алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Термохимиялық теңдеулер бойынша жылу мөлшерін есептеу. Химия, 10 сынып, қосымша материал 2, 4 сабақ


Қайталауға арналған тапсырмалар

  • Жарық пен жылу бөле жүретін реакциялар - .... реакциясы деп аталады. Жылу бөле жүретін реакция - ... . реакция деп аталады. Эндо гректің - ... деген сөзі. Жылу мөлшері .... өлшенеді және ... арқылы белгіленеді.
  • Химиялық реакцияларда бөлінетін немесе сіңірілетін энергияның мөлшері қандай құралмен өлшенеді:

А) электрометр;

Ә) калориметр;

Б) вольтметр;

В) амперметр.

  • Химиялық реакциялар кезінде бөлінетін немесе сіңіретін жылу мөлшері қалай аталады:

А) химиялық реакция;

Ә) химиялық реакция теңдеуі;

Б) реакцияның жылу эффектісі;

В) экзотермиялық реация.

  • Реакцияның жылу эффектісі көрсетілген химиялық реакциялар қалай аталады:

А) термохимиялық теңдеулер;

Ә) эндотермиялық реакциялар;

Б) химиялық реакция;

В) реакцияның жылу эффектісі.

  • Экзотермиялық және эндотермиялық реакциялардың айырмашылығы неде?
  • Берілген реакциялардағы термохимиялық теңдеулерден қайсысы экзотермиялық екенін анықтаңда:

а) HCI + NaOH = NаCI + H2O + Q

ә) N2 + 3H2 = 2NH3 + Q

б) 2H2O = 2H2 + O2 – Q

в) CaCO3 = CaO + CO2 – Q

г) Ca(OH)2=CaO + H2O -67 кДжд) H2 +CI2- 185 кДж = HCIж) HgO+180 кДж = Hg +O2з) S+O2=SO2+ 297 кДж

  • От алу тептературасы деген не?
  • Төменде термиялық теңдеулері келтірілген реакциялардың қайсысы экзотермиялық, қайсысы эндотермиялық екенін көрсетіңдер:
  • Термохимиялық теңдеуі мынадай болса, 1моль Н2 жанғанда қанша жылу бөлінеді? 2Н2 + О2 = 2Н2О + 572 кДж?
  • Термохимиялық теңдеу: 2H2 = 2H2 + O2 – 571,6 кДж. Реакция кезінде 285,5 кДж жылу жұмсалған болса, қанша моль су айырылғанын есептеңдер.
  • Термохимиялық реакция теңдеуі бойынша мынадай жылу бөлінсе: C + O2 = CO2 + 393 кДж, 2г көмір жанғанда қандай жылу бөлінеді?
  • Магнийдің жануының термохимиялық реакция теңдеуі бойынша:

2 Мg + O2 = 2MgO + 1127 кДж 12г магний жанғанда қанша жылу бөлінеді?

  • Реакцияның термохимиялық теңдеуі бойынша: Ca + H2O = Ca(OH)2 + 67кДж.1 кг кальций оксиді сумен әрекеттескенде қанша жылу бөлінетіндігін есептеңдер.
  • Реакцияның термохимиялық теңдеуі С + О2 = СО2 + 402,24 кДж болатын бойынша 500гкөміртек жанғанда қанша жылу бөлінеді?
  • 44,8 л сутек (қ.ж.) хлормен әрекеттескенде бөлінетін жылу мөлшері тап.

H2+Cl2=2HCl+184,6 кДж

  • Этиленнің жану реакциясының термохимиялық теңдеуі:С2Н4 + 3О2 = 2СО2 + 2Н2О + 1400 кДж, егер реакцияға 336 л оттегі кірісетін болса, бөлінген жылудың мөлшері тап.
  • Егер 1 г Мg жанғанда 25,6 кДж жылу бөлінетін болса, термохимиялық теңдеуді қалай құруға болады? 
  • Массасы 4 г күкіртті жаққанда 37,1кДж жылу бөлінді.Күкірт (IV) оксиді түзілу реакциясының термохимиялық теңдеуін құрыңдар. 
  • 8 моль алюминий оттекте түгелдей жанғанда 3352 кДж жылу бөлінеді. Реакцияның жылу эффектісін тап.
  • 5,6 литр(қ.ж.) метан жанғанда 401 кДж жылу бөлінетін жағдайда реакцияның жылу эффектісі CH4 (г) + 2O2 (г) =CO2(г)+ 2H2O +Q
  • 16 г күкірт жанғанда 148,8 кДж жылу бөлінді. Осы реакцияның жылу эффектісі тап. S+ О2 =SО2
  • 5г темір күкіртпен әрекеттескенде 8,67 кДж жылу бөлінгенде, термохимиялық теңдеу қандай болады?
  • 1,6г метан оттекпен жанғанда 88 кДж жылу бөлінеді. Реакцияның термохимиялық теңдеуін құрып
  • Азот пен оттекті әрекеттестіріп 14 г азот (ІІ) оксидін алу үшін 45 кДж энергия беру керек. Осы реакцияның термохимиялық теңдеуін жазыңдар.
  • Темір күкірттің 3,2 грамыменқосылып темір (ІІ) сульфидін ҒеS түзгенде 9,5 кДж жылу бөлінеді. Осы реакцияның термохимиялық теңдеуін жазыңдар.
  • Егер термохимиялық реакция теңдеуі бойынша мынадай жылу жұмсалса:

2H2O = H2 + O2 – 572 кДж, ал 268 кДж жылу жұмсалса, қанша грамм су ыдырайды?

  • Бір моль NO түзілуі үшін 90,37 кДж жылу қажет. 9037 кДж жылу сіңіргенде қанша грамм азот (ІІ) оксиді түзілетінін есептеңдер.
  • 0,5 кг әктасты СаСО3 айыруға қажетті энергияны метанның қандай көлемін (ст.ж) жағып алуға болатынын табыңдар.
  • Берілген термохимиялық теңдеулер бойынша:

S+O2 ═SO2 + 297 кДж 2S +3O2═SO3 + 790 кДж Күкірттің күкірт ( VI) оксидіне айналу жылуын табыңдар.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 керемет тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, бата қайыру

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы