Аммиак және аммоний тұздары. №11 зертханалық тәжірибе 1 «Аммоний ионына сапалық реакция». Химия, 11 сынып, қосымша материал 2.


Көрсетілім «Қызыл аммиак фонтанды істеу

Аммиак алу үшін қажетті құрылғыны жинаңыз. Колба – реактор штативтке қыстырылады, ал аммиакты алатын колба реактордың үстінен теріс қаратылып штативтің дөңгелегіне орналастырылады. Құрылғының шыны бөлшектері толығымен құрғақ болу керек!

Осыдан кейін аммиакты алу үшін қажетті қоспаны дайындаңыз. Сол үшін кристалл аммоний хлоридін (2 г) кальций оксидімен (3 г) кәрлен келіде араластырыңыз. Реагенттерді кәрлен келіде езіп түрып жақсылап араластырыңыз. Содан кейін колба – реакторға салыңыз. Колба – реактордағы аммоний хлориді мен кальций оксиді қоспасын қыздырады. Осы кезде мына реакция жүреді:

2NH4Cl + CaO = 2NH3↑ + CaCl2 + H2O.

Ауадан жеңіл аммиак колба-жинағышта жиналады.

Колба-жинағышта қажетті мөлшерде аммиак жиналған соң, спиртшамды өшіріп, колбаны төңкермей аузын шыны түтігі бар тығынмен жабыңыз. Осыдан кейін ішіне алдын – ала 5-7 тамшы фенолфталеин тамызылған колбаны су құйылған кристаллизаторға салып, шыны түтіктің аузын жауып тұрып алынған бір тамшы суды колбаға құйыңыз. Кейде сол үшін колбаның түбіне бір – екі рет ұру керек. Колбаға құйылған бір тамшы суда біз жинаған аммиак толығымен ериді. Осыдан кейін колбаны қайтадан су құйылған кристализаторға салыңыз. Аммиактың суда еруі нәтижесінде колбада вакуум пайда болады да, таңқұрай түске боялған фонтан түзіледі. Таңқурай түс еріген аммиак ды. аммиак NH3 гидрат аммиакқа NH3∙H2O өзгереді.

Аммиак

NH3 молекуласы – азот атомының төбесінде бөлінбеген электрон жұбы орналасқан дұрыс тетраэдр.

NH3 – түссіз, өткір иісті газ, ауадан 2 еседей жеңіл.

–33,4°C температурада түссіз сұйықтыққа айналады, –77,8°C-та қатты күйге ауысады.

Бір көлем суда қалыпты жағдайда 1150 көлем NH3 ериді.

3-10% NH3 судағы ерітіндісі – мүсәтір спирті.

NH3 – аммиак суы.

10% – медициналық мүсәтір спирті.

Берілген реакцияның тепе-теңдігі сол жаққа ығыстырылған, ортасы сілтілік.

Алынуы

Өндірісте:

Азот пен сутектің тікелей синтезінен (жағдайы: 500˚С, Р = 2 * 104 кПа, катализатор – Al,K,Ca,Si оксидтерімен қосылған кеуекті темір) алады.

N2 + 3H2 ⟺ 2NH3 + Q

Лабораторияда:

Аммоний тұздарын сілтілермен қыздырады:

2NH4Cl + Са(OH)2= 2NH3 (г) + CaCl2 + 2H2O

Аммиактың химиялық қасиеттері

  • NH3 қышқылдармен әрекеттеседі:

2NH3 + H2SO4 = (NH4)2SO4

  • Аммиак –күшті тотықсыздандырғыш:

3CuО + 2NH3 = 3Cu + N2 + 3H2O

  • Оттекте NH3 жасыл-сары жалынды болып жанады:

4NH3 + 3O2 = 2N2 + 6H2O

  • Ауадағы оттекпен NH3 катализатордың (Pt, Cr2O3, Rh) қатысында тотығады:

4NH3 + 5O2 = 4NO + 6H2O

  • Металдарды сутекпен біріктіріп, амид түзеді:

2NH3 + 6Na = 3H2 + 2Na3N натрий нитриді

NH3 + 2Na = H2 + Na2HN натрий имиді

2NH3 + 2Na = 3H2 + 2NaH2N натрий амиді

  • Галогендер аммиакты бос азот түзгенше тотықтырады:

8NH3 + 3Cl2 = 6NH4Cl + N2 (г)

Аммоний тұздары

Аммоний тұздары – аммоний 

катионы мен қышқыл қалдығынан тұрады.

Қатты кристалды зат, суда жақсы ериді.

Аммиакты қышқыл ерітінділерімен әрекеттестіру нәтижесінде алады:

NH3 + HNO3 = NH4NO3 (аммоний нитраты).

Қолданылуы:

Медицинада аммоний хлориді (NH4Cl) – мүсәтір спирті ретінде қолданылады.

NH4NO3 – жарылғыш заттардың негізі.

Аммоний тұздарының химиялық қасиеттері

Аммоний металдық қасиетке ие.

Бос күйінде аммоний кездеспейді, себебі химиялық тұрақсыз және жылдам аммиак пен сутекке ыдырайды.

Аммоний тұздары иондық тор түзеді және барлық тұздардың қасиеттерін көрсетеді: Күшті электролит болады – сулы ерітінділерде диссоциацияланып аммоний катионы мен қышқыл анионын түзеді.

Гидролиз нәтижесінде тұздары әлсіз негіз және күшті қышқыл түзе жүретін реакция қалыптасады.

Қыздыру арқылы ыдырайды:

  • толық (ұшқыш қышқыл тұздары) NH4Cl NH3 + HCl
  • біртіндеп (ұшпайтын қышықыл тұздары) (NH4)2SO4  NH3 + NH4HSO4

Аммоний ионына сапалық реакция:

Аммоний тұздарын негіздермен қыздырғанда NH4Cl + NaOH NH3 (г) + NaCl + H2O

Түзілген аммиак лакмус қағазын көк түске бояйды,

Аммоний ионының бар екенін дәлелдейді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?