Аниондарға сапалық реакциялар. Химия, 10 сынып, қосымша материал 2.
Сапа анализі заттардың қандай элементтерден, иондардан тұратынын ғана анықтайды.
Сан анализі кезінде заттар құрамындағы элементтердің, иондардың сандық мөлшері анықталады.
Заттардың құрамын зерттеген кезде алдымен оның қандай элементтерден не иондардан тұратынын, яғни сапасын анықтайды. Содан кейін оның құрамындағы элементтердің не иондардың сандық мөлшерін табады. Демек бірінші сапа, содан соң анализі жүргізіледі.
Заттардың сапалық және мөлшерлік құрамын ол заттарды анализ жасау арқылы анықтау мүмкін. Халық шаруашылығындағы әртүрлі материалдар және өнімдердің сапасы олардың өздерінің сапалық және мөлшерлік құрамына өте байланысты болады. Бұлардың сапалық және мөлшерлік құрамын жалғыз анализ жолымен анықтау мүмкін. Бұдан басқа әртүрлі геологиялық зерттеулер, биологиялық зерттеулер, қоршаған ортаның жағдайларын бақылау және қорғау, ғылыми зерттеулерді дамыту жұмыстары әртүрлі объекттерді сапалы және мөлшерлі анализ жасау жұмыстарымен тығыз байланыста болады. Демек заттарды анализ жасау әртүрлі методтары турасындағы ғылым – Аналитикалық химия деп аталады. Анализ жасалатын объект қандай да материал заттар араласпасы немесе индивидуал зат болуы мүмкін.
Химиялық анализді жүргізу үшін анализ жасалынып жатқан зат немесе оның құрамдық бөліктері аналитикалық қасиеттер немесе аналитикалық сигнал хабар деп аталатын химиялық немесе физикалық қасиеттерге еге болуы керек. Анықтаушы аналитикалық қасиеттерге : рең, иіс және химиялық реагенттермен өзара әсерлескенде бояулы қосылыстар, тұнба- шөкпелер, газдар пайда ету қабілеттерін енгізу мүмкін.
Аналитикалық эффекттер пайда ететін химиялық реакциялар аналитикалық химиялық реакциялар деп аталады. Аналитикалық реакцияларды өткізу үшін керек болған реактивтер – Аналитикалық реагенттер деп аталады.
Аниондарға сапалық реакциялар
Анион | реактив | Реакция белгісі. Реакция теңдеуі |
SO42- | Ba2+ | Қышқылда рімейтін ақ тұнба: Ba2+ + SO42- = BaSO4↓ |
NO3− | 1) H2SO4 (конц.) , Cu, нагреть
2) H2SO4 + FeSO4 | 1) көк түсті ерітінді Cu2+, қоңыр газ (NO2) 2) күлгін (II) [Fe(H2O)5NO]2+. |
PO43- | Ag+ | Ашық сары тұнба: 3Ag+ + PO43- = Ag3PO4↓ |
CrO42- | Ba2+ | Сары тұнба: Ba2+ + CrO42- = BaCrO4↓ |
S2- | Pb2+ | Қара тұнба: Pb2+ + S2- = PbS↓ |
CO32- | 1) Ca2+
2) H+ | 1) ақ тұнба: Ca2+ + CO32- = CaCO3↓ 2) әк суын лайландыратын газ: CO32- + 2H+ = CO2↑ + H2O Ca(OH)2 + CO2 = CaCO3↓ + H2O |
CO2 | Ca(OH)2 | Ақ тұнбы соңынан ериді: Ca(OH)2 + CO2 = CaCO3↓ + H2O CaCO3 + CO2 + H2O = Ca(HCO3)2 |
SO32- | H+ | Газ SO2 : 2H+ + SO32- = H2O + SO2↑ |
F− | Ca2+ | Ақ тұнба: Ca2+ + 2F− = CaF2↓ |
Cl− | Ag+ | Ақ тұнба: Ag+ + Cl− = AgCl↓ AgCl + 2(NH3·H2O) = [Ag(NH3)+ + Cl− + 2H2O |
Br− | Ag+ | Ақшыл тұнба: Ag+ + Br− = AgBr↓ |
I− | Ag+ | Сары тұнба: Ag+ + I− = AgI↓ |
OH− | Индикатор: — лакмус — фенолфталеин |
— көгереді — таңқурай түсті |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?