Қазақстанда қара және түсті металдарды және олардың құймаларын алу. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары, 1 сабақ.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.4BБейорганикалық қосылыстарды және құймаларды өндіру

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10 сынып ҚҒБ

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қазақстанда қара және түсті металдарды және олардың құймаларын алу

Сабақ типі

Жаңа тақырыпты игеру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

10.2.3.8 өнеркәсіпте металдарды алу әдістерін білу

10.2.3.9 Тұрмыста, техникада және ғылымда қолданылатын маңызды құймалардың құрамын атау: шойын, болат, жез, қола, мельхиор, дюралюминий;

 Сабақ мақсаттары

  • өнеркәсіпте негізгі алу әдістерін біледі;
  • негізгі құймалардың құрамын және қолдануын анықтайды;

Бағалау критерийлері

  • металл алу әдістерін біледі;
  • шойын, болат, жез, қола, мельхиор, дюралюминий құрамын және қолдануын біледі;

 Тілдік мақсаттар

 

- қара және түсті металдарды өнеркәсіпте қалай алынатындығын, өнеркәсіп принциптерін жазбаша және ауызша түрде сипаттау

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

- қара және түсті металдар, химиялық өндіріс, бояу, эмаль, сия, қағаз, қопарғыш заттар, батареялар, жанасу аппараты, сіңіру, тотығу, жез, қола, мельхиор, шойын, болат, дюралюминий

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Әлемдік өндірістің x % ……. өңдеу/дайындау үшін қолданылады.

Әлемдік өндірістің x % тыңайтқыштар/химиялық өнеркәсіп қолданады.

Құндылықтарды дамыту

 

Ынтымақтастық: бір- бірін сыйлау

Құндылықтар: қоршаған ортаға қамқорлық және тұрақты даму үшін міндеттеме

Дағдылар : критикалық және шығармашылық даму сенім мен көрініс, диалог, оқу және рефлексия қызметінің дағдыларын дамыту

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтаны қолдану

 Бастапқы білім

9.1С Химиялық элементтердің периодтық жүйесі

9.2С 1, 2 және 13 топ элементтері және олардың қосылыстары

10.1A Атом құрылысы

10.1В Периодтық заң және химиялық элементтердің периодтық жүйесі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0 – 5 мин

 Сәлемдесу. Психологиялық дайындық.

 Бір бірімізге күлімсірейік. Бүгінгі сабақ бәрімізге қарым-қатынас қуанышын әкелсін.

 Оқушылармен бірге: мен саған жақсылық тілеймін! Мен өзіме жақсылық тілеймін! Біз бір-бірімізге жақсылық тілейміз! Егер саған қиын болса, Мен саған көмекке келем!

 Мұғалім оқушыларға сабақ тақырыбын және сабақ мақсаттарын айтады. Оқушылар өзі бағалау критерийлерін шығарады.

Химия 10 сынып ҚГБ Қазақстанда қара және түсті металдарды және олардың құймаларын алу. Презентация

1-4 слайд

Сабақтың ортасы

5-10 мин

10-15 мин

15-25 мин

Жұптық жұмыс

25-35 мин

Топтық жұмыс

  Жаңа материалды игеру

 Табиғатта металдар көбінесе қосылыс түрінде (метал кендері) кездеседі. Бұл металдардың белсенділігіне байланысты екен.

 - Металдар табиғатта бос күйінде (таза болып) кездесу мүмкін бе? Болса, бұл қандай металдар?

 (Жауабы: бұл белсенділігі төмен металдар. Мұғалім осы металдардың табиғатта бос күйінде және қосылыс түрінде кездесу мүмкіндігі туралы айтады).

 

 - Металдарды алу негізінде қандай химиялық үрдіс жатады? (Жауабы: табиғатта көптеген металдар қосылыс түрінде кездеседі. Оларды металға айналдыру үшін тотықсыздандыру қажет).

 

(С, М) Металдың табиғи қосылысын тотықсыздандырмастан бұрын, өңдеуге және әрі қарай тотықсыздандыруға қолжетімді болу үшін, оны оксидтік түрге ауыстыру керектігін оқушыларға түсіндіріңіз.

Оқушылар дәптерге жазып алады:

 Кен — жер қабығындағы бір минералдан немесе минералдар агрегатынан тұратын, пайдалы қазындылардың ерекше жекеленген табиғи жиынтығы. Ерекше бір территорияда орналасқан және жалпы геологиялық құрылысы жағынан байланысты кендер тобы бассейн немесе аудан деп аталады. Кеннен металл алу үрдісі металлургия деп аталады.

 

 Сабақ мәселесі: Неге адамзат ертеден таза металдың орнына құймаларды қолданады?

 

  • Құйма сөзіне қандай ассоциация келеді?

«Металлургия» сөзіне ассоцияация құру. Грекше metallon –кендік, металл және erqon-жұмыс. Металлургия-кеннен металды жасанды балқыту.

Оқушылар дәптерге жазып алады:

Құймалар-қажетті қасиеттері бар, екі немесе одан да көп компаненттен түзілген, оның біреуі міндетті түрде металл болатын қосылыстар.Алғаш алынған мыстың құймасы – қола болатын. Оның атымен тарихи кезең – қола ғасыры аталды. Оның қаттылығы болаттың қаттылығына жуық. Ертеде одан пышақ, балта, қару-жарақ, тұрмыстық бұйымдар жасаған.

Мұғалім ҚР физикалық картасын таратады, ал оқушылар жұпта картамен жұмыс жасайды.

(С) Оқушыларға Қазақстанның физикалық картасын беріңіз, алюминий, мыс, темір шоғырланған ең үлкен кен орындарының аймағын анықтауды және осы кен орындарының атын дәптерлеріне жазып алуды сұраңыз.

Мұғалім оқушыларды random team generator бағдарламасы арқылы 3 топқа бөлінеді. Оқушылар тақырыбы бойынша постер дайындайды және қорғайды.

1 топ - гидрометаллургия

2 топ - пирометаллургия

3 топ – электрометаллургия

(Т) (Б) Оқушыларды топтарға біріктіріңіз, металдардың гидрометаллургиялық, пирометаллургиялық, электрометаллургиялық әдістермен алу әдістері бойынша материалдарды бөліп беріңіз. Алған білімдерімен бөлісуді оқушылардан сұраңыз.

Кейін оқушылар жұмыстарын қорғап, өзара бағалау өткізеді. Топтар бір-бірін дескриптор бойынша бағалайды. Мұғалім бағыттайды.

 Критерий

 дескрипторлар 

 Төмен

 Орта

 Жоғары

 Әдемілігі және безендіру

 Постер ашық боялмаған

 Постер ашық, бірақ ақпарат жүйеленген жоқ

 Постер ашық түсті және ақпарат түсінікті

 Ақпарат беру

 Ақпарат бойынша көп қате бар

 Ақпарат бойынша 1-2 қате жіберілген

 Постерде ақпарат дұрыс белгіленген

Химия 10 сынып ҚГБ Қазақстанда қара және түсті металдарды және олардың құймаларын алу. Презентация

5-6 слайд

Қазақстанның кен орындары анықтамасы: http://geology.mid.gov.kz/kk/pages/kazakstan-ken-oryndarynyn-anyktamalygy

Химия 10 сынып ҚГБ Қазақстанда қара және түсті металдарды және олардың құймаларын алу. Презентация

7-8 слайд

Химия 10 сынып ҚГБ Қазақстанда қара және түсті металдарды және олардың құймаларын алу. Презентация

9-10 слайд

Барлығы қоспалар туралы.:

https://www.syl.ru/article/168591/new_splavyi-metallov-osnovnyie-splavyi-metallov-svoystva-metallov-i-splavov

Темірдің кен орындары картасы:

https://fs00.infourok.ru/images/doc/173/198747/img10.jpg

Химия 10 сынып ҚГБ Қазақстанда қара және түсті металдарды және олардың құймаларын алу. Презентация

11-13 слайд

Сабақтың соңы

35 – 40 мин

Сабақтың соңында оқущылар «Тірек сөздер» әдісі бойынша рефлексия өткізеді.

  •  Қандай қиындықтар болды? Неге?
  •  Оларды қалай жеңдіңіз?
  •  Не қаладыңыз? Неге жеттіңіз? Бұған қалай қол жеткіздіңіз?
  •   Сізге не ұнамады
  •  Осы тақарап бойынша қандай тапсырмаларды шығаруға болады?
  •  Сабақта қолданылған тапсырмалардан ең жеңіл, ең күрделі, ең қызықты қандай тапсырма болды? Неге?

Химия 10 сынып ҚГБ Қазақстанда қара және түсті металдарды және олардың құймаларын алу. Презентация 14 слайд

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ барысында дарынды оқушылар қолдау қөрсетеді, ал барынша үлгеретіндерге метакогнитивті сұрақ қою арқылы олардың білімдерін кеңейту қажет. Сонымен қатар ол оқушыларға қосымша күрделі тапсырма беруге болады.

Мұғалім ауызша жауаптары, тапсырмалар бойынша бағалайды.

Зертханалық жұмыс бойынша бағалау

Партада дұрыс, ыңғайлы отыруы;

Практикалық жұмыстың қауіпсіздік шараларының орындалуы (қорғағыш көзілдірік, қолғап, ақ халат).

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

1:

2:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?