Тотығу реакциялары, альдегидтер мен кетондардың нуклеофильді қосылуы. Химия, 11 сынып, сабақ жоспары.


Атырау қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебі

Nazarbayev Intellectual School, Atyrau

Subject Name

LessonPlan

Мұғалім:

Тақырыбы:

Тотығу реакциялары, альдегидтер мен кетондардың нуклеофильді қосылуы.  

Сабақ кезеңдері

Сынып: 11

Өткізілу уақыты: 1 сағ

Оқу мақсаты:

11.4.2.4 альдегидтер  және кетондарды тәжірибе жүзінде анықтау; 

Сабақтың мақсаты:

  • альдегидтер мен кетондарды сапалық анықтау;

Жетістік критерийлері

Оқушылар:

  • Альдегидтерді тәжірибе жүзінде сапалық анықтай алады және реакция теңдеуін жаза алады;
  • Кетондардың тәжірибе жүзінде сапалық анықтай алады және реакция теңдеуін жаза алады;

Тілдік мақсат:

Пәндік лексика және терминология

карбонил, карбоксил, карбоксилдеу, карбоксильді, ацил, кетон, ацилдеу, делокализделген, альдегид, майлар, сабын

Диалог, жазылымда:

Менің ақпарат көздерім ….. болды

Мен …. анықтай алдым

Эфирлерді қолданатын өнімдер ….

Көптеген табиғи препараттар …

Құндылықтарды дамыту:

Топтық жұмыстар арқылы оқушыларды ынтымақтастыққа, көшбасшылыққа баулу.

Жеке және жұптық жұмыстар арқылы өмір бойы оқуға үйрету

Пән аралық байланыс:

Биология

Алдынғы білім

11.1C Байланыс

11.2A Органикалық химияға кіріспе

11.3А Химиялық тепе теңдік

Сабақтың барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басталуы

0-2 минут

2-5 минут

5– 12 минут

12-17 минут

17-28 мин

28-37 мин

Оқушылармен амандасу, сабаққа қатысын тексеру.

Оқушылармен жаңа сабақтың тақырыбын ашу үшін мынадай сұрақтар қойылады.

-Карбанилді функциональды топтың түзілуін көрсете отырып, көміртегі мен оттегі арасындағы пи байланысы біркелкі таралған ба?

-Карбкатион калай түзіледі?

-Қандай реакция типі тән?

Сыныпта талқыланып,сабақтың тақырыбымен оқу мақсаты таныстырылады.

Жаңа сабақты меңгеру үшін 11 сыныптағы білімдерін еске түру мақсатында нуклеофильді қосылу реакцияларына мысал келтіріп,мини планшетеріне жазу сұралады.

Оқушылармен нуклеофильді қосылу механизмі бойынша бейне көрсетілім көрсетіліп, жауаптары тексеріледі.

Оқушылардың білімін тексеру үшін альдегидтерге

1.сутек цианидінің қосылуын

2. Натрий гидросулфитін қосылуын дәптерлеріне орындауын сұрау.

Кейінен оқушылар дұрыс жауаппен өз – өздерін тексере алады. Керек жағдайда қосымша түсініктемелер беріледі.

Оқушылармен альдегидтер мен кетондардың алынуын еске түсіру. Бұл қандай процесс нәтижесінде жүзеге асатындығын сұрап, оқушылардың өз еркімен тақтаға реакция теңдеуін жазуын сұрау.

-Бұл процесске қарсы процессті қалай атаймыз?

-Бұл реакция үшін қандай жаңдайлар керек деп ойлайсыздар?

Осы сұрақ айналасында әр жұп арасында талқылап, әр жұп өз жауаптарын мини планшеттерге жазып көтереді.

Альдегидтер мен кетондардың тотықсыздануы бойынша видео роликтер көрсетіледі.

Егер екі қосылыс атаулары жасырын берілген жағдайда альдегид пен кетон түзілгенін қалай анықтауға болады ?

Оқушылармен талқылай отырып, сапалық анықтағыш реагенттер туралы видео материал көрсетіледі.

Практикалық жұмыс:«Альдегидтер мен кетондарды алу және олардың қасиеттерін зерттеу»

Жұмыстың орындалуы:

1. С2Н5ОН спиртіне мыс сымын қыздырып салып, байқалған құбылысты жазыңыз

2.Алынған альдегидтен 5 тамшысын сынауыққа тамызып,үстінен Бенедикт реактивінен 10 тамшы тамызыңыз.

3. Алынған альдегидтен 5 тамшысын сынауыққа тамызып,үстінен хром қышқылы 1 тамшысын қосыңыз.

4. Алынған альдегидтен 5 тамшысын сынауыққа тамызып,үстінен Толленс реактивінен 10 тамшы тамызыңыз

4.Сынауыққа ацетон ерітіндісінен 5 тамшысын қосыңыз

үстінен Бенедикт реактивінен 10 тамшы тамызыңыз.

5. Сынауыққа ацетон ерітіндісінен 5 тамшысын қосыңыз

үстінен хром қышқылы 1 тамшысын қосыңыз.

6. Сынауыққа ацетон ерітіндісінен 5 тамшысын қосыңыз

үстінен Толленс реактивінен 10 тамшы тамызыңыз

7. Сынауыққа ацетон ерітіндісінен 5 тамшысын қосыңыз

Үстінен 1-2 иодттың спирттегі ерітіндісін және 1-2 тамшы натрий гидроксидін тамызым жақсылап шайқаңыз.

Сабақты қорытындылау.

Мұғаліммен тәжірибе нәтижелерін талқылау.

Презентация

Маркелер

Флипчарт

презентация

https://www.youtube.com/watch?v=MkIKiRerB1U

Құрал-жабдықтар

Сабақтың соңы

Рефлексия

37-40 мин

«Minute Paper» Оқушылар сабақ барысында (маңызды, маңыздылығы аз, маңызды емес) алған мағыналы заттарды анықтауларын сұрау.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қауіпсіз каникул: балаларыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болады
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері