Катализаторлар мен ингибиторлар. Гомогенді және гетерогенді катализ. Зертханалық тәжірибе № 5 «Химиялық реакция жылдамдығының әртүрлі факторларға тәуелділігін зерттеу, гомогенді және гетерогенді катализ». Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.2 В Кинетика

Мектеп: Атырау қаласындағы ХББ НЗМ

Күні: 2 тоқсан

Мұғалімнің аты-жөні: Турсиналиева А.М.

Сынып: 10(қоғамдық-гуманитарлық бағыт)

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Катализаторлар мен ингибиторлар. Гомогенді және гетерогенді катализ.

Зертханалық тәжірибе № 5 «Химиялық реакция жылдамдығының әртүрлі факторларға тәуелділігін зерттеу, гомогенді және гетерогенді катализ».

Қазақстанда катализдік химия ғылымының дамуы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.3.2.4 химиялық реакция жылдамдығына катализаторлар және ингибиторлар әсерін түсіндіру;

10.3.2.5 гомогенді және гетерогенді катализ механизмін түсіндіру;

10.3.2.6 Қазақстанда катализдік химияның дамуын білу;

 Сабақ мақсаттары

  • Катализ реакцияларындағы химиялық реакция жылдамдығына әсер ететін факторларды анықтау
  • Реакция жылдамдығына әр түрлі катализаторлардың әсерін зерттеу
  • Катализатор мен әрекеттесуші заттардың агрегаттық күйіне орай катализ реакцияларын жіктеу
  • Еліміздегі катализдік химияның дамуын білу

 Жетістік критерийлері

Дағды: Сын тұрғасынан ойлау және

зерттеу

Оқушы оқу мақсатына жетеді, егер

  • нәтижелер кестесінде өзінің іс-әрекеті мен бақылауларын тіркейді
  • сутек пероксидінің каталитикалық ыдырау реакциясының теңдеуін дұрыс жазады және катализ түрін анықтайды.
  • қорытындыны дұрыс шығарады

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

Катализатор ұғымына анықтама бере отырып, катализ процесіне ауызша және жазбаша түсініктеме бере алады

Пәнге тән лексика мен терминология:

катализатор, катализ, ингибитор, фермент, соқтығысу, әрекеттесуші заттар, реакция жылдамдығы,гомогенді, гетерогенді, тез, баяу

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Гетерогенді катализ .... арқылы реакция жылдамдығын арттырады

Тиімді соқтығысулар ..... әсерінен тез жүреді

Химиялық реакция жылдамдығы артады, себебі ....

 Құндылықтарды дарыту

Өмір бойы білім алу

Академиялық адалдық

 Пәнаралық байланыстар

Физика

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-10мин

Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу

Өткен тақырыпты қайталау

Реакция жылдамдығына әсер етуші факторлар бойынша сұрақтар қойылады:

- Химиялық реакция ұғымына анықтама беріңіз?

- А+В=С теңдеуі үшін химиялық реакция жылдамдығын анықтау формуласын жазыңыз.

- Химиялық реакция жылдамдығына қандай факторлар әсер етеді?

Әрі қарай оқушыларға «18 түйе» атты араб өсиетін тыңдау ұсынылады. Оқушылар тыңдап болған соң сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын болжау ұсынылады.

Слайд №1

Слайд №2-3

Сабақтың ортасы

11-20мин

21-40мин

41-75мин

Мұғалім оқушыларға көрсетілім көрсетеді. Көрсетілімнен бұрын мұғалім оқушыларға сұрақтар таратады.

- Реакция жүргуінің қандай белгілерін көрдіңіздер? Не байқадыңыз ?

- Сынауықтардағы реакциялар бірдей жүреді ме?

- Егер реакция жүріп жатқан сынауықтың біреуіне мыс сульфаты ерітіндісін қосқанда реакция жылдамдығы қалай өзгереді?

- Ерітінді түсі қалай өзгерді?

- Бұл реакциядағы мыс сульфаты рөлі қандай ?

Көрсетілім: .

Екі сынауыққа мырыш түйіршіктерін салып, үстіне бірдей көлемде сұйытылған тұз қышқылын құямыз. Осы жерде оқушылар екі сынауықта сутек бөлінуі бірдей екеніне көз жеткізу керек. Мұғалім сынауықтардың біреуіне мыс сульфаты ерітіндісін қосады. Сутектің бөлінуі тез ұлғаяды.

Жұппен талқылау. Мыс сульфатының катализатор рөлінде болатындығын түсіну

Жаңа тақырыпты түсіндіру мақсатында оқушыларға бейнеүзінді көрсету ұсынылады. Бейнүзінді бойынша оқушыларға сұрақтар қойылады:

  • Катализатор ұғымына анықтама беріңіз
  • Ингибитор ұғымына анықтама беріңіз
  • Катализатор мен ингибитордың әсер етуін тәжірибе арқылы дәлелдеңіз
  • Медицинада қолданылатын ингибиторды анықтаңыз

Катализ түрлері:

  • гомогенді( катализатор мен әрекеттесуші заттар бір агреграттық күйде кездесетін болса)
  • гетерогенді( катализатор мен әрекеттесуші заттар әр түрлі агреграттық күйде кездесетін болса)

Практикалық жұмыс

Жұмысты бастамас бұрын оқушылар Қауіпсіздік техника ережелерін еске түсіріп, қайталайды.

Жұмыс үстелінде берілген заттар бойынша Керекті құрал-жабдықтар мен реактивтер тізімін жазады.Кейіннен болжам жазады.

Тақырыбы:

«Реакция жылдамдығына әр түрлі катализаторлар әсерінің тиімділігін зерттеу»

Жұмыс мақсаты:

Керекті құрал-жабдықтар мен реактивтер:

Болжам:

Егер ....

Жұмыс барысы:

  • Төмендегідей сурет бойынша құрылғыны жинаңыз
  • Реагент ретінде сутегі асқын тотығының ертіндісін ал катализатор ретінде марганец қос тотығы, темір сульфаты мен мыс сульфатын қолданып, газ бөліну жылдамдығын салыстырыңыз

Нәтиже:

  • Кестені толтырыңыз

Уақыт / бөлінген газ мөлшері, мл

H2O2

H2O2 + MnO2

H2O2 + FeSO4

H2O2 + CuSO4

30 сек

60 сек

90сек

120 сек

150 сек

180 сек

  • Тәжірибеде орын алған үрдістің реакция теңдеуін жазыңыз
  • Катализ түрін анықтаңыз
  • Осы тәжірибені жақсарту бойынша ұсыныстар жазыңыз

Қорытынды

Таратпа қағаздар

Құрал-жабдықтар мен реактивтер: 2 М тұз қышқылы ерітіндісі, 0.5 М мыс сульфаты ерітіндісі, мырыш түйіршіктері, сынауық, сынауыққа арналған тұрғы, тамшуыр

Слайд №4-7

https://www.youtube.com/watch?v=m_2p8eQopy8

Жұмыс парағы

сутегі асқын тотығы, марганец қос тотығының ұнтағы, темір(ІІ) сульфаты мен мыс сульфаты ерітіндісі, конустық колба, тығын, түтікше, газ жинауға арналған пісек, секундомер, зертханалық тұрғы, тамшуыр, қасықша, өлшеуіш цилиндр

Сабақтың соңы

76-80мин

Сабақты қорытындылау:

Оқушылар зертханалық жұмысты сипаттап, қорытынды жазады

Рефлексия.

Үйге тапсырма: Қазақстанда кездесетін катализдік химиялық өндірістерді анықтап, даму болашағы туралы қысқаша эссе жазу

Слайд №8

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар

Зертханалық жұмысты нұсқаулық бойынша орындап, болжам жасай алады

Көптеген оқушылар

Жаңа ұғымдарға анықтама бере алады.

Кейбір оқушылар

Жаңа кілт сөздерді қолдана отырып, қорытынды жасай алады

Мұғалім оқушыларды берілген сұрақтарға жауап беруі, болжам жасай білу мен бақылау жасап, оны қорытындылай білу бойынша бағалайды

Белсенді оқыту түрлері, Қауіпсіздік техника ережелері

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылғанба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтыңуақыттықкезеңдерісақталдыма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізд ібілдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпыбаға

Сабақтыңжақсыөткенекіаспектісі (оқытутуралыда, оқутуралыдаойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді