Нанокөміртекті бөлшектердің құрылымы. Химия, 11 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 11.4 C Жаңа заттарды және мате-риалдарды өндіру

Мектеп:

Күні:

Мұғалімдердің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Нанокөміртекті бөлшектердің құрылымы  

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

11.4.2.37  наноматериалдардың ерекшеліктерін сипаттау; 

11.4.2.38  көміртекті нанобөлшектер құрылымын сипаттау: фуллерен С60, графен, нанотүтік, наножіп, наноталшықтар; 

 Сабақ

  мақсаттары

наноматериалдардың ерекшеліктерін, көміртекті нанобөлшектер құрылымын сипаттау: фуллерен С60, графен, нанотүтік, наножіп, наноталшықтар;

Жетістік критерийлері

Оқушы мақсатқа жетеді, егер:

  • көміртекті нанобөлшектер: фуллерен С60, графен, нанотүтік, наножіп, наноталшықтардың құрылымын сипаттай алса

 Тілдік

  мақсаттар

 

Оқушылар:

- дәрілік препараттарды өндіруге қатысты мәселелер бойынша өз ойларын білдіре алады;

Пәндік лексика және терминология

Нанохимия, нанобөлшектер, нанотехнологиялар, молекулалық қабықша, хиральдылық, композициялық материалдар, дәрілік препараттар, физиологиялық белсенділік, табиғи және синтетикалық қосылыстар, фуллерен, графен, нанотүтік, наножіпше, наноталшықтар

Диалог/жазылым үшін пайдалы тіркестер

Менің ойымша, «нано» деген ....

 Мен сіздермен ... келіспеймін деп қорқам.

 Мен үшін/менің көзқарасым бойынша/қаншалықты мен тани алам ......

Мен сізбен толықтай келісемін.

Мен ..... деп ойлаймын.

Міне ең қызықты пікір/көзқарас ...

Мен бұл жайлы ойлануым керек/ Мен пікір білдіруге дайын емеспін

 Мен сізбен қаншалықты келісетінімді білмеймін.

Менің ойымша, бұл өндіріс ...

Мүмкін, бұл өндіру әдісі...мүмкін емес (мүмкін)

 Құндылықтар-ды дарыту

 

 

Оқушыларда негізгі адами құндылықтар: кез келген жағдайда сыныптастарымен жақсы қарым-қатынаста болу, әділ болу, шешім қабылдау кезінде бастамашыл болуды қалыптастыру.

Бастапқы білім

10.1C Химиялық байланыс

10.2А Органикалық химияға кіріспе

10.3В Алкендер

10.4В Аналитикалық әдістер

11.2B Ауыспалы металдар

11.3B Синтетикалық полимерлер

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-7минут

Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу. 2) Жоқ оқушыларды анықтау. 3) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Оқушылардың зейінін шоғырландыру үшін «жұмбақ сөз» ойынын ұйымдастыру.

Ойынның шарты: Бір оқушыға қораптан сабақтың тақырыбына қатысты жазылған сөзі бар үлестірмені алуын сұраңыз. Оқушы бұл ұғымды дауыстап атамай, тек анықтама беруі қажет. Қалған оқушылар берілген анықтамаға сәйкес жасырылған ұғымды табады.

Дұрыс жауапты тапқан оқушы келесі ұғымды жасырады.

Жұмыстың мақсаты: Оқушылардың «нанобөлшектердің синтезі мен зерттеу әдістері және қолданылуы» тақырыбы бойынша білімін қалыптастырушы бағалау және оқушы қызығушылығын тудыру, тақырыпты анықтау.

Қалыптастырушы бағалау:

  • Орындау барысында мұғалімнің қалыптастырушы бағалауы мен кері байланысы.
  • Бағдаршам арқылы өзін-өзі бағалап кері байланыс жасауы. Мұғалімнің фронтальды сұрақтары негізінде: тақырып бойынша білімдерің жеткілікті ме? – қандай толықтырулар қажет?

Осылайша сабақтың тақырыбы анықталады. Мұғалім оқушыларды оқу мақсаты және сабақтың жоспарымен таныстырады. Сабақ мақсаттары және күтілетін нәтижелерді оқушылармен бірлесіп құрастыруды ұсынады.

Презентация

А4 парақшалары, тақта, маркерлер

Сабақтың ортасы

7-30 минут

30-37минут

38-39минут

Топтық жұмыс

Сыныпты 4топқа бөлу

Жәрменке түрінде өткізуге болады.

Оқушылардан топта:

1-топ:фуллерен,

2-графен,

3-наножіпше,

4-наноталшықтар және нанотүтікшелердің құрылысы мен қасиеттерін қарастыруды сұрау.

Оқушылар өз зерттеу материалдарын презентация, жекелеген слайдтар, постер, кішкене ролик немесе салыстармалы таблица түрінде ұсынуына болады.

Дайындыққа 18минут беру

Жәрменкеге –қорғап өз материалын ұсынуға 5минут

Қалыптастырушы бағалау:

Оқушылардан нанобөлшектердің қасиеттері мен қолданылуын сәйкестендіру.

Мұғалімнің кері байланысын алады.

https://ppt-online.org/70306 (о нанобөлшектер алу әдістерін жіктеу)

http://nano.86sch5.edusite.ru/p14aa1.html (наноматериалдар суреттері)

Сабақтың соңы

39-40минут

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Презентация

Үйге тапсырма

«Көміртекті наобөлшектер» тақырыбына кестесін толтыру.

Бағалау критерийлері:

кестедегі «Құрамы»

«Құрылысы»

«Қолданылуы» бағандарын толтыру

Сабақ барысында жиналған ақпарат жазбалары, суреттері

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау тапсырманы таңдауда, жұпта, шағын жұпта жұмыс істеу барысында оқушыға қабілетті оқушының немесе мұғалімнің тарапынан қолдау көрсетуде тапсырмаларды шешуді игеруге мүмкіндік береді. Қабілеті жоғары оқушылар үшін қосымша тапсырмалар беріледі (3-қосымша)

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдер: мұғалімнің ҚБ және кері байланысы, өзара бағалауы, өзін-өзі бағалау.

Қауіпсіздік техникасының ережелері

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?