Термохимиялық реакциялар. Химия, 8 сынып, сабақ жоспары.


 Қысқа мерзімді сабақ жоспары

 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.2.С

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Термохимиялық реакциялар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.1.5 - энергия өзгерісін бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан түсіндіру

 Сабақ мақсаттары

;

- Энергия өзгерісін бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан түсіндіре алады;

-химиялық байланысты үзу кезінде энергия жұмсалатынын және байланысты түзі кезінде энергия бөлінетіндігін дәлелдейді;

экзотермиялық және эндотермиялық реакциялардың диаграммасын салып, энергия өзгерісін анықтайды;

реакцияның термохимиялық теңдеуін жазып сәйкес есептеулер орындайды.

 Бағалау критерийлері

-

- Энергия өзгерісін бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан түсіндіре алады;

химиялық байланысты үзу кезінде энергия жұмсалатынын және байланысты түзі кезінде энергия бөлінетіндігін дәлелдей алады;

экзотермиялық және эндотермиялық реакциялардың диаграммасын салып, энергия өзгерісін анықтай алады;

реакцияның термохимиялық теңдеуін жазып сәйкес есептеулерді орындай алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Пәндік лексика және терминология

энергия, температура, жылу, экзотермиялық, эндотермиялық, сіңіру/бөліну, термохимиялық теңдеулер

Диалог/жазылым үшін пайдалы тіркестер

Температура төмендеді/жоғарлады, яғни, бұл – экзо/эндотермиялық реакция.

Экзо/эндотермиялық реакцияларда жылу бөлінеді/ сіңіріледі

Құндылықтарды дарыту

 

 

Ашықтық.

Құрмет. Сабақ барысындағы іс-әрекеттер өзара құрмет ұстанымы негізінде жүзеге асады, бір-бірінің пікірін құрметтеп, оларды соңына дейін тыңдайды, өз ойларын еркін айта алады.

Ынтымақтастық.

Пәнаралық байланыстар

Физика. Термохимиялық процестерді түсіндіруде.

Математика. Жаттығулар орындауда.

АКТ қолдану дағдылары

Презентация.

Бастапқы білім

7.1В Заттардың агрегаттық күйінің өзгеруі

7.2В Ауа. Жану реакциясы

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу. Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру.

Оқушыларға заттың күйлері мен берілген диаграммаларды байланыстыруды тапсырыңыз.

Зат күйлері: қатты, сұйық және газ

Оқушыларға қойылатын сұрақтар:

- Затты бір күйден екінші күйге қалай айналдыруға болады?

- Заттарды қыздырғанда бөлшектердің қозғалысы қалай өзгереді және энергия өзгерісі қалай болады?

-Физикалық құбылыстарда энергияның өзгеруін бөлшектердің кинетикалық теориясын қолдана отырып түсіндіріңіз

Оқушылармен өзара талқылап, объекті қыздырған кезде, бөлшектер энергия алатындықтан олардың қозғалысы анағұрлым жылдам болады. Суытқанда олар энергия жоғалтатындықтан бөлшектер қозғалысы азаяды деген қорытындыға келеді.

Сабақтың ортасы

5-10 мин

10-14 мин

14-17 мин

18-25 мин

25-23 мин

24-32 мин

33-38 мин

Топтық жұмыс:

Оқушыларды үш топқа бөлінеді. 1 және 2 топ «байланыс» түзеді. Үшінші топтың оқушыларына «энергия» ролін атқарады және оқушылардың әр жұбының «байланысын» үзуге әрекет етеді. Жаңа заттар түзе «бөлшектер» қайта қосылады.

Оқушылармен талқылау:

- байланысты үзу кезінде энергиямен не болады?

- жаңа байланыстар түзілу кезінде энергиямен не болады?

- егер байланысты үзуге жұмсалатын энергия, байланыс түзілгенде бөлінетін энергиядан көп болса қандай реакция болады?

Оқушылар :

Егер жұмсалған энергиядан бөлінген энергия көп болса, онда реакция – ЭКЗОТЕРМИЯЛЫҚ

Егер жұмсалған энергиядан бөлінген энергия аз болса, онда реакция – ЭНДОТЕРМИЯЛЫҚ деген қорытындыға келеді.

Топтық жұмыс:

Оқушыларға экзотермиялық және эндотермиялық реакциялардың диаграммаларын салуды ұсыныңыз және олардың тақтадағы дұрыс жауаппен салыстыруды ұсыныңыз.

Жұптық жұмыс:

Тапсырма:

  • Кальций карбонатының айырылу реакциясының термохимиялық теңдеуін құрыңыз;
  • Көміртектің жану реакциясының термохимиялық теңдеуін құрыңыз;
  • Реакциялардың қайсы экзотермиялық/ эндотермиялық болатындығын көрсетіңіз;
  • Әр теңдеу үшін энергия өзгерісін көрсететін график сызыңыз.

Оқушылар өз жұмыстарын өзге жұп жұмыстарымен салыстырады, өзара бағалау жүреді.

Жеке жұмыс:

Берілген кестедегі мәліметтерді қолданып, термохимиялық реакциялардың теңдеулерін құрыңыз

Тақтадағы дұрс жауаппен оқушылар өздерін бағалайды.

Топтық жұмыс:

Термохимиялық теңдеу бойынша : С+О2=CO2+393 кДж

Массасы 24г көмірді жаққанда қанша жылу бөлінетінін есептеңіздер

Оқушылар топта ақылдаса отырып есептің шешуін анықтайды және өзге топтармен өз жауаптарын сәйкестендіреді.

Жеке жұмыс: Термохимиялық теңдеу бойынша есептеулер жүргізу

Жылу реакцияларының графиктері

http://himiy88.blogspot.com/p/42.html

https://www.kazedu.kz/referat/54774

https://www.youtube.com/watch?v=XFDv8WwNuM0

http://festival.1september.ru/articles/636767/

Жұмыс парағы

Сабақтың соңы

38-40 мин

Рефлексия:

Сабақтың соныңда оқушылармен бірге сабақтың оқу мақсатына қайта ораламыз. Сол арқылы оқу мақсатына, оған бірлесе құрған бағалау критерийлеріне қаншалықты жеткеніміз нақтыланады

Үй тапсырмасы:

ҚОСЫМША №4

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар:

Энергия өзгерістері туралы біледі және түсінеді; термохимиялық теңдеулерді сауатты жаза алады.

Көптеген оқушылар:

Экзотермиялық және эндотермиялық процестерді толық түсініп, диаграмма түрінде бейнелей алады.

Кейбір оқушылар:

Оқу мақсатына толық жете алады және өзінің білгенің өзге жостарына түсіндіре алады.

Қалыптастырушы бағалау жүреді. Дер кезінде кері байланыс қажеттілікке орай беріліп барылады.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?