Адам өміріндегі йодтың биологиялық рөлі. Қазақстан халқының денсаулығын йод жетіспеушілігінен туындайтын аурулардан қорғау шаралары. Химия, 10 сынып, қосымша материал 3.


Кіріспе

Йод аса маңызды микроэлементтердің біріне жатады. Организмнің қалыпты дамуы үшін ол аса қажет, солай бола тұра қажетті мөлшері өте аз не бары 100-150 мкг. Ол адамға ғана керек емес, жануарлар мен өсімдіктерге де қажет, бұл йодтың жер бетіндегі бүкіл тірі материялар үшін маңыздылығының айғағы..Өткен ғасырдың басында Наполеонның толып жатқан басқыншылық соғыстарына өте көп керекті «мылтық дәрісін» (порох) жасауға селитра қажет болды; Селитраны теңіз балдырларынан алуды көп кісі кәсіп қылды. Париждің түбіндегі аптека ұстаушы Куртуа селитра заводын салды. Селитра қайнататын қазанның түбінде бір белгісіз тұздарды зерттей келе, оның күкірт қышқылымен әрекеттесе күлгін түсті будың шыққанын байқайды, буды жинаса ол металл сияқты жылтыр кристалдарға айналады. Куртуа бұл затты таныс профессоры Клеманға, ол Гей-Люссакқа береді. Гей-Люссак оны қонаққа келген Дэвиға көрсетеді. Гей-Люссак пен Дэви мұның қасиетін зерттеп Кутуаның тапқаны жаңа элемент екенін анықтайды. Оны иод (грекше «йодос»-күлгін түс) деп атайды. Йод 1812 жылы ашылды жəне осылай деп аталуына буларының күлгін түсті (iodes –грекше «күлгін») болуы себеп болды. Йод қоры көбінесе сулы ортада жинақталған. Сондықтан болар суда планетадағы салмағы мен тұрқы ең ірі хайуанаттар тұрақтаған. Мысалы, қанық көк немесе аспан көк түсті кит – бювал, массасы 150 тонна жəне дене ұзындығы 30 метр. Əлемдегі бүгінгі ғылыми танылғандар ішінде бұдан ірі жануар жоқ. Теңіз жануарлары арасында өмір сүру уақыттары ұзақтығынан да рекордтар бар, мысалы, теңіз тасқабалары 200–300 жыл өмір сүреді Топырағы мен суы йодпен қаныққан аудандарда өсетін өсімдіктердің тұрқы ғаламат үлкендігімен таңқалдырады. Оған мысал ретінде гиганттық секвойя – мамонт ағашын қарастыруға тұрады, ол Калифорнияның Тынық мұхиттық жағалауларында өседі жəне оның биіктігі 140–160 м, ал діңгегінің диаметрі 10 м жəне одан да артық болады. Секвойя ағашы мыңдаған жылдар жасайды, қалай болғанда да, бұл ағаштың 4500 жыл жасаған даналары ғылымға танымал. Ғалымдар секвойя ағашы 9000 жыл жасауы да ықтимал деген байламға келіп отыр. «Бұл ғаламат алып ағаштардың өсуіне керекті жалғыз жағдайға йодтың буларына қаныққан теңіз тұманы жатады», – деп санайды биология ғылымының докторы, профессор В.О.Мохнач . Йод жылжымалы жəне айқын белгілері бар, табиғатта біркелкі таралмаған жер қыртысының элементі. Йодтың биосферадағы айналымы көбінесе территорияның теңіздер мен мұқиттардан алшақтығы, жердің рельефі, жəне де су мен топырақтың қышқыл-негіздік қасиеттері сияқты факторларға байланысты.Табиғаттағы йод айналымында, оның негізгі бөлігі теңіз суында таралған. Жəне оның топырақтағы негізгі көзіне атмосфералық йод жатады, ал өз кезегінде ол атмосфераға теңіздер мен мұхиттардан түседі. Мұхиттың 1м² ауасында 10 мкг жəне одан да артық йод көлемі бар, ал континент ауа қабығында – 0,5 мкг (бұл өте аз мөлшер). Осыған байланысты теңіз жəне мұхиттарға жақындық, желдің бағыттары жəне жауын-шашын мөлшері йодтың топыраққа түсуінде аса маңызды роль атқарады. Йод табиғатта үнемі айналымда болғандықтан, үздіксіз қозғалыста: мұхит пен теңіздегі сулардан буланып атмосфералық ауада қоюланып жиналады, содан кейін жауын-шашынмен араласып жердің топырақты қыртысына қайта оралады. Жер топырағында йодтың таралуы 50-ден 9000 мкг/кг-ға дейін болады жəне ол соңғы (төртінші) мұз дəуіріндегі оның қату деңгейіне байланысты. Оның концентрациясы балшықты, көмірленгендікті, қара топырақты жерлерде (1–50 мкг йод/1 г топырақта) жоғары, ал құмдауытты жəне күлденген жерлерде (0,5–10 мкг йод /1 г топырақта) төмен болады. Жауын-шашындағы жəне өзен суларындағы йод концентрациясы 5 мкг/л, ал атмосфера ауасында – 0,5 мкг/л болады. Табиғатта йод түрлі формада кездеседі – органикалық жəне органикалық емес, жəне де оның басым бөлігі йодид жəне йодат түрінде таралған. Сонымен, йодтың көп мөлшері топырақтың жоғарғы қабатынан мұздықтардың еріген суларымен жəне жауын-шашындармен шайылып, өзендер арқылы теңіздер мен мұхиттарға құйылады. Йод топырақтың терең қабаттарында да болады жəне мұнай бұрғыларынан шығатын топырақтарда кездеседі. Терең қазылған құдықтардан бөлінетін сулар йодтың маңызды көзі болуы ықтимал. Жалпы алғанда, жер қыртысының жоғарғы қабаты неғұрлым кəрі болса, ол сыртқы əсерлерге көп тап болған (эрозияларға), сондықтан йодқа ол соғұрлым кедейлеу. Йод таулы жерлерде өте аз кездеседі, содан кейінгі кезекте – шөл жəне жазықты жерлерде. Таулы жердің тұрғындары йод тапшылығынан пайда болатын – жемсау (зоб) ауруларына бейім келеді. Аймақ теңіз бен мұхиттардан неғұрлым алшақ болған сайын, оған қоршаған орта соғұрлым кедейлеу келеді. Қазақстанның бүкіл территориясы дерлік бұл минералдың мөлшері тұрғысынан жұтаң өлкеге жатады. Бұл йод тапшылық пен жемсаудың кеңінен таралуына соқтырады.

Зерттеу бөлім

  • Йодтың организмдегі ролі

Организмдегі йодтың 80% (15– 20 мг) жуығы қалқанша безінде жинақталынған. Қалқанша без барлық омыртқалы жануарларда болатын ішкі секреция бездерінің ішіндегі ең ірісі. Қалқанша без көмекейдің алдыңғы жағына орналаскан. Ересек адамдарда оның салмағы шамамен 30-60 г, пішіні таға тәрізді, бірімен-бірі өзара байланысқан екі бөліктен тұрады. Қалқанша безде іші шырышты затқа толы қуыстар бар. Шырышты заттан тироксин гормоны бөлінеді, ал оның құрамында йод болады. 50 жастан әрі қарай калқанша бездің салмағы мен мөлшері кішірейеді. Жаңа туған баланың қалқанша безінің салмағы 1-2 г.

Қызметі:

1) тироксин гормоны барлық зат алмасуға (нәруыз бен май) қатысады;

2) ағзаның өсуі мен дамуына әсер етеді;

3) жүйке жүйесі мен жүрек жұмысының қозуын арттырады. Қалқанша бездің қызметі бұзылғанда пайда болатын ауытқулар. Қалқанша безден бөлінетін гормондар жетіспесе, адам микседема (грекше «мyха» — шырыш және «оідема» — ісіну) ауруына шалдығады.

Аурудың белгілері:

1) ағзада зат алмасу 30-40%-ға дейін бәсеңдейді, әсіресе нәруыз алмасуы бұзылады;

2) терінің астына су жиналады, тері құрғап, дене ісінеді;

3) дене температурасы төмендейді;

4) жүрек соғысы баяулайды;

5) қозғалысы бәсеңдеп, ойлау қабілеті нашарлайды; шашы түсіп, сирейді.

Ауруды тироксин гормонымен емдейді. Тироксин гормонының синтезделуі ағзада йодтың болуына байланысты. Адам йодты, йодты калий, йодты натрий түрінде тағаммен қабылдайды. Адам денесінде 30-50 мг йод болса, соның, шамамен 15 мг қалқанша безде кездеседі

Егер ішетін су мен тағамда йод жетіспесе, адам іспебұғақ (эндемиялык зоб) ауруымен ауырады . Мұндай ауру әсіресе топырақ пен судың құрамыңда йодтың аз болуынан пайда болады. Тәулігіне адамның қабылдайтын йод мөлшері 0,15-0,20 мг болуы керек.

Аурудың белгісі. Қалканша бездің ұлпалары өсіп, ұлғайып, салмағы 1 кг-ға дейін жетеді, сон-дыктан оны алкым ісуі дейді. Бұл ауруды емдеу және болдырмау үшін ас тұзына йод (100 кг ас тұзына 2,5 г йодты калий тұзы) қосады. Балабакша мен мектептерде балаларға дәрі береді. Дәрінің бір түйірінің құрамында 1 мг йодты калий бар.

Тироксин — гормонның түзілуі мен бөлінуін гипофиздің алдыңғы бөлігінен бөлшетін гормондар реттейді. Қанда тироксиннің концентрациясы қалыпты деңгейде болтан кезде, гипофизден бөлінетін гормонный мөлшері азаяды. Бұл тироксиннің қалыпты деңгейде болуына көмектеседі

1.2 Адамдардың йодқа қажеттілігі

Өткен жылғы денсаулық сақтау ұйымының берген мәліметі бойынша, әлемде 650 млн адам осы дертпен күресуде. Ал, 2 млрд адам ағзасында осы дерттің айқын белгілері көрініс берген. Йод жетіспеушілігі ағзаға қалыпты қабылданып отыратын йодтың жеткілікті дәрежеде болмауынан пайда болады. Балалардағы йод жетіспеушілігі салдарынан бала ақыл-ойының артта қалуындағы әлсіз көріністерден критинизмге дейін жетеді, көңіл күйінің тұрақсыздығы, депрессияға ұшырауы мүмкін, әлсіздік, ұмытшақтық, есте сақтау қабілетінің төмендеуі, оқушылар зейіні шоғырлануының төмендеуі, қозғыш болып келеді. Сонымен қатар, жүйке жүйесімен қоса барлық ағза зардап шегеді. Балалар бас сүйегі ішіндегі қысымға байланысты бас ауруына, әлсіздіктің пайда болуына, терінің сұрлануына шағымданады, астеникалық синдром көріністері, кардиологиялық өзгерістер – ырғақтың бұзылуы, АҚ жоғарылауы немесе төмендеуі, инфекциялық және суық тию ауруларының жиілеуі, екінші иммундық жетіспеушілігі салдарынан өткір аурулардың созылмалы түрге өтуі, бұлшық ет сұлбасының әлсіреуіне байланысты дене бітімінің өзгеруі болуы мүмкін. Осының барлығының себебі – йодтың жетіспеушілігі. Күнделікті ағзаға йод түсіп тұрғанымен, ағзаға сіңуіне кедергі жасайтын себептер бар. Адам ағзасында микроэлементтің сіңуіне кедергі жасайтын бірнеше себептер: дұрыс тамақтанбау, микроэлементтер мен дәрумендер. Йод тұздан тез ұшып кететіндіктен оны қараңғы жерде, қақпағы тығыз жабылатын ыдыста сақтау қажет. Сонымен қоса балалар мен жүкті әйелдерге, бала емізетін әйелдерге йодтың физиологиялық мөлшерін қабылдау қажет (идомарин, иодбаланс, калий иодиді).

Йодтың күндік нормасы

Йод мөлшері (мкг)

Категориясы

Жасы

50

Емізулі сәби

Алғашқы 12 айда

70

Ерте жастағы балалар

1- ден 2 жасқа дейін

90

Мектеп жасына дейінгі балалар

2- ден 6 жасқа дейін

120

Бастауыш және орта сынып оқушылары

7- ден 12 жасқа дейін

150

Жасөспірімдер, ересектер

12- ден жоғары жастағылар

200

Аяғы ауыр әйелдер мен бала емізетін әйелдер

1.3 Йод тапшылық аурулары

Йод – адамның қалыпты өсуі мен дамуына қажетті микроэлемент болып табылады. Адам организміне тағам мен судан түсетін қажетті йод мөлшерінің жетіспеуі йод жетіспеушілік аурулары мен бұзылушылықтарына әкеліп соғады. Адам ағзасында йодтың жетіспеуі ойдың ғана емес, бойдың да өсуін тежейді. Тіпті, психикалық сырқаттарға соқтыруы мүмкін. Қалқанша безінің қабынуы салдарынан ағзадағы зат алмасуы бұзылады. Ал кейбір жағдайда адамның құлағы естімей қалуы да мүмкін. Йод тапшылығынан Базедов жемсауы, спорадиялық жемсау, эндемиялық жемсау, атиреоз, гипотиреоздар, ісіктер пайда болуы ықтимал. Ауру асқынып, созылмалы болып келсе, науқастың айығуы қиындай түседі. Йоджетіспеушілік ауруларының ішінде аса қауіптісі — эндемиялық жемсау. «Эндемиялық» деген термин «белгілі аймаққа тән» деген мағынаны білдіреді. Мұның салдарынан көптеген аурулар, мәселен, түйінді құрылымдар мен қатерлі ісіктер дамуы мүмкін. Йоджетіспеушілік ауруларының ең ауыр түрлері – балалардың ақыл-есі мен дене бітімі дамуының кешеуілдеуі, жыныс органдарының жетілмеуі, екіқабат әйелдердің түсік тастауы немесе керең, көзі көрмейтін, ақыл-есі кем балалардың тууы. Барлық аймақтарда қалқанша безінің эндемиялық ұлғаюы (эндемиялық жемсау) ұл балаларға қарағанда, қыз балаларда көбірек кездеседі (45%-50%), эндемиялық жемсау 6-7 жастан басталып, есейе келе тіпті жоғары деңгейге ұласады. Йод жетіспеушілігінен туатын аурулардың бірі — жемсау (зоб). Бұл қалқанша бездің үлкеюі. Эндемиялық жемсау Қазақстанның барлық облыстарына тараған. Ол әсіресе республикамыздың оңтүстігі мен шығысында жиі кездеседі. Эндемиялық жемсауға душар болған бала тез ашуланғыш, тершең болады, инфекциялық аурулармен көп ауырады. Әлсіз, шаршағыш келеді. Мектептегі сабақ үлгірімі нашарлап, бойының дұрыс өспей қалуы, тіпті жыныстық жетілуінің бұзылуы ықтимал. Дер кезінде емделмесе мұндай баланың ойлау қабілеті төмен болып, мектепке барғанда нашар оқиды. Бойы дұрыс өспей, жыныстық тұрғыдан жетіспей, жүрек жұмысының нашарлауы да ықтимал жеткіліксіздігі. Көп жағдайда зоб диетада, аста йодтың жетіспеушілігінен пайда болады Жүкті әйелдің организмінде йодтың жетіспеушілігі баланың өлі тууына немесе ақьш-есі кем, мылқау боп тууына себепші болуы мүмкін. Мұндай жағдай анасы жемсау боп ауырмаса да болуы мүмкін. Зоб пен кретинизм ауруы көбіне жердің қойнау қабатында, су мен аста йод құрамы аз болып келетін таулы аймақтарда жиі кездеседі. Таулы аймақ тұрғындары үнемі бір өңкей азықпен, мәселен, маниока сияқты организмді зоб ауруына шалдықтыруға бейім тағамдармен көп тамақтанбауы қажет.

Зобты қалайша алдын алып емдел жазуға және кретинизмді қайтіп болдырмауға болады: Зоб ауруы көп тараған аймақта тұратын адамдардың барлығы ішіп-жемінде йодталған тұзды қолданулары қажет. Бұл зобтан алдын-ала сақтандырғыш әрі оны емдеп жазатын дәрмек те болып табылады (қатайып, беріштеніп кеткен жемсауды тек қана хирургиялық жолмен алып тастауға болады, бірақ мұның қажеттілігі жоқ).

Кретинизм — Меңіреулік. Бала кемақыл, көбінде саңырау болып туатын жағдай. Бұл әдетте, анасының диетасында йодтың жетіспеуінен болады. Балаларда қалқанша бездің қызметі жеткіліксіз болғанда, ойлау процесі баяулайды, дене бітімі мен үлкен ми сыңарлары қыртысының қызметі бұзылады, өсу және жыныстық жетілу тоқтайды. Мұндай ауру кретинизм деп аталады. Егер дер кезінде емдесе, ауру салдарынан арылуға болады.

Микседема- ересек адамда қалқанша бездің гормондары жеткіліксіз бөлінсе, микседема ауруы дамиды . Ауырған адамның шашы түседі, қан қысымы төмендейді, жүрек соғуы (пульс) сирейді. Микседемаға шалдыққан ауру адамдар бірте-бірте ақыл — есінен айырылып, тері астында су жиналады , нәруыз алмасу баяулайды.. Микседеманы емдеу үшін ауру адам қалқанша без шығаратын гормондарды (тиреоидин, дииодтирозин, т.б.) тұрақты түрде қолдануы керек.

Базедов ауруы -қалқанша бездің шамадан тыс жоғарласа және организмде гормондар артық мөлшерде болса ,зат алмасу қарқындылығы артады,жүрек қағуы жиілейді,жүйке жүйесінің қозуы жоғарлайды.Адам көп тамақ ішсе де арықтайды. Сонымен қатар өте ашуланшақ,қатты терлегіш болады.Көз қарасы бей жай болса да ,көзі бадырайып тұрады .

  • Йоды бар тамақ өнімдері

Йодтың 90 пайызын адам тағамнан алады, ал қалғандарын ауа мен судан алады. Сондықтан йод жетіспеушілігінің алдын алуда дұрыс тамақтану басты рөл атқарады. Тағам арқылы йодты қабылдау экономикалық, физиологиялық, рационалдық жағынан дұрыс деп есептелсе де, қазіргі таңда ол жеткіліксіз болып отыр. Йод жетіспеуінің алдын алудың ең бір тиімді жолы – йодпен байытылған теңіз өнімдерін (теңіздің ұсақ жәндіктерін, теңіз балықтарын, теңіз балдырларын, теңіз қырыққабаттарын) тағамға пайдалану болып табылады. Және де ет, сүт, жұмыртқа ағзаға йод беретін негізгі тағамдар екенін есте ұстаңыз. Бірақ ет пен балықты қайта-қайта мұздатқанда ондағы йод жойылып кетеді. Сонымен қатар көкөністер ішінде – қызылша, шпинат, қызанақ, сәбіз, картоп, орамжапырақ, пияз, бұршақ, сарымсақ, ал жеміс-жидектер ішінде – құрма, алма, жүзім, шие, қара ала шабдалы, грек және балқарағай жаңғақтарында, ал жармалар ішінде – қара құмық және тары құрамында да йод мол. Сондықтан күнделікті өмірде аталмыш тағамдарды жиі пайдалану – йод жетіспеушілігін болдырмаудың басты жолы. Әлсіз топтар, ерте жастағы және мектеп жасындағы балалар арасындағы йод жетіспеушілігін жою үшін топтық алдын алу жұмыстарын жүргізу қажет, ол үшін әлемдік тәжірибеге сай 100, 200 мкг йодид, йодомарин таблеткаларын қолдану қажет. Осыларды ұсына отырып, біз өзгеріске түскен қалқанша безі гормондар синтезін қайта қалпына келтіруге ықпал етеміз.

Сондықтан, жоғарыда айтқанымыздай, күнделікті тағамның құрамына ерекше мән беру керек.

Йод өсімдік өнімдерінде – 60-150 микрограмм, жануар өнімдерінде – 30-70, суда – 8, ауада – 2 микрограмм болады. Алайда, аспаздық өңдеу кезінде йодтың 14-тен 65%-ға дейінгі мөлшері жойылады. Нанды пісіргенде бұл көрсеткіш – 84%, сүтті пісіргенде – 26%, жармалар мен бұршақтарды қайнатқанда – 47-64%, көкөністерді пісіргенде – 62%, етті – 45%, балықты қуырғанда, қайнатқанда йодтың бастапқы мөлшерінің 74% жойылады екен. Осы қарапайым ғана пайыздарды есте ұстап, тағамның құнарлылығына мән бере жүргейсіздер. Йодты тұтыну қажеттілігі адамның жасына байланысты. Соңғы мәліметтер бойынша, ДДҰ ның және ЮНИСЕФ ұсынылған йодты күнделікті тұтыну қажеттілігінің мөлшері:

Йод бар өнімдерді қабылдағанда

(80 – 85 % мөлшерін ал үшін) мынаны ескер жөн:

1)йодтың қалқанша безге кіруі үшін фермент, селен, мырыш, темір және А, Е дәрумендері бірге жүруі қажет.

2) микроэлементтер пісіру кезінде жойылып кетеді. Егер сорпа дайындасаңыз әңгіме басқада, ал тек картоптың өзін қайнатсаңыз, йод сумен бірігіп өзгеріске ұшырайды.

3) кейбір тамақ өнімдері йодты өзіне «байлап» алып, ағзаға сіңірілуін нашарлатады, ондай қасиетке барлық шаршыгүлділер: орымжапырақ, шалқам, шалқан, шомыр, соя, бұршақ жатады. Бұл оларды жемеу деген емес, керісінше соларды көбірек мөлшерде қабылдау керек деген сөз.

4) йод жетіспеді екен деп тек йодталған өнімді ғана жеуге болмайды, тепе – теңдік сақтап, май, ақуыз, көмірсуларды да аз мөлшерде қабылдар отырыңыз.

5) йодтың спирттегі ерітіндісін тікелей пайдалануға мүлдем болмайды, 1 тамшы йодтан 11 күндік мөлшерін бірден аласызда, қалқанша безді «отырғызасыз» және таза йод аллергия беруі мүмкін Адамның өмір сүруіне бүкіл өмір бойы бір қасық қана йод жеткілікті. Йод адам ағзасында 20 – 30 мг мөлшерінде ғана болса да өте маңызды үрдістерді атқарады

2. Пайдалы кеңестер

2.1. Аяғыңыз тона беретін болса далаға шығарды аяққа йод торын жасап алыңыз.Күн қандай болса да бойыңыз жылы жүреді әрі суық тиюдің алдын аласыз. Ал мұрыннан су ағып ,тамақ қарлыға бастаған кезде ұйықтар алдында өкшеге йод торын жасау керек.Ондайда ауру бойға дендемей ,тез арада жазылып кетесіз.

2.2.Йодтың жүйке жүйесіне пайдасы

Йод жетіспегенде ағза шаршап, есте сақтау нашарлап, жүйке жүйесі әлсірейді. Ағзаға йод жетіспеушілігін тудырмас үшін жылына бір рет тексеріп тұру крек. Кешкілік шынтақтың ішкі жағына йод пен 3 сызықша сызады. Оның біреуі қанық, екіншісі орташа ,үшіншісі көмескілеу етіп жағады .Егер ертеңіне жұқа жағылған йод сызықшасы ғана жоқ болып кетсе, ағзадағы йод көлемі қалыпты дегенді білдіреді .Ал орташа жағылғаны да көрінбей немесе қанық түстісі де көмескіленсе –йод жетіспегендігі. Ондайда тез арада йодтың орнын толтыруға кірісу керек.Бір апта бойы күнделікті дененің белгілі бір бөлігіне йод торын сызады . Алғашында оны оң аяқтағы өкшенің жоғарғы жағына ,онан соң сол аяқтағы өкшенің жоғарғы жағына жасады жасады. Кейін оң алақанның жоғарғы жағына , келесі күні сол алақанның жоғарғы жағына ауысады .

Сосын қайтадан оң мен сол өкшеге салып,аптаның соңыңда сол білектің жоғарғы жағына жасады . Ережеден ауытқымай жасағанда ғана ағза қажетті йодты алады

3.3. Йодталған тор салу әдісі

Мектеп медбикесімен бірге 8-9 сынып оқушыларына йодталған тор салынды. Тордың 10-12 сағаттан соң және 1-2 күннен соң жоғалғаны бақыланды.

Қорытынды

Нәтижелерді қорытындылай келе, оқушылардың көбісінде йод мөлшерінің аздығы байқалды. Әсіресе йод тапшылығы жыныстық жетілу кезеңінде, бұл кезде ағза қарқынды дамып өседі, сондықтан оған көптеген микроэлементтер қажет. Күнделікті тамақтанатын тағамдарда олар аз болғандықтан, әр түрлі заттардың тапшылығы байқалады, әсіресе йод. Сонымен қоса жоғарғы сыныптарда сабақтар күрделенетіндіктен йод оқушыларға өте қажет. Уақытында йодтың алдын алу өскелең ұрпақтың – біздің болашағымыздың денсаулық деңгейін, үйлесімді дамуды, интелектуалды әлеуетті қалпында ұстауға жағдай жасайды. Әр адам өзінің және туыстарының денсаулығына ұқыпты қарау керек. Йод тапшылығы көптеген ауруларға әкелуі мүмкін, сондықтан тамақтануға көп көңіл бөлу қажет және тағамға құрамында йод бар әр түрлі қоспаларды қосу қажет. Шамамен 60 мкг йод күніне. Бұл мәселенің өзектілігі өте жоғары, зерттелген оқушылардың 40%-ында йод тапшылығы кездесті. Күнделікті тұтынатын тағамдар арасында иодтың мол болуын қатаң қадағалап отыру қажет деп ойлаймын Сондай-ақ қытайлық тағамдарды арзан деп тұтынатындар жетіп артылады. Сапасы күмәнді мұндай тағамдарды мүлде пайдаланбауға кеңес берсек те құлақ асатындар шамалы. Ағзадағы иод жетіспеушілігінің орнын толтыратын түрлі препараттар бар. Мүмкін болғанынша соларды пайдаланған да дұрыс деп ойлаймын. Оқушылармен профилактикалық жұмыстар жасау қажет. Йод дәрілерін өз денсаулығына жаны ашитын әр адам қолдануы керек Йод тапшылығын алдын алу үшін мына шараларды қолдану қажет:

— Йодпен байытылған тағам өнімдерін пайдалану

— Теңіз тағамдарын жиі пайдалану

— Йод балансын сақтау үшің биологиялық белсенді заттарды қабылдау.

— Йодталған ас тұзын пайдалану

— Құрамында йоды бар дәрілерді пайдалану



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?