Сулы ерітінділердегі галоген иондарды анықтау. Зертханалық жұмыс №8 Сулы ерітінділердегі галоген иондарды анықтау арқылы галогендердің қасиеттерін ұғыну. Химия, 10 сынып, презентация.


Сулы ерітінділердегі галогенид иондарды анықтау.

Оқу мақсаты: Галоген иондарды эксперименттік жолмен анықтауды жоспарлау және жүргізу.

Сабақ мақсаты:

-Галогендердің реакцияға түсу белсенділігін сипаттау,

-Галогендер реакцияларының теңдеулерін жазу;

-Галидтердің химиялық қасиетін сипаттау үшін лабораториялық жұмыс жасау

Бағалау критерийлері:

зерттеуде қолдану үшін тиісті жабдықты таңдап, сондай-ақ оларды қауіпсіз қолдануды жоспарлай алады.

зерттеу бойынша реакция, молекулалық, толық, қысқартылған иондық теңдеуді жаза алады;

зерттеу нәтижелерін қорытындылайды

Үй тапсырмасын сұрау

1.Галогендердің кристалдық торы қандай?

2.Галогендерді тағы қалай атауға болады?Неліктен?

3.Галогендердің сутек және оттек молекуласынан ерекшелігі?

4.Табиғатта галоген бос күйінде кездесе ме? Не үшін?

5.Қай элементтің тотықтырғыштық қасиеті басым? Неге?

6.Ең күшті және ең әлсіз бейметалдық қасиетті қай галогендер көрсетеді?

7.Не себепті галогендер жоғарғы химиялық белсенділікті көрсетеді?

8.Хлорлылау қышқылы қалай түзіледі?

9.Қызыл қоңыр түсті сұйық галоген?

10.Тұз қышқылының тұздары қалай аталады?

Лабораториялық жұмыс. Хлор, бром, йодқа сапалық реакция.

Керекті құрал-жабдықтар: 0.2М KCL, KBr, KI ерітінділері, хлор суы, бром суы, йод суы, магний, цинк, кристалды йод, химилық стақан, пробирка, микрошпатель, фарфор ыдысы, шыны таяқшалары, пипетка

Галоген реакциясы

1.Магний бромиді және цинктің тотығуы

Екі пробиркаға 3-5 тамшы бром суын және бірінші пробиркаға аз мөлшерде магний ұнтағын, екінші пробиркаға цинк ұнтағын салынады. Шыны таяқшамен мұқият араластырыңыз. Ерітінді түсін анықта.

2.Алюминий йодының тотығуы

Тигель ыдысына бір микрошпательмен йод және алюминий ұнтағын салыңыз. Мұқият шыны таяқшамен араластырыңыз. Қоспаға 1-2 тамшы дистелденген су қосыңыз. Пайда болған йод тамшыларын бақыла.

Демонстрация: Йод сублимациясы

Бірнеше йод кристаллдарын (0,3г) және (0,1 г) калий йодидін шағын химиялық стақанға құйып, шыны таяқшамен араластырыңыз. Стаканды салқын су құйылған дөңгелек табанды колбамен немесе сағат тәріздес шынымен жауып, асбест сеткасы арқылы спирт шамы жалынында қыздырыңыз. Қорытындысын жазыңыз және пайда болған құбылысқа анықтама беріңіз. Йод құрамындағы хлор және бромның мүмкін болатын қоспаларын ажырату үшін калий йодиді қосылады. Йод зиянды. Қорғаныш көзілдіргін тағып, тәжірибені тартпа шкафында жүргізіңіз.

Рефлексия:

«Insert» әдісі.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?