Химиялық тепе-теңдік. Химия, 10 сынып, презентация.


H2 +I2=2HI

Сабақтың тақырыбы:

Қайтымды реакциялар

Химиялық тепе – теңдік

Оқу мақсаттары:

химиялық тепе-теңдік динамикалық сипатын түсіндіру;

Жетістік критерийлері:

қайтымды реакциялар болуы мүмкін екендігін біледі;

кейбір жағдайлар тепе-теңдікті ығыстыра алатындығын түсінеді;

тепе-теңдікті динамикалық процесс ретінде түсінеді.

Оқушыларға сұрақ:

1.Сутетте не байқадыңыз? Ойыңызды тұжырымдыңыз.

2.Мына график нені көрсетеді? График бойынша «Қайтымды реакция», «Химиялық тепе‑ теңдік» ұғымына анықтама беріңіз?

Қайтымды реакциялар

Қайтымды реакциялар

Әрекеттесуші жүйеде қарама-қарсы екі бағытта өтетін, жылдамдықтары тең, химиялық тепе-теңдік күйдегі реакция.

Мысалы:

3H2+N2↔2NH3;

H2+І2↔2HІ;

Cl2+H2O↔HCl+HClO, т.б.

Қайтымды реакция мысалы

Қайтымсыз реакциялар

Қайтымсыз реакциялардың жүру жағдалары:

1) егер өнімде газ, тұнба түзілетін болса ол реакция қайтымсыз реакция, мысалы:

ВаСl2 + Н 2 4 = ВаSО4↓ + 2НСl

Na 2CO 3 + 2HCl = 2NaCl + CO2 ↑ + H2O

2) егер өнімде аз диссоцияцияланатын қосылыс, мысалы, су түзілетін болса:

НСl + NаОН = Н2О + NаСl

3) егер реакция соңында көп мөлшерде энергия сыртқы ортаға бөлінетін болса:

Mg + 1/2 О2 = МgО, ∆H = -602,5 кДж / моль

Тек қана бір бағытта жүреді

Тапсырма №1

NaOH + HCl → NaCl + H2O

N2 + 3H2 → 2NH3

AgNO3 + NaCl → AgCl + NaNO3

SO3 + H2O → H2SO4

CH4 + 2O2 → CO2 + 2H2O

HCOOH + CH3OH → HCOOCH3 + H2O

Тапсырма №2

BaO + H2SO4 =

HCl + Na2CO3 =

SO2 + O2=

C2H6 + O2 =

Неліктен екенін түсіндіріңіз?

Қайтымды реакцияларды анықта?

Динамикалық тепе-теңдік

Жүйенің жалпы күйі уақыт өтуімен өзгермейтін, бірақ жүйе элементтері үздіксіз өзгерісте болатын тепе-теңдік күйі.

?

-қайтымды химиялық процеске анықтама беріңіздер

-қайтымсыз процестерден немен ерекшеленеді?

-қайтымды процеске мысал келтіріңіздер

Оқу мақсаттары:

жағдайлардың өзгеруі әсерінен кейбір реакциялардың қайтымды болуы мүмкін екендігін түсіндіру;

химиялық тепе – теңдікті динамикалық үдеріс ретінде түсіну.

Химиялық тепе-теңдік

Ле -Шателье принципі

химиялық тепе –теңдікте тұрған жүйе күйіне сыртқы факторлардың біреуімен (қысым, температура , концентрация) әсер етсек, тепе – теңдік сол факторды әлсірету бағытына қарай ығысады.

Анри Луи Ле Шателье

(1850–1936)

Химиялық тепе-теңдік

Концентрацияның реакцияның тепе-теңдігіне әсері

Реагенттердің біреуінің концентарциясының өнімдер түзілу жағына;

Өнімдердің біреуінің концентрациясының реагенттер түзілу жағына тепе-теңдікті жылжытады.

Реагенттердің біреуінің концентарциясының тепе-теңдікте солға;

Өнімдердің біреуінің концентрациясының тепе-теңдікте оңға жылжытады.

Температураның реакцияның тепе-теңдігіне әсері

Жүйедегі тепе теңдіктің ығысуына температураның әсерін демонстрациялау моделі:

N2 + 3H2 ↔ 2NH3 + Q.

t↑, эндотермиялық реакция бағытына ығысады

t↓, экзотермиялық реакция бағытына ығысады

N2 + 3H2 2NH3

1көлем 3 көлем 2 көлем

4 көлем > 2 көлем

Қысымның реакцияның тепе-теңдігіне әсері

Жүйедегі тепе теңдіктің ығысуына қысымның әсерін демонстрациялау моделі:

N2 + 3H2 ↔ 2NH3.

Р ↑, көлемі аз бағытқа ығысады

Р ↓, көлемі көп бағытқа ығысады

Төмендегі реакцияда қысымды азайтқанда реакция бағыты қай бағытқа ығысады?

H2 + I2 2HI

Тепе- теңдікке катализатор әсері

Катализатор бірдей дәрежеде тура және кері реакциялардың жылдамдығын арттырады.

Бірақ тепе- теңдіктің ығысуына әсер етпейді

Өзара тексеру

ЖАУАПТАР 1 топ

ЖАУАП 2 топ: Қайтымды реакция кезіндегі концентрация мен жылдамдық өзгерісі

ЖАУАП 3 топ: Қайтымсыз реакция кезіндегі концентрация мен жылдамдық өзгерісі

Есеп шығару

Берілгені:

Азот пен сутек әрекеттескенде аммиак түзілген. Жүйедегі химиялық тепе-теңдік орнаған кезде, заттардың концентрациялары: [N2] = 0,3 моль/л; [Н2] = 0,4 моль/л; [NH3] = 0,4 моль/л болған. Азот пен сутектің әректтесуі кезіндегі аммиактың түзілуі реакция теңдеуін жазыңыз және азот пен сутектің бастапқы концентрацияларын есептеңіз.

Есептің шығарылуы:

N2 + 3H2 ↔ 2NH3

Реакцияға түскен азоттың мөлшері – х моль/л, ал сутектің мөлшері - 3х моль/л болсын, онда 2х мөлшерінде түзілген аммиактың концентрациясының 0,4 моль/л екенін біле отырып, х = 0,4/2=0,2 моль/л болсын.

Сж.к. 2)=0,2*3 =0,6 моль/л;

Сж к (N2)=0,2*1 =0,2 моль/л;

 

Онда C0(Бастапқы концентрация) = Cт-т (Тепе-теңдік) + Сж (Жұмсалған концентрация)

Сонда C0(H2) = 0,4+0,2*3 = 1 моль/л;

C0(N2) = 0,3+0,2*1 = 0,5 моль/л;

Жауабы: C0(H2) = 1 моль/л; C0(N2) =0,5 моль/л

РЕФЛЕКСИЯ

Бүгін сабақта нені орындау қиын болды?

Мен сабақта жаңа не үйрендім?

Сабақта не қызығушылық тудырды?

Ойлан, сыныптастарыңның ішінен кімді бүгін еңбекқор және ерекше көзге түсті деп санар едің?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?