Нанокөміртекті бөлшектердің құрылымы. Химия, 11 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 11.4C Жаңа заттарды және материалдарды өндіру_ Нанокөміртекті бөлшектердің құрылымы | Мектеп: | ||||||||
Күні: | Мұғалімдердің аты-жөні: | ||||||||
Сынып: 11 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||
Сабақ тақырыбы | Нанокөміртекті бөлшектердің құрылымы | ||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 11.4.2.39 кристалдарды өсіру және полимеризациялау жолымен наноматериалдардың алынуын сипаттау | ||||||||
Сабақ мақсаттары | кристалдарды өсіру және полимеризациялау жолымен наноматериалдардың алынуын сипаттау | ||||||||
Жетістік критерийлері | Оқушы мақсатқа жетеді, егер:
| ||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар: - дәрілік препараттарды өндіруге қатысты мәселелер бойынша өз ойларын білдіре алады; Пәндік лексика және терминология Нанохимия, нанобөлшектер, нанотехнологиялар, молекулалық қабықша, хиральдылық, композициялық материалдар, дәрілік препараттар, физиологиялық белсенділік, табиғи және синтетикалық қосылыстар, фуллерен, графен, нанотүтік, наножіпше, наноталшықтар Диалог/жазылым үшін пайдалы тіркестер Менің ойымша, «нано» деген .... Мен сіздермен ... келіспеймін деп қорқам. Мен үшін/менің көзқарасым бойынша/қаншалықты мен тани алам ...... Мен сізбен толықтай келісемін. Мен ..... деп ойлаймын. Міне ең қызықты пікір/көзқарас ... Мен бұл жайлы ойлануым керек/ Мен пікір білдіруге дайын емеспін Мен сізбен қаншалықты келісетінімді білмеймін. Менің ойымша, бұл өндіріс ... Мүмкін, бұл өндіру әдісі...мүмкін емес (мүмкін) | ||||||||
Құндылықтар-ды дарыту
| Оқушыларда негізгі адами құндылықтар: кез келген жағдайда сыныптастарымен жақсы қарым-қатынаста болу, әділ болу, шешім қабылдау кезінде бастамашыл болуды қалыптастыру. | ||||||||
Бастапқы білім | 10.1C Химиялық байланыс 10.1D Периодтылық 10.2B Термодинамикаға кіріспе 10.2C Кинетика 10.3А Химиялық тепе-теңдік | ||||||||
Сабақ барысы | |||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||
Сабақтың басы 1-7минут | Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың зейінін шоғырландыру үшін «Табу» ойынын ұйымдастыру. Ойынның шарты: оқушыларға кілт сөз және қолдануға болмайтын сөздердің тізімі жазылған карточкалар таратылады. Әр оқушы өз катрочкасындағы кілт сөзді түсіндіру үшін тақтаға шығып, табу-сөздерді қолданбай түсіндіруге тырысады. Оқушы кілт сөздің мәнін ашу үшін барлық білімін қолдануы керек және ғылыми тілді, толық анықтамасын, қасиеттерін, ерекшеліктерін қолдануы керек. Жұмыстың мақсаты: Оқушылардың «Көміртекті нанобөлшектер» тақырыбы бойынша білімін қалыптастырушы бағалау және оқушы қызығушылығын тудыру, тақырыпты анықтау. Қалыптастырушы бағалау:
Сабақтың тақырыбы анықталады. Мұғалім оқушыларды оқу мақсаты және сабақтың жоспарымен таныстырады. Сабақ мақсаттары және күтілетін нәтижелерді оқушыларға бірлесіп құрастыруды ұсынады. | Презентация А4 парақшалары, тақта, маркерлер Қосымша№1 | |||||||
Сабақтың ортасы 7-27 минут 27-37минут 37-39минут | Топтық жұмыс Наноқұрылым алу әдістері материалымен танысу. https://prezi.com/p/oqrxp6im6hrh/presentation/ Оқушыларға материалмен танысып болғаннан кейін наноматериалдарды алу жолдарына презентация жасау. Бағалау критерийі:
Бағалау Топтардың жұмыстарын өзара бағалауы. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы. Мұғалімнің кері байланысы Жұптық жұмыс. «Бір минут үнсіздік» - оқушылардан сөйлемді аяқтауды сұраңыз «Егер мен нанотехнолог болсам, онда мен …………… материалын синтездер едім» Мұғалімнің кері байланысын алады. | Презентация | |||||||
Сабақтың соңы 39-40минут | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет | Презентация | |||||||
Үйге тапсырма | «Егер мен нанотехнолог болсам» тақырыбына эссе жазу | ||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||
Саралау тапсырманы таңдауда, жұпта, шағын жұпта жұмыс істеу барысында оқушыға қабілетті оқушының немесе мұғалімнің тарапынан қолдау көрсетуде тапсырмаларды шешуді игеруге мүмкіндік береді. Қабілеті жоғары оқушылар үшін қосымша тапсырмалар беріледі | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдер: мұғалімнің ҚБ және кері байланысы, өзара бағалауы, өзін-өзі бағалау. | Қауіпсіздік техникасының ережелері
| |||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?