерістерді анықтау.

 Жетістік критерилері

Білу және түсіну. Дене жаттығуы барысында байқалған дене өзгерісінің кем дегенде үшеуін анықтайды.

 Тілді толық ортаға енгізу

Тақырыбы: 8-бөлім: «Дені саудың – жаны сау».

 Тілдік мақсаттар

 

тіл туралы сын тұрғысынан ойлауды дамыту (мәселен, тілдерді салыстыру, оқушылардың тілді барынша нақты пайдалануға ынталандыру, тілді оқудағы жетістіктерді бағалау);

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Бұл бөлімде оқушылардың шығармашылығы да жетілдіріледі, себебі олар жеке не топтағы физикалық жаттығулардағы баламалы мүмкіндіктерді ашуға бағытталған.

 Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі. Дүние тану.

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылар үй мен балабақша қабырғаларында да алдыңғы бөлімдерде де денсаулық түсініктері мен негізгі білімді дамытқан деп күтіледі.

Сабақ барысы

Б-барлық сынып, Т-топтық, ЖЖ- жұпптық жұмыс, Ж- жеке,Тәж -оқушы тәжірибесі, К- мұғалімнің көмегі, Ф-фор.бағалау.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Уақытты жоспарлау: Дайындық бөлім: 12-15 мин. Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар. Бұрылыстарды біркелкі орындау. Аяқтың ұшын, өкшесін дұрыс пайдалану. Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. Бірте- бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Жүрісте үш лекпен бұрылып үш қатарға тұру. Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары.

Әр жаттығуға кең, ашық кеңістік. Мұғалім үшін ысқырық.

Сабақ ортасы

Негізгі бөлім: 18-20 мин. (Б,Т,Жж,Ж) Оқушылар нысан басқару дағдысын қажет ететін жаттығуларды орындайды: бір шеңберден екінші шеңберге қап-орындықтарды тасымалдау; зигзаг жүгіру, бастағы қап-орындықтармен конустар арасынан жүгіріп жүргенде қол дрибблын жасау; қап-орындықтарды нысаналарға лақтыру; қол мен аяқтармен допты жұптасқа беру.

Әр жаттығуға кең, ашық кеңістік. Керекті жабдықтар: мысалы, доптар,қап-орындықтар, конустар, маттар.

Сабақтың соңы

Қортынды бөлім: 5-7 мин. Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіледі:

Оқушалардан бұл жаттығуда қандай тәуекел бар екенін және оны қалай азайтуға болатынын сұрау.

Оқушылар таңдаған тірек-қимыл дағдыларын бақылау.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Берілген тапсырмаларды, жаттығуларды барынша дұрыс, біркелкі орындау, дағдыларын қайталау. Бір-бірімен жоғарғы деңгейдегі қарым-қатынас.

Оқушылардың өз бетінше тапсырмамен жұмыс істеуі, өз бетінше қателерін түзеу, еркін ойларын жеткізу.

Сабақ барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау. Дене қуатын үнемдеу шарттары.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу