Азот молекуласы құрылысының ерекшеліктері мен қасиеттері. Химия, 11 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 11.3С Азот және күкірт Күні: Сынып: 11 | Мектеп : Мұғалімнің аты-жөні: Қатыскандар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақ тақырыбы | Азот молекуласы құрылысының ерекшеліктері мен қасиеттері |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (oқу бағдарламысына сілтеме) | 11.2.1.7 азот молекуласының химиялық белсенділігінің төменділігін түсіндіру |
Сабақ максаттары | Азот молекуласының құрлысының негізінде химиялық белсенділігінің төмен болуын түсіндіре білу |
Бағалау критерийлері |
|
Тілдік мақсаттар | Оқушы орындауы тиіс:
Азот тыңайтқыштарын қолданудың оң және теріс әсер тізбесін (сөйлеу, тыңдау, жазу дағдылары) Пәндік лексика және терминология Тыңайтқыш, құрамында азоты бар, азотталу, батпақтың түзілуі, балдырдың гүлдеуі, нитрозаминдар, канцерогенді Диалог/жазылым үшін пайдалы тіркестер Артықшылықтары...... Жанама әсері ....... Көп қолданған (тыңайтқыш) жағдайда, нәтижелері ... Тамақтың әлемдік өндірісі - ... көбейтілуі мүмкіндігін артырады, бірақ қосымша тәуекелдер……. Бір артықшылығы/ кемшілігі - Сіз көремете алатын басты қорытынды …… Бұл куәлік ………. көрсетеді. Бұл куәлік ашық/пайдалы/нақты болып есептеледі, себебі … Әсердің оң / теріс факторлары …….. Әсерді азайту үшін ……. жасау керек Әсерді азайту үшін. …, біз…….. |
Құндылықтарды дамыту | Ынтымақтастық,сыйластық |
Пәнаралық байланыс | физика |
Бастапқы білім | 10.1C Химиялық байланыс 10.1D Периодтылық 10.2B Термодинамикаға кіріспе 10.2C Кинетика 10.3А Химиялық тепе-теңдік |
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезендері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы Сабақтың ортасы Сабақтың соңы
| Оқушылармен амандасу.Сыныпты белсендіру. Мұғалім оқушыларға азоттың ашылу тарихын баяндайды. 1772 жылы қарапайым зат ретінде азотты («бүлінген ауа» атауымен) Даниэль Резерфорд сипаттады, ол азоттың негізгі қасиеттерін (сілтімен әрекеттеспейді, жанбайтын, тыныс алу үшін жарамсыз) көрсеткен магистрлік диссертациясын жариялады. Дәл Даниэль Резерфорд азоттың бірінші ашушысы болып саналады. Тапсырма: 1172 жылы Генри Кавендиш келесі тәжірибені жасады: ол ауаны бірнеше рет жанып жатқан от үстінен өткізді, одан кейін оны сілтімен өңдеді, нәтижесінде Кавендиш тыныс тарылтатын (немесе мефитикалық) ауа деп атаған қалдық алынды. Тәжірбиені түсіндіріп,сәйкес реакция теңдеуін жазыңыз. Қандай газ өзгеріссіз қалды Жауабы: химия тұрғысынан жанып жатқан отпен ауа оттегісінің реакциясы кейін сілтімен жұтылатын көмірқышқыл газына байланыстырылды. Осыған қоса газ қалдығы көп мөлшерде азот ретінде ұсынылады. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылып, оқушылар бағалау критерийлерін ұсынады. (Ж) Оқушылар ауаның құрамын көрсететін диаграмманы сызады және не себептен ауаның құрамында азоттың пайыздық құрамы көп және өзгеріссіз қалатынын талқылайды.Оқушылар қорытындылай келе азотың ешқандай затпен реакцияға түспейтіндігімен түсіндіреді. Мұғалім оқушыларға азоттың төмен белсенділігін түсіндіруге шақырады. Мәселені шешу үшін алдымен азот атомы мен азот молекуласының құрылысын зерттейді. Оқушылар жұмыс парағындағы тапсырмаларды орындайды. 2-тапсырма. Азотқа ПЖО орны бойынша сипаттама беріңіз: - -периоды - топ - атом құрамы - толық электронды формула - мүмкін болатын тотығу дәрежелері, қосылыстардың мысалдары. Азоттың сипаттамаларын бірлесіп талқылау. (К) немесе (Э) Жану кезінде шамамен ауаның 20% жұмсалатындығын көрсету үшін «Шыны қалпақтың астында май шамның жануы» тәжірибесі оқушыларға көрсетіледі. Көрсетілім алдында қауіпсіздік ережелерін еске түсіру. O) Ауа құрамын анықтау үшін көрсетілім нәтижелерін оқушылармен талқылаңыз.Азоттың химиялық белсенділігінің төмен екендігіне көз жеткізеді. (Ж) немесе (Т) Оқушылар азот молекуласының «Нүктелер мен айқыштар» диаграммасын салады, молекула құрылымның қалай төмен белсенділікке әкелетінін талқылайды. Қосымша ақпарат көздерін пайдаланып, азоттың физикалық және химиялық қасиеттерін сипаттайды. (O) Азот молекуласының құрылымын және химиялық реакциялар теңдеулерін жазудың дұрыстығын талқылайды. Азоттың төмен химиялық белсенділігі молекулада үш байланыс болуымен байланысты деп тұжырымдайды. Сабақты қорытындылау. Рефлексия: «Сіз бүгін сабақта не білдіңіз?»деген сұраққа әр топ жауаптарын жазады. Содан кейін топтар парақтарды ауыстырады. Сұраққа жауап беру кезінде басқалардың жазғанын қайталамауы керек. Әр топ өзінің бастапқы жауабы келгеннен соң басқа топтардың жазғанын талдайды және қорытындылайды | Слайд 1 Слайд 2,3 Слайд 4 Слайд 5 Жұмыс парағы Слайд 6 Көрсетілім: http://rpp.nashaucheba.ru/docs/index-126479.html Байланыс энергиясы http://www.chem.msu.su/rus/elibrary/bazanov/glava1.pdf https://www.youtube.com/watch?v=dzn4ypptU4A Жұмыс парағы | |||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | |||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?