Көмірсулардың құрылысы, қасиеттері және қолданылуы. Химия, 11 сынып, дидактикалық материал.
Косымша 2
Зертханалық жүмыс №1 «Спирттік ашу »
11.5.1.16 глюкозаның спирттік, сүт қышқылды және май қышқылды ашу реакцияларының теңдеулерін құрастыру;
Мақсаты: процесспен және спирттік ашудың сапалық реакцияларымен танысу
Қажетті құрал-жабдықтар
Құралдар: су моншасы, термостат, спиртшам, ұстағышы бар металл тұрғы, газ жүретін түтік, көлемі 200–250 см3 болатын жылуға төзімді шыны.
Ерітінді: 10 % сахароза ерітіндісі, 10 % NaOH ерітіндісі, криссталды йод, қаныққан Са(ОН)2 ерітіндісі, конц. H2SO4, крист. K2Cr2O7.
Зерттелетін объект: дрожжи (1 г).
Жұмыс барысы:
- Спирттік ашудың процессімен танысу
- Сапалық реакцияны жазу.
- Ашытқылардың көбейюі аэробты жағдайда, қолайлы температурада 25-35 °С көмірсу(глюкоза, сахароза) қатысында жүреді. Спирттік ашу анаэробтық жағдайда жүреді. Пайда болатын спирт ашыткы үшін зиян,сондықтан ашу процессі тоқтайды.
Тәжірибелік бөлім
Процесспен танысу үшін ашытқы суспензиясы дайындалады. Ол үшін көлемі 250 см3 болатын шыныға 20 см3 дей 10 % сахароза ерітіндісі және 2 г ашытқы салынады. Шыныны мақта мен дәкеден жасалған пробкамен жабылады және 1 сағат 30 градуста термостатта сақтайды.
- Ашу процессінің сапалық реакциялары
1.1. этил спиртің анықтау
10 см3 зерттелетін суспензияға 1–2 см3 10 % сілті құйып, спиртшамда қыздырамыз, бірақ қайнатпаймыз. Пробиркаға бірнеше түйір криссталды йод салып, қайтадан қыздырамыз. Спирттің әсерінен өзіне тән иісі бар тұнба түзіледі.
1.2. Сірке альдегидің аныктау
Пробирканың 2–3 см3 зерттелетін суспензияға K2Cr2O7 кристалын және 2–3 тамшы конц. H2SO4 қосамыз. Қоспаны спиртшамда қыздырамыз. Хромның тотықсыздану нәтижесінде ерітінді түсі қызыл сарыдан жасыл түске өзгереді. Бөлінген сірке альдегиді иісі бойынша анықталады.
1.3. Көмірқышқыл газын аныктау
Көлемі 250 см3 болатын шыныға 50 см3 10 % сахароза ерітіндісі құйылады. 10 см3 зерттелетін ашытқы суспензиясын саламыз. Шыныны тығыздап иілген түтігі бар тығынмен жауып, су моншасына (35–40 °С) қоямыз. Түтіктің астынғы жағын қаныққан Са(ОН)2 ерітіндісіне құямыз.
Бірнеше минуттан кейін әк суы бар пробиркаға газ жинала бастайды. Газдың бөлінуі мен ерітіндінің лайлануын бақылау. Кальций карбонаты есебінен әк суы лайлана бастайды.
Кестені толтырыңдар
№ | Жұмыс барысы | Реакция теңдеуі | Қорытынды |
Қорытынды:
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Дескриптор: | Өзін-өзі бағалау |
| |
| |
| |
|
Қосымша 2
Зертханалық жұмыс № 2 «Сүт қышқылды ашу»
11.5.1.16 глюкозаның спирттік, сүт қышқылды және май қышқылды ашу реакцияларының теңдеулерін құрастыру
Мақсаты: Сүтқышқылды ашудың табиғатымен және сүт қышқылының сапалық реакцияларымен танысу.
Жоспары:
- Сүт қышқылының сапалық реакциясын жазу.
Кажетті құрал-жабдықтар:
Құрал: көлемі 50 см3 болатын шыны, 10 см3 тамшуыр, сүзгіш қағаз, мақта, заттық шыны, спиртшам, микроскоптар, шайғыш.
Ерітінді:0,1н NaOH, қаныққан СuSО4, 5% КМnО4 ерітіндісі, АgNО3 10% аммиактағы ерітіндісі, конц. Н2SO4, фенолфталеин ерітіндісі, көк метилен сулы ерітіндісі, Никифоров сұйықтығы, генцианвиолет ерітіндісі, Люголь ерітіндісі, 96% этил спирті, карболды фуксин ерітіндісі, дистелденген су.
Зерттелетін объект:сүт, ашыған сүт, айран.
Сүт микроорганизмдердің таралуына қолайлы орта болып табылады, сондықтан қажетті температурада микроорганизмдер белсенді көбейеді. Бұл өзгерістер сақтау ұзақтығына, сақтау температурасына және бастапқы сүттегі микрофлораға тәуелді.
- Сүт қышқылына сапалық реакция
Сүт қышқылы қышқылдық ортада калий перманганаты қатысында сірке альдегидіне айналады, аммиактағы күміс нитратының ерітіндісімен күміс-айна реакциясына түседі.
250см3 конустық колбаға қағаз сүзгі арқылы ашыған сүт құйылады. 5см3 алынған фильтратқа 2см концентрлі H2SO4 қосылады. Алынған колбаны плиткамен қайнатады.
Колбаны ақырын алып, тамшылатып 5см3 КMnO4 ерітіндісі құйылады. Бұл жағдайда сүт қышқылы қышқылдық ортада калий перманганаты қатысында сірке альдегидіне айналады.
Колбадағы затпен күміс-айна реакциясын жүргізеді.
Кестені толтырып, қорытынды жасаңыз
№ | Жұмыс барысы | Реакция теңдеуі | Қорытынды |
Қорытынды:________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Дескриптор: | Өзін-өзі бағалау |
| |
| |
| |
|
Қосымша 2
Зертханалық жұмыс № 3 «Май қышқылды ашу »
11.5.1.16 глюкозаның спирттік, сүт қышқылды және май қышқылды ашу реакцияларының теңдеулерін құрастыру
Мақсаты: Глюкозаның май қышқылды ашудың табиғатымен және сапалық реакциямен танысу.
Жоспар:
- Майқышқылды бактерияларды өсіру.
- Майқышқылды бактериялардың химизмімен танысу. Май қышқылына сапалық реакция жүргізу және реакция теңдеуін жазу.
Құрал жабдықтар:
Құрал: 20 см3 сынауықтар, 10 см3 тамшуыр, фильтр қағаз, мақта, заттық шыны, спиртшам, микроскоптар, шайғыштар.
Ерітінді: 5 % FeCl3 ерітіндісі, 96 % этил спирті, конц. Н2SO4, Люголь ерітіндісі, карболды фуксин ерітіндісі, дистилденген су.
Зерттелетін объект: картоп
Майқылды ашудың схемасы төменде көрсетілген:
- 6 H 12 O 6 CH 3 CH 2 CH 2COOH 2CO 2 2H 2
Пайда болған май қышқылы өсімдіктердің өсуіне ықпал етеді.
- Май қышқылы бактерияларын алу
Май қышқылы бактерияларын алу үшін 5 күн бұрын тәжірибе дайындалады. Тазартылмаған картоптың кескіндерін 5 сынауыққа салынады. Сынауықтар 1/3 толтырылады. Сынауықтарға бор ұнтағын салып, үстіне 2/3 көлемге дейін ддистилденген су құйылады. Сынауықтарды 10-15 минутқа 80 °C су моншасына қойылады. Содан кейін, 5 күнге 35 °C термостатқа орналастырамыз.
- Май қышқылына сапалық реакция
2.1. 3–4 см3 зерттелетін сұйықтыққа 0,5 см3 96 % этил спиртін құйып, үстіне бірнеше тамшы концентрлі күкірт қышқылын құямыз. Алынған қоспаны шайқап, спиртшамның жалынына қыздырамыз. Май қышқылының пайда болғанын май қышқылының этил эфирінің иісінен анықтауға болады(ананас иісі).
2.2. 5 см3 зерттелетін сұйықтықтың үстіне 2 см3 5% FeCl3 ерітіндісі құйылады. Алынған қоспаны шайқап, спиртшамның жалынына қыздырамыз. Қыздыру нәтижесінде қоңыр түсті май қышқылды темір пайда болады.
Кестені толтырып қорытынды жаса
№ | Жұмыс барысы | Реакция теңдеуі | Қорытынды |
Қорытынды:
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Дескриптор: | Өзін-өзі бағалау |
| |
| |
| |
|
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?