«Темір (ІІ) және (ІІІ) гидроксидін, мыс (ІІ) гидроксидін, цинк гидроксидін, хром (ІІІ) гидроксидін алу, олардың қышқыл және негіздермен реакцияларын зерттеу. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.3С d-элементтері және олардың қосылыстары

Мектеп: "Көкшетау ФМБ НЗМ"

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Абильмажинова Т.Т.

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

«Темір (ІІ) және (ІІІ) гидроксидін, мыс (ІІ) гидроксидін, цинк гидроксидін, хром (ІІІ) гидроксидін алу, олардың қышқыл және негіздермен реакцияларын зерттеу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.2.1.30 «Темір (ІІ) және (ІІІ) гидроксидін, мыс (ІІ) гидроксидін, цинк гидроксидін, хром (ІІІ) гидроксидін алу, олардың қышқыл және негіздермен реакцияларын зерттеу

 Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Темір (ІІ) және (ІІІ), мыс (ІІ), цинк, хром (ІІІ) гидроксидтерінің формулаларын құрып, атын атайды
  • Олардың қасиеттерін сипаттай алады

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Темір (ІІ) және (ІІІ), мыс (ІІ), цинк, хром (ІІІ) гидроксидтерінің алыну реакция теңдеулерін жаза алады
  • Түзілген гидроксидтердің түстеріне сәйкес анықтай алады

Кейбір оқушылар:

  • Түзілген гидроксидтердің қасиеттерін салыстырып, сәйкес қорытынды жасай алады

Жетістік критерийлері

  • Егер темір (ІІ) және (ІІІ) гидроксидін, мыс (ІІ) гидроксидін, цинк гидроксидін, хром (ІІІ) гидроксидін тәжірибе нәтижесінде ала алса
  • Темір (ІІ) және (ІІІ), мыс (ІІ), цинк, хром (ІІІ) гидроксидтерінің екідайлық қасиетін дәлелдей алса

 Тілдік мақсаттар

 

Терминология: екідайлы, негіздік, ерімейтін негіз, сілті

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • Натрий гидроксидінің артық мөлшерінде ... тұнбасы ериді
  • ... тұзына натрий гидроксидін қоссақ, ... түсті тұнба түзіледі

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Нақтылық, тазалық, ұқыптылық, жан-жақтылық, патриотизм

 Пәнаралық байланыстар

Математика – формулаларды құрастыр

 АКТ қолдану дағдылары

Бастапқы білім

10.2.1.24 d-элементтерінің периодты кестеде орналасуы

10.2.1.26 Мыс пен мырыш иондарына сапалық реакция

10.2.1.29 Fe2+ және Fe3+ иондарын анықтай білу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

5 минут

Стартер:

Оқушыларға темір (ІІ) және (ІІІ) гидроксидін, мыс (ІІ) гидроксидін, цинк гидроксидін, хром (ІІІ) гидроксидінің формулаларын жазып, алыну реакцияларын жазуларын сұрау.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын оқушылармен бірге анықтау.

Ақ тақтайша, маркерлер

20 минут

Жұмысты бастамас бұрын оқушылар практикалық жұмысты орындау кезінде туатын қауіптерді алдын-ала анықтайды.

№ 1 Практикалық жұмыс «Темір (ІІ) және (ІІІ) гидроксидін, мыс (ІІ) гидроксидін, цинк гидроксидін, хром (ІІІ) гидроксидін алу, олардың қышқыл және негіздермен реакцияларын зерттеу

Жұмыс тәртібі: Бір сынауыққа 4-5мл FeCl2 ерітіндісін, екіншісіне Fe2(SO4)3 ерітіндісін, үшіншісіне CuSO4 ерітіндісін құйып, төртіншісіне ZnSO4 ерітіндісін, бесіншісіне СrCl3 ерітіндісін құйып, түстерін бақылайды. Содан сон, 4-5 мл NaOH ерітіндісін құйып, өзгерістерді бақылап, бірінші бағанға толтыру. Содан соң, алынған ерітінділерді екі пробиркаға бөліп, біреуіне NaOH ерітіндісін қайтадан құйып, өзгерістерді 2 кестеге толтыру, ал екінші бөлігіне HCl ерітіндісін құйып, өзгерістерді екінші кестенің 2 бағанына толтыру

Жұмыс парағы, FeCl2 ерітіндісі, Fe2(SO4)3 ерітіндісі, CuSO4 ерітіндісі, ZnSO4 ерітіндісі, СrCl3 ерітіндісі, NaOH ерітіндісі, HCl ерітіндісі, сынауықтар

10 минут

Алынған білімді қолдану біліктерін дамыту мақсатында, келесі тапсырмаларды ұсынуға болады.

Бұл жерде деңгейлік тапсырмалар ұсынылып, топтық жұмыс ұйымдастырылады

Дидактикалық материал

5 минут

Сабақты жалпылау ретінде келесі тапсырма ұсынылады:

Гидроксид атауы

Формуласы

түсі

Қасиеті

Fe(OH)2

көк

амфотерлік

Темір (+3) гидроксиді

ақ

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?