Термохимиялық теңдеулер бойынша жылу мөлшерін есептеу. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары, 4 сабақ.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Химиялық реакция энергетикасы | Мектеп: | ||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||
Сабақ тақырыбы | Термохимиялық теңдеулер бойынша жылу мөлшерін есептеу. | ||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.3.1.2 химиялық реакциялардың жылу эффектінің маңызын түсіндіру; 10.3.1.3 химиялық реакцияның жылу эффектін есептей алу; | ||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар: - ақпараттық парақ материалдары бойынша бір-біріне сұрақ қоя отырып білімді меңгереді; - термохимиялық теңдеулер бойынша жану жылуын, түзілу жылуын және т.б. анықтайды; - реагенттердің бірінің зат мөлшері, массасы немесе көлемі белгілі болғанда бөлінетін/сіңірілетін жылудың мөлшерін есептейді; - бөлінген/ сіңірілген жылу мөлшері бойынша әрекеттесетін заттардың немесе реакция өнімдерінің зат мөлшерін, көлемін немесе массаларын есептейді. | ||||||||||
Жетістік критерийлері | - термохимиялық теңдеулер бойынша жану жылуын, түзілу жылуын және т.б. анықтай алады; - реагенттердің бірінің зат мөлшері, массасы немесе көлемі белгілі болғанда бөлінетін/сіңірілетін жылудың мөлшерін есептей алады; - бөлінген/ сіңірілген жылу мөлшері бойынша әрекеттесетін заттардың немесе реакция өнімдерінің зат мөлшерін, көлемін немесе массаларын есептей алады. | ||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: - күнделікті өмірден «экзотермиялық» және «эндотермиялық» реакцияларға мысалдар келтіре алады - ажырата алады Пәнге қатысты лексика мен терминология: жағармай, энергия, жану процесі, температура, жылу, энергия экзотермиялық, эндотермиялық, жылу бөліну, жылу сіңірілу Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: Температура төмендеді /артты, бұдан, бұл – экзо/эндотермиялық реакция. В экзо/эндотермиялық реакцияларда жылубөлінеді/сақталады | ||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Физика | ||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | - | ||||||||||
Бастапқы білім | Жану реакциясы Салыстырмалы атомдық масса және қарапайым формулалар Ерітінділер мен ерігіштік | ||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||
Сабақтың басы 1-2 мин 3-7 мин 8-10 мин 11-12 мин | Амандасу. Білімді қайталау. Ол үшін оқушылар қайталау үшін тапсырмаларды орындайды. Сабақтың тақырыбына шығу: (W) Күндердің бір күнінде Патша өзінің бес ұлын алып, өзінің орнына хан болатын мұрагерін таңдағалы жатқандығын жариялады. Тақ мұрагері лауазымына ие болу үшін келесі тапсырманы орындау қажет болды: ғылым мен білімді қолдана отырып 1 қазан суды қайнату қажет. Суды қайнату үшін отынның 3 түрі беріледі: тас көмір, бензин және газ. Отынды неғұрлым аз жұмсаған, яғни қаражат аз кетірген хан баласы сайысты жеңген болып саналады. Ханзадалардың мәселені қалай шешуі керек? Жауап: әр отын түрінің 1молі жанған кезде қанша жылу бөлінетінін білсе, оңай шеше алады. Сабақтың тақырыбы Термохимиялық теңдеулер бойынша жылу мөлшерін есептеу. Ал қай отынды және қай мөлшерде қолданған дұрыс болатынын сендер кейін жауап бересіңдер. Сабақтың мақсаттарын айқындау: Оқушылар сабақтың тақырыбына негізделіп, сабақтың барысын бағалау парақтарының бірінші бағанын толтыру арқылы жоспарлайды. | Тапсырмалар парағы Power Point презентациясы (1-3 слайдтар) Бағалау парақтары | |||||||||
Сабақтың ортасы 12-16 мин 17 -20 мин 21-24 мин 25-30 мин 31-37 мин |
(G) Оқушыларға ақпараттық парақтар таратылады. Оқушылар ақпаратты жұптарда меңгереді және мәтін бойынша бір-біріне 3-4 сұрақтан қояды. (W) Алынған білімдерін бекіту үшін келесі тапсырма беріледі: Берілген реакцияларда түзілу немесе ыдырау жылуын есепте: Ca(OH)2=CaO + H2O -67 кДж H2 +CI2- 185 кДж = HCI HgO+180 кДж = Hg +O2 S+O2=SO2+ 297 кДж 2H2O = H2 + O2 – 572 кДж Жауабын тексеру. (W) Реакция нәтижесінде қанша жылу бөлінгенін қалай анықтауға болады? Термохимиялық теңдеулер бойынша жылу мөлшерін табуға бір есеп шығаруды түсіндіру. (І) Термохимиялық теңдеулер бойынша жылу мөлшерін табуға бір есеп шығарады содан соң оған қарама-қарсы бағыттағы есептеу жүргізеді ( белгілі зат мөлшері бойынша термохимиялық теңдеулерді құру немесе жылу эффектісін табу). (G) Оқушылар жұпта немесе топта реагенттің белгілі массасы, көлемі, мөлшері бойынша жылу мөлшерін табуға берілген есептерді шығарады). | Ақпараттық парақ Power Point презентациясы Power Point презентациясы Тапсырмалар парағы Тапсырмалар парағы | |||||||||
Сабақтың соңы 38-39 мин 40 мин | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: Рефлексия/ reflection: Оқушылар бағалау парақтарының 2-ші және 3-ші бағандарын толтырады. Үй жұмысын беру.Тапсырмаларды аяқтау. | Бағалау парақтары | |||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||
Барлық оқушылар: - экзотермиялық және эндотермиялық реакциялардың айырмашылығын түсінеді; -осы үрдістерге анықтама бере алады және мысалдар келтіреді. Оқушылардың көпшілігі: - процесстердегі энергияның өзгерісін ажырата алады. Кейбір оқушылар: - реакция барысында сыртқы ортада энергия өзгерген кезде ішкі энергияның өзгеруін бағалайды; - сабақта келтірілген үрдістерден басқа да реакцияларда энергияның өзгерісін болжай алады. | Қалыптастырушы бағалау (оқу үшін бағалау); Бақылау; Оқушылардың өзін-өзі және бір-бірін бағалауы. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | |||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?