№ 4 практикалық жұмыс. "Күшті негізді күшті қышқылмен титрлеу". Химия, 11 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 11.3D Қышқыл және негіз ерітінділері | Мектеп: НИШ ФМН Нұр-Сұлтан | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: 24.12.19 | Мұғалімнің аты-жөні: Уралбаева Қ.А. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып 11 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | № 4 практикалық жұмыс. "Күшті негізді күшті қышқылмен титрлеу" | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | - оқушыларды сандық анализдің негізгі бір әдісімен таныстыру; -қышқыл – негізді титрлеу әдісінің практикалық мәнін түсіндіру; | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | 11.3.4.8 күшті негізді күшті қышқылмен титрлеуді жүргіз; | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Дағдылар Сыни ойлау және қолдану - Химиялық құрал- жабдықтармен жұмыс жасай білу дағдысын жетілдіру білсе; -Титрлеуді орындап тиісті есептеулер жүргізе білу; | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар орындай алады: Ауызша немесе жазбаша түрде деректерге сәйкес қорытынды жасай алады. Көптеген / кейбір / кішігірім саны бар / титрлеу, сандық анализ ... үшін қолданылады x % медицинда, өндірісте ...өңдеу/дайындау үшін қолданылады медицинада дәріханалар дайындайтын дәрілердің сапасын анықтау үшін және дәрі - дәрмектерді сатылы бақылау үшін х % қолданады | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Математика және биология пәнімен маңызды кейбір индустриалдық процестермен) | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Барлық алдынғы бөлімдермен байланыс бар "Стехиометрия". Химияның негізгі стехиометриялық заңдары, салыстырмалы атомдық және молекулалық масса, зат мөлшері, стехиометриялық заңдар; "Аналитикалық әдістер". Заманауи зерттеулердегі аналитикалық әдістер, хроматография; | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы 16-22мин 23-30мин 3-5 мин 20-30 мин | Мотивациялық – бағыттаушы этап
Үй тапсырмасын талдау Мұғалім тапсырманы алдын ала қағаз қиындыларында дайындап қояды. Тапсырма 1. Сурет бойынша өз пікіріңді білдір! Жұптық жұмыс Өзіңіз таңдап алған қиындыдағы бейнесурет көмегімен практикалық жұмысты жүргізуге қажетті құрал – жабдықтардың атауы мен қолданылуын сипаттайтын бір – біріңізге жарнама дайындаңыз.
Бағалау критерийі: Оқушы оқу мақсатына жетеді, егер:
Мұғалім титрлеу әдісінің қолданылуына тоқталып өтеді. Қышқыл –негізді титрлеу әдісін қолдану салалары ♦ медицинада дәріханалар дайындайтын дәрілердің сапасын анықтау үшін және дәрі - дәрмектерді сатылы бақылау үшін ♦ заттардың улылығын тексеру және соттық химиялық талдау үшін ♦ ауыл шаруашылығында топырақтың құрамын анықтау үшін ♦ шарап өндірісінде шараптың құрамындағы ұшқыш қышқылдар алма, янтарь, лимон және көмір қышқылын анықтау үшін ♦ құрылыс орындарында кеңінен қолданылады.
Жұптық жұмыс Тапсырма №2 Көпнүктенің орнына тиісті кілт сөздерді қойыңыз: Кілт сөздер: көлемдік анализ, индикаторлар, концентрациясы, титрлеу нүктесі, бейтараптану. Қышқыл негізді титрлеу әдісі – ол 1.......................... белгілі (стандартты ерітіндіні) ерітіндіні анықталатын ерітіндіге аздап қосу арқылы зерттеуге негізделген 2......................... әдісі болып табылады. Бұл әдіс 3............................. реакциясы арқылы орындалады. Ең соңғы 4....................... анықталған кезде, яғни қышқыл мен негіз эквивалентті мөлшерге жеткенде толық бейтараптану жүреді. Бұл әдісте қышқыл - негізді 5............................. қолданылады. Бағалау критерийі Оқушы оқу мақсатына жетеді, егер:
ІІ. Орындаушы этап Оқушыларды бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстырамыз. Бүгін біз сіздермен көлемдік анализдің негізгі әдісінің бірі - қышқыл – негізді титрлеу әдісімен танысамыз. ♦ Көлемдік анализ әдісі дегеніміз не? ♦ қышқыл – негізді титрлеу әдісінің мәні дегеніміз не? Химиктер реакцияға қатысып отырған реагенттердің салыстырмалы мөлшерін екі түрлі экспериментальді әдіспен: өте дәлдікпен өлшейтін таразының көмегімен және сонымен қатар ерітінділердің концентрациясы мен көлемін есептеу арқылы анықтайды. Реакцияға қажетті анықталатын реагенттің салмақ мөлшерін немесе ерітіндінің көлемін анықтау әдісі титрлеу әдісі деп аталады. Сонан соң мұғалім, оқушының жауабын толықтырып,презентацияны ашып көрсетеді. Біздің практикалық жұмыста біз қышқыл мен негіз арасында жүретін реакцияны сандық жағынан зерттейміз, яғни қышқыл –негізді титрлеу әдісін жүргіземіз. Егер біз қышқылды сілті ерітіндісімен титрлейтін болсақ онда қандай индикатор қолданатын едік? Әрине- фенолфталеин, егер ерітіндіде сілтінің мөлшері жойылатын болса, индикатордың да түсі жойылып кетеді. Практикалық жұмыс жұппен жүргізіледі. Сандық анализді жүргізу үшін жұмысқа қажетті барлық ыдыстарды арнайы тазартқыш ерітінділермен және дистилденген судың көп мөлшерімен тазалау қажет. Жұмысты жүргізген кезде техника қауіпсіздігі ережесін қатаң сақтау қажет, себебі күшті қышқылдармен және күшті негіздерді қолданамыз. Титрлеуге қажетті бюреткаға құйылатын ерітінділерді өлшеуіш цилиндрдің көмегімен және ампуланың ішіне арнайы құйылған сусыз фиксаналдан дайындайды. Дистилденген суда фиксаналды 1л өлшеуіш колбада дәл өлшеміне дейін жеткізіп 1 л менискеге дейін ерітеміз. Дайындалған ерітіндіні таза ыдысқа құямыз. Өлшеуіш цилиндрдің көмегімен сілтіні бюреткаға құямыз. Титрлеу нәтижесін эквивалент нүктесінде жұмысшы ерітіндінің көлемі мен концентрациясы арқылы анықтайды. Сілтіні анықтаған кезде күшті қышқыл HCl жұмысшы ерітінді болып табылады. Титрлеу нәтижесінде ерітіндінің рН мәні алдымен біртіндеп өзгеріп, ал эквиваленттік нүктеге жақындаған кезде онда қатты секіріс болғаны байқалады. Титрлеу нүктесін анықтау үшін химиялық индикаторларды қолданамыз. Бұл жұмыста бізге моляр концентрациясы белгілі 0,1 М NaOH натрий гидроксиді ерітіндісі берілген. Ол ерітіндіні біз титрант, яғни жұмысшы ерітінді ретінде пайдаланып бюреткаға құямыз, ал HCl тұз қышқылы ерітіндісі ол бізде концентрациясы белгісіз анықталатын ерітінді болып табылады. Көлемі дәл өлшенген концентрациясы белгісіз қышқыл ерітіндісіне фенолфталеин тамызамыз. Титрлеуді бастаймыз, алдымен көп мөлшерде, сонан соң аз мөлшерде тамшылата отырып бюреткадан титрантты NaOH натрий гидроксиді ерітіндісін таңқурай түс пайда болғанша қосамыз. Ең соңғы тамшыда ерітінді толығымен таңқурай түске боялады. Концентрациясы белгісіз тұз қышқылының ерітіндісін сілтінің стандартты ерітіндісі арқылы анықтаймыз. Стандартты ерітіндінің барлық уақытта концентрациясы белгілі болады. Реакцияны анағұрлым дәлдікпен жүргізеді. Ерітінді көлемдерін пипетканың және бюретканың көмегімен өлшейді. Концентрациясы белгісіз тұз қышқылының ерітіндісін анықтау үшін сілтінің стандартты ерітіндісі арқылы титрлейміз. Жаңа сабақты бекіту: Бекіту сұрақтарына жауап беру үшін оқушыларға №3 қосымшада берілген ақпарат таратылып беріледі. Оқушылар ақпаратпен оқып танысады. Оқушылармен жазбаша осы сұрақтар бойынша жазбаша жүргізіледі. Осы практикалық жұмыста қолданылатын есептеу түрлерімен танысайық. Мысалы: Көлемі 20,0 см3 тұз қышқылының ерітіндісін көлемі 25 см3 моляр концентрациясы 0,1моль/дм3 NaOH ерітіндісімен титрленді. Тұз қышқылы ерітіндісінің моляр концентрациясын есептеңдер. Есептеуді былай жүргіземіз. 1 қадам: Стандартты есептеудегі ақпаратты қолдана отырып колбаның ішіндегі NaOH моль санын есептейміз. NaOH моль саны =
NaOH моль саны = 2 қадам: Химиялық реакция теңдеуін қолданамыз. Қанша моль қышқыл жұмсалды?
1 моль 1 моль HCl (ер) + NaOH (ер) = NaCl (ер) + H2O (с) х моль 2,5 *10-3моль Егер 1 моль NaOH бейтараптау үшін 1 моль HCl жұмсалатын болса, онда 2,5 *10-3моль NaOH бейтараптау үшін 2,5 *10-3моль HCl жұмсалады. 3 қадам: Титрлеу мәнін қолданамыз. Қышқылдың концентрациясын есептейміз? Көлемі 20,0 см3 моль саны 2,5 *10-3моль HCl болатын қышқылдың моляр концентрациясын есептейміз.
Егер моль саны = 2,5 *10-3моль =
қышқылдың концентрациясы = Сандық есептеулерде мына формулаларды қолданып есептеулер жүргізуге болады: m HCl = N1•V1 = N2•V2 Оқушылар тапсырманы жұппен орындап, сонан соң топпен тексеріп, бірін-бірі бағалайды. Кестені толтырыңыз:
| Қосымша №1 Қосымша №2 Қосымша №3 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 35-40 мин | Үйге тапсырма:
Сабақ бойынша оқушы рефлексиясы. Бүгінгі сабақ бойынша мен қандай жаңалықпен таныстым? Бүгінгі сабақта қандай қиындықтар туындап, мені мазалады? | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру