Бейорганикалық қосылыстарды және құймаларды өндіру. Аммиак, азот қышқылын өндіру. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.4B Бейорганикалық қосылыстарды және құймаларды өндіру

Мектеп: НИШ ФМН Астана

Күні: 24.11.18

Мұғалімнің аты-жөні: Уралбаева Қ.А.

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

10.4B Бейорганикалық қосылыстарды және құймаларды өндіру

Аммиак, азот қышқылын өндіру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

- аммиактың қасиеттері мен алынуын білу;

-азот қышқылының қасиеттері мен алынуын білу;

Сабақ мақсаттары

10.2.1.46 Аммиак және азот қышқылын өнеркәсіптік өндіру әдістерін және оның өнімдерінің қолданылу саласын сипаттау;

Бағалау критерийлері

Дағдылар

Сыни ойлау және қолдану

- аммиак өндірісі процесін білсе;

- аммиакты тұтынушы негізгі өндіріс аймақтарын білсе;

- аммиак өндірісінің қоршаған ортаға тигізетін әсерін білу және оны өндіруші зауыттар қалдықтарын азайту жолдарын түсіне алса;

- азот қышқылының өндіріс процесін білсе;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Ауызша немесе жазбаша түрде деректерге сәйкес қорытынды жасай алады. Көптеген / кейбір / кішігірім саны бар / аммиак және азот қышқылын өндіру ... үшін қолданылады x % әлем өндірісі ...өңдеу/дайындау үшін қолданылады

Тыңайытқыштар/химиялық өнеркәсіпті әлем өндірісінің х % қолданады

Пәнаралық байланыстар

Биология және физикамен пәнімен маңызды кейбір индустриалдық процестермен)

Бастапқы білім

Барлық алдынғы бөлімдермен байланыс бар

7.2 В Қарапайым химиялық реакциялар

7.3B Геологиялық химиялық қосылыстар

8.1B Металлдардың белсенділік қатары

8.3С Қайтымды реакциялар

9.2С Бейметаллдар және олардың қосылыстары: 16 және 17 топтары

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

  • 7 мин

Сабақтың ортасы

16-22мин

23-30мин

41-50мин

51-70мин

Үй тапсырмасын сұрау:

Тапсырма 1

Иә, жоқ” сұрақ-жауап арқылы қорытындылау.

  • Алғашқы түсті металдар Алтайда табылды. “Иә, жоқ”
  • Риддер алғашқы полиметалл комбинаты. “Иә, жоқ”
  • Жезқазған, Балқаш қалаларында мыс балқыту комбинаты бар. “Иә, жоқ”
  • Мыс пен қалайыдан жез алынады. “Иә, жоқ”
  • Мельхиор мыс пен никель қосылысы. “Иә, жоқ”
  • Мыс пен мырыштан қола алынады. “Иә, жоқ”
  • Полиметалл кені құрамында көп элементтері бар. “Иә, жоқ”
  • Мыс зауыты шикізат көзіне жақын орналасады. “Иә, жоқ”
  • Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты шикізатын Қаратаудан алады. “Иә, жоқ”

Тапсырма 2

Әр орталыққа химия өнеркәсіп өнімдерін сәйкестендіріп картадан көрсету.

Орталық

Химия өнеркәсіп өнімдері

A.

Жезқазған

1.

шина

В.

Ақтөбе

2.

синтетикалық талшық

C.

Тараз

3.

синтетикалық каучук

D.

Атырау

4.

азот тыңайтқышы

E.

Қостанай

5.

пластмасса

C.

Алматы

6.

хром қосылыстары

F.

Шымкент

7.

резеңке

H.

Ақтау

8.

күкірт қышқылы

J.

Астана

9.

фосфор

G.

Балқаш

10.

дәрі-дәрмек

F.

Теміртау

H.

Степногорск

Бағалау критерийі:

Оқушы оқу мақсатына жетеді, егер:

  • Презентацияда процестің мәнін түсіндіре алса;
  • Өндірісте қолдану әдісін көрсете алса;
  • Ия және жоқ сұрақтарына дұрыс жауап таба алса
  • Топта белсенді жұмыс жасаса

Осы кезде мына реакция жүреді:

2NH4Cl + Ca(OH)2 = 2NH3↑ + CaCl2 + H2O.

Аммиактың өндірісте алыну әдісі

Көрсетілім №3 «NH3 өндіру» (Бейнетаспа арқылы)

https://www.youtube.com/watch?v=NWhZ77Qm5y4

Видео көрсетілместен бұрын сұрақтар дайындалып, оқушыларға таратылып беріледі.

1.Габер процесінің тиімділігі неде?

2.Қайтымды реакциялар дегеніміз не?

3.Энергияның өзгеруі жөнінде ақпаратты ұсыныңыз және оларды аммиак өндірісі үшін тиімді жағдайларды болжаңыз.

4.Оптимальды температура дегенді қалай түсінесіз?

5.Лабораториялық әдіспен аммиакты өндірісте алуға бола ма? Сіз қалай ойлайсыз?

6.Ле-.Шателье принципінсіз элементар бөлшектердің теориясын қолдана отырып, тепе-теңдік әсері жөнінде баяндаңыз.

7. А4 қағазына аммиак өндірісін диаграмма түрінде сызбанұсқасын салып көрсетіңіз.

Видео көріп болған соң талқылау ұсынылады. Өндіріс схемасы туралы топта оқушылар плакат дайындайды.

Жұппен отырып есеп шығарады.

Аммиак синтезі кезінде көлемі 6,72 л азот сутек газының артық мөлшерімен әрекеттесті, реакцияның нәтижесінде 6,72 л аммиак газы алынды. Теориямен салыстырғанда өнімнің шығымын есептеңдер.

Лабораториялық әдіс:

Лабораторияда азот қышқылын оның тұздарына концентрлі күкірт қышқылын әсер ету арқылы алады. Ең алғаш бұл әдісті XVII ғасырда Глаубер қолданды. Азот қышқылының өндірісте алыну әдісін орыс ғалымы 1916 жылы И. И. Андреев ашты.

(слайд № 15).

Мұғалім демонстрациясы:

Азот қышқылының (әртүрлі көнцентрацияда алынған) мыс металымен реакциясы көрсетіледі.

Оқушыларға азот қышқылының физикалық және химиялық қасиеттері жайында өз білімдерін көрсете алуы үшін «Миға шабуыл» тапсырма беріледі. Жұптық жұмыс қасында отырған құрбысымен немесе досымен ақылдаса отырып, оқулықтың көмегімен азот қышқылының қасиеттері бойынша қысқаша ақпарат дайындайды.

Көрсетілім №4 «Азот қышқылының өндірісі» (Бейнетаспа арқылы)

https://www.youtube.com/watch?v=Fj7ooUdT26c

Азот қышқылының өндірісі бойынша зауыттың видеосы көрсетіледі.

Топтық жұмыс:

Видео көрсетілместен бұрын сұрақтар дайындалып, оқушыларға тапсырма беріледі.

  • Азот қышқылы өндірісіндегі зауыттар үшін түрлі шығындарды талқылап және баланстаңыз.
  • Зауыт құрылысының артықшылығы мен кемшілігін көрсететін плакаттар мен парақтар жасаңыз.
  • Азот қышықылы өндірісінің қоршаған ортаға тигізетін әсерін білу және оны өндіруші зауыттар қалдықтарын азайту жолдарын түсіндіріңіз.
  • А4 қағазына азот қышқылы өндірісін диаграмма түрінде сызбанұсқасын салып көрсетіңіз.

Оқушылар топта отырып талқылап, жұмыстарын презентациялайды.

Уақыт: 10 мин

Қосымша №1

Бастапқы көз:

http://www.chemguide.co.uk/physical/equilibria/contact.html

Сабақтың соңы

79-80 мин

Үйге тапсырма:

1. Азот қышқылы өндірісінің экологиялық салдарларын және азот қышқылын өндіру зауыттары қалдықтарын азайту тәсілдерін бағалау жөнінде ақпарат дайындаңыз.

2. Аммиак өндірісінің экологиялық салдарларын және аммиак өндіру зауыттары қалдықтарын азайту тәсілдерін бағалау жөнінде ақпарат дайындаңыз.

Сабақ бойынша оқушы рефлексиясы.

Бүгінгі сабақ бойынша мен қандай жаңалықпен таныстым?

Бүгінгі сабақта қандай қиындықтар туындар, мені мазалады?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?