Титрлеу әдісінің теориясы. Химия, 11 сынып, дидактикалық материал.


Стандарт ерітіндіні дайындау

250 см3 0.1M ерітіндіні дайындау үшін натрий гидроксидінің массасын есептеңіз

есептеу:

Есептелген натрий гидроксидінің массасын таразыда өлшеніз.

ыдыс + натрий гидроксидінің массасы: ............

ыдыс массасы ........................................

натрий гидроксидінің массасы ..................

Өлшенген натрий гидроксидін химиялық стақанда 100 мл дистилденген суда ерітіңіз.

Ерітіндіні 250 см3 көлемді колбаға құйыңыз.

Химиялық стақанның ішін дистилденген сумен шайып, колбаға құйыңыз.

Көлемдік колбадағы ерітіндініің көлемін

250 мл - ге дейін жеткізіп, дистилденген су құйыңыз.

Ескерту: 250мл- ден асырмау үшін тамшыру қолданыңыз.

Көлемдік колбаны тығындап, 3-5 рет төңкеріп шайқаңыз,

Бюретканы қолдану

  • Бюретканы ерітіндіні дәл өлшеу үшін және өзгермелі көлемде колбаға ерітіндіні құю үшін қолданады.
  • Сонымен қатар бейтраптаптану реакцияның нақты соңғы нүктесіне жеткенше титрлеу үшін қолданылады.

1. Бюретканы стандарт ерітіндімен толтыру үшін астыңғы жағындағы кронштейнді жауып, воронканы қолданыңыз.

Ерітіндінің еркін ағуына мүмкіндік беру үшін воронканы сәл көтеру қажет болуы мүмкін

2. Бюретка ұшындағы ауаны тексеріңіз.

Ауаны кетіру үшін, ерітіндінің аз мөлшерін ағызыңыз.

Ескерту: Егер титрлеу кезінде ауа көпіршігі болса, көлем көрсеткіштері қате болуы мүмкін.

3. Бюретканың өлшемін анықтау

Бюретканығ өлшемдерін нақты анықтау үшін колбадан ерітіндіні ағызып, өлшемді суретте көрсетілгендей анықтаңыз.

Барлық өлшемді ондық үтірге дейін жеткізіңіз.

Ескерту: Суретте ертіндінің белгілі көлемін ағызғаннан кейінгі өлшем - 24.25 көрсетілген.

Пипеткны қолдану

Пипеткаға арналған резина толтырғышты қолданыңыз

Пипетканы (25мл) тік күйде ұстаңыз.

Пипетканы ерітіндіге батырып, резина толтырғышты қолданып, ерітіндіні пипеткаға толтырыңыз.

Ерітіндінің көлемі менисктің төменгі жағы белгіде тұрғанда, оның көлемі дұрыс болады.

Толтырылған пипетканы конустық колбаға апарыңыз.

резина толтырғышты басып, сұйықтықты ағызыңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?