Галогендердің тотығу – тотықсыздану қасиеттері. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Халықаралық тәжірибелерді, қазіргі заманғы технологияларды қолдану арқылы және жалпыға бірдей мүмкіндіктерді ескере отырып, ұлттық білім беру жүйесінің ең үздік дәстүрлеріне негізделген қолайлы үштілді білім беру ортасын құруға ықпал ету.

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

ӘБ жетекшісінің АЖТ _____________________ (қолы) _______

 

Ақтөбе қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Пән:химия

Мұғалімнің аты-жөні: Келмұқанов Қ.Б.

Дата:

Класс:10

Оқушы саны:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

10.4C 17 топ элементтері

Сабақтың тақырыбы

Галогендердің тотығу – тотықсыздану қасиеттері

Бастапқы білім

7.2А Жану реакциясы

8.2А Металдар белсенділігінің салыстырмалы сипаттамасы

8.1А Электрондардың атомдарда орналасуы

8.3А Сутегі және оттегі

9.1С Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары

Оқыту мақсаттары

10.2.1.6 галогендердің тотығу-тотықсыздану реакция теңдеулерін құрастыру;

 Сабақтың мақсаттары

- ТТР білу

- үрдістер өзара байланысты екендігін және әрқашан бірге өтетіндігін түсіну

- осы үрдістерді қосылу ретінде және электрондардың жоғалуы ретінде қарастыруға болатындығын түсіну

- реакцияларды жіктеу үшін теорияны қолдана білу

Бағалау критерийлері

Галогендер үшін электронды баланс әдісі арқылы ТТР коэффициентер қояды

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар орындай алады:

Тотықсызданужәне тотығу жөніндегі сұрақтар қою және оларға жауап беру, сонымен қатар олардың арасында ауызша/жазбаша салыстырмалар жасау.

Тотығады/тотығу, тотықсыздану/тотықсызданады сутегі қосымша, жою, үрдіс, жоғалту, арттыру, кері, орын алатын

Арасындағы айырмашылық неде...?

Тотығу бұл ..., мұнда тотықсызданубұл...

Тотығу\тотықсыздану орын алады, егер ...?

Тотығу\ тотықсыздануүрдісінде ...?

X/Y бірігеді (қосылады) \ азаяды(жоғалады),егер

Oxidation-тотығу

Reduction-тотықсыздану

What is the difference between...?

Oxidation is…whereas reduction is…

Oxidation / reduction takes place when

In the process of oxidation / reduction…

X/Y is gained / lost when...

 Құндылықтарды

 дарыту

Адалдық, серіктестік, толеранттылық, үштілділік, денсаулық, құрмет, жауапкершілік және үздіксіз оқу.

Жаһандық азаматтық

 Пәнаралық байланыстар

Пән

Математика

Кезең

Қалыптастырушы бағалау және т.б., тапсырмалар

 Дифференциация

Барлық оқушылар: тотықтырғыш және тотықсыздандырғышты ажыратады.

Қосылыстардағы элементтердің тотығу дірежесін анықтайды.

Көптеген оқушылар: галогендер үшін электронды баланы арқылы ТТР теңдеулерін теңестіреді.

 АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақ барысында оқушыларға презентацияны PowerPoint бағдарламасымен жасай алу және де оның мүмкіндіктерін көре алады.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Бөлмені желдету

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 минут

Сабақтың тақырыбы анықталып, мақсаты хабарланады. Күтілетін нәтижелері белгіленеді.

Термин және оның анықтамасы арасындағы сәйкестікті табыңыз. (жеке жұмыс).

Атом

Электронды қосып алушы атом, молекула немесе ион.

Ион

Қосылыстағы химиялық элементтің заряды

Тотықсыздану

Электронды беріп жіберуші атом, молекула немесе ион.

Тотығу дәрежесі

Электронды қосып алу үрдісі

Тотықсыздарғыш

Электронды беріп жіберу үрдісі

Тотықсыздандырғыш

 Зарядталған бөлшек

тотығу

VII топ негізгі топша элементтері: фтор F, хлор Cl, бром Br, йод J, астат At.

Галогендер

Оң зарядталған ядро және теріс зарядталған электроннан тұратын бейтарап бөлшек.

Слайд 1-3

Қосымша 1.

Сабақтың ортасы

5-12 минут

12-14 минут

14-20 минут

20-35 минут

35-37 мин

Жұптық жұмыс.

А) Қосылыстардағы элементтердің тотығу дәрежелерін анықтаңдар.CaCO3, P2O5, H2SO3, SiH4, HlO3.

В) Хлор қосылыстарындағы хлордың тотығу дәрежесін анықтаңыз: С) Кестені толтырыңыз (хлордан басқа)

Оқушылырарға химиялық реакция теңдеулері таратылады. Кейін тотығу дәрежелері өзгере жүретін және өзгермейтін реакция теңдеулері арқылы оқушылар екі топқа бөлінеді.

Химиялық диктант. (Топтық жұмыс)

Тапсырма 1

Тотығу-тотықсыздану - электрондардың бір атомнан екінші атомға жаппай немесе жартылай ауысуына негізделген химиялық әрекеттесу үлгілерінің үлкен тобы. ________ дегеніміз — атомның немесе атомдар тобының өз электрондарын беруі нәтижесінде өз валенттілігін ___________ сипатталатын химиялық әрекет; ___________ — атомдардың немесе иондардың электрондарды өзіне қосып алуы, сөйтіп өз валенттілігін __________. Электрондарды қосып алатын атомдар немесе иондар _________, ал беретіндері ______________ болады

Тапсырма 2. Химиялық реакцияны теңестіріңіз.

KMnO4+HCl = KCl+MnCl2+Cl2+H2O

  • ҚБ. 1. Электронды баланс әдісі арқылы тотығу-тотықсыздану теңдеуінде коэффициентер қойыңыз.

Галогеннің ролін анықтаңыз.

F2 + NaOH = NaF + O2↑ + H2

Cl₂ + KOH  =  KCl + KClO3 + H2

KBr + Cl2↑ → KCl + Br2

FeCl2 + Cl2 → FeCl3 

Cl2 + Ca(OH)2 = CaOCl2

Na2SO3 + Br2 + H2O →Na2SO4 + HBr

2. теңдеулерді аяқатап, теңестіріңіз.

  • Br2 + KOH =
  • KCl + Br2↑ =
  • KCl + F2↑ =
  • KBr + J2↑= 

Тапсырма2. Келесі айналымдағы химиялық реакция теңдеулерін жазыңыз:

Тотығу-тотықсыздану реакциясын тауып, талдаңыз

Келесі қатарда тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш қасиет қалай өзгереді? (жұпта талқылаңыз)

Қосымша 2.

Қосымша 3

Қосымша 4

Сабақтың соңы

37-40 минут

Рефлексия.

«Екі жақты күнделік»

(Сабақтың басында ой толғаныс кезеңінде болған);

Не білетін едім?

Не білдім?

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар

болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Бұл сабақтан мен келесі сабағыма әсер ететін, сынып туралы немесе оқушылар жайында нені білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?