Титрлеу әдісінің теориясы. Химия, 11 сынып, презентация.
Күшті қышқылмен күшті негізді (немесе керісінше) титрлеу әдісі
Оқу мақсаты: күшті қышқылмен күшті негізді (немесе керісінше) титрлеуді түсіну
Сабақ мақсаты:
титрлеу әдісінде қолданатын құрал жабдықтардың атау және оларды қолдану мақсатын түсіну.
Берілген концентрациялы стандарт ерітіндіні дайындау.
Миға шабуыл
Негізгі ұғымдарға анықтама беріңіз:
Ерітінді
Еріткіш және еріген зат
Бейтараптану реакциясы
Бейтараптану реакциясының жалпы теңдеуін жазыңыз
Ерітіндінің негізгі компоненті еріткіш, ал кіші компоненттері еріген зат деп аталады. Көп жағдайда су еріткіш болып табылады.
Ерітінді - бұл екі немесе одан да көп заттардың біртекті қоспасы, онда заттардың пропорциясы бүкіл қоспада бірдей болады.
Бейтараптандыру реакциясы - қышқыл мен негіз сандық түрде өзара әрекеттесіп, тұз және суды өнім ретінде түзу реакциясы
қышқыл + негіз → тұз + су
Күшті қышқылмен күшті негізді (немесе керісінше) титрлеу әдісі
Стандарт ерітінді – концентрациясы белгілі титрлеуге қолданатын ерітінді.
Стандартты ерітінділер көлемді колбада белгілі мөлшердегі еріткіште нақты өлшенген массаны еріту арқылы дайындалады.
Көлемді колбаның жіңішке мойны бар, ол сызықпен белгіленген, сондықтан дәл сыйымдылыққа дейін ерітінді дайындауға қолданады.
Стандартты ерітіндімен әрекеттесетін екінші ерітіндінің концентрациясын табуға болады. Бұл көлемдік талдау немесе титрлеу деп аталады.
Күшті қышқылмен күшті негізді (немесе керісінше) титрлеу әдісі
Стандарт ерітіндіні дайындау
Күшті қышқылмен күшті негізді (немесе керісінше) титрлеу әдісі
1. 250 см3 0.1M ерітіндіні дайындау үшін натрий гидроксидінің массасын есептеңіз
Стандарт ерітіндіні дайындау
Күшті қышқылмен күшті негізді (немесе керісінше) титрлеу әдісі
4. Ерітіндіні 250 см3 көлемді колбаға құйыңыз.
5. Химиялық стақанның ішін дистилденген сумен шайып, колбаға құйыңыз.
6. Көлемдік колбадағы ерітіндініің көлемін
250 мл - ге дейін жеткізіп, дистилденген су құйыңыз.
Ескерту: 250 мл- ден асырмау үшін тамшыру қолданыңыз.
7. Көлемдік колбаны тығындап, 3-5 рет төңкеріп шайқаңыз,
Титрлеу кезінде екі реагент әрекеттеседі, олардың біреуінің концентрациясы белгілі , ал екіншісінің концентрациясы белгісіз.
Бұл екі реагенттің толығымен әрекеттесу соңында белгісіз ерітіндінің концентрациясын есептеуге болады.
Күшті қышқылмен күшті негізді
(немесе керісінше) титрлеу әдісі
1. Бюретканы стандарт ерітіндімен толтыру үшін астыңғы жағындағы кронштейнді жауып, воронканы қолданыңыз.
Ерітіндінің еркін ағуына мүмкіндік беру үшін воронканы сәл көтеру қажет болуы мүмкін
Бюретканы қолдану
2. Бюретка ұшындағы ауаны тексеріңіз.
Ауаны кетіру үшін, ерітіндінің аз мөлшерін ағызыңыз.
Ескерту: Егер титрлеу кезінде ауа көпіршігі болса, көлем көрсеткіштері қате болуы мүмкін..
Күшті қышқылмен күшті негізді (немесе керісінше) титрлеу әдісі
3. Бюретканың өлшемін анықтау
Бюретканығ өлшемдерін нақты анықтау үшін колбадан ерітіндіні ағызып, өлшемді суретте көрсетілгендей анықтаңыз.
Барлық өлшемді ондық үтірге дейін жеткізіңіз.
Ескерту: Суретте ертіндінің белгілі көлемін ағызғаннан кейінгі өлшем - 24.25 көрсетілген.
Күшті қышқылмен күшті негізді (немесе керісінше) титрлеу әдісі
Төмендегі бюреткалардағы өлшемдерді анықтаңыз.
1.
2.
3.
4.
21.30 cm3
20.00 cm3
41.15 cm3
20.35 cm3
Пипетканы қолдану
Пипеткаға арналған резина толтырғышты қолданыңыз
Пипетканы (25мл) тік күйде ұстаңыз.
Пипетканы ерітіндіге батырып, резина толтырғышты қолданып, ерітіндіні пипеткаға толтырыңыз.
Ерітіндінің көлемі менисктің төменгі жағы белгіде тұрғанда, оның көлемі дұрыс болады.
Күшті қышқылмен күшті негізді (немесе керісінше) титрлеу әдісі
Толтырылған пипетканы конустық колбаға апарыңыз.
резина толтырғышты басып, сұйықтықты ағызыңыз.
Күшті қышқылмен күшті негізді (немесе керісінше) титрлеу әдісі
Пипетканы қолдану
Құрал жабдықтар
Қышқыл, негіз
Бюретка
Штатив
Конусты колба
Воронка
Индикатор
Пипетка
Пипетканы толтырғыш
Күшті қышқылмен күшті негізді (немесе керісінше) титрлеу әдісі
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?