Тұздар гидролизі. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары, 1 сабақ.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ерігіштік және ерітінділер.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Тұздар гидролизі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.3.4.2 Сапалық құрамы бойынша ерітіндінің ортасын болжай алу;

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • ЭДТ тұрғысынан тұздардың анықтамасын береді;
  • тұздарды құрамына қарай жіктейді;
  • қышқылдар мен сілтілер әрекеттесуі нәтижесінде тұздар түзілетінін түсінеді;
  • тұздар гидролизінің реакция теңдеуін жаза отырып, реакция өнімін болжайды;
  • тұздың гидролизі нәтижесінде түзілген ерітіндінің ортасын анықтайды.

Бағалау критерийлері

  • Электролиттік диссоциация теориясы тұрғысынан тұздардың метал катионы мен қышқыл қалдығының анионынан тұратын күрделі зат ретінде біледі;
  • Әр түрлі орталарда индидикаторлардың реакциясын біледі, түстерін көрсете алады;
  • тұздарды құрамына қарай жіктей алады;
  • қышқылдар мен сілтілер әрекеттесуі нәтижесінде тұздар түзілетін тұздардың табиғатын анықтай алады;
  • тұздар гидролизінің реакция теңдеуін жаза отырып, реакция өнімін болжайды;
  • тұздың гидролизі нәтижесінде түзілген ерітіндінің ортасын анықтай алады.

Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар орындаулары тиіс

Электролиттік диссоциация теориясы тұрғысынан тұздарға ауызша және жазбаша сипаттама жасай білу.

Пәнге қатысты лексика мен терминология

негіз, сілті (сілтілік), күшті, әлсіз, индикатор, қышқыл (қышқылды), ерітінді, рН шамасы, өлшеу, анықтау, көрсету, нұсқау

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

pHХ қанша қышқылдан/сілтіден тұратынын көрсетеді

pH шамасы 0 бастап 14 дейінгі диапазонда жұмыс істейді

pH 7/14/0 демек, ерітінді (өте) қышқылды/сілтілі/бейтарап

X, Y тәрізді қышқылды/сілтілі емес

X қышқыл немесе негіз?

Пәнаралық байланыстар

Физика

АКТ қолдану дағдылары

-

Бастапқы білім

Қышқылдар мен сілтілер;

Су еріткіш ретінде;

Қарапайым химиялық реакциялар;

Ерітінділер мен ерігіштік;

Қайтымды реакциялар;

Еру және ерітінділер;

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-2 мин

3-6 мин

7-8 мин

Амандасу, оқушыларды белгілеу

Жағымды орта қалыптастыру: Дене жаттығуларын орындату

ОЙ ҚОЗҒАУ

(W) Өткенді тақырыпты қайталау

Тұздар туралы не білесіңдер?

1. ЭДТ тұрғысынан тұздарға анықтама беріңіздер. Тұздар құрамына қарай қалай жіктеледі?

2. Тұздардың химиялық қасиеттерін еске түсірейік. Мысалдар келтіріңдер.

3. Тұздар сумен әрекеттескенде қандай өнімдер түзіледі? Мысалы, тұз қышқылы мен натрий гидроксиді әрекеттескенде қандай заттар түзіледі? 4. Басқа тұздар әрекеттескенде де осындай құбылыс бақыланады ма?

Ендеше, осы сұрақтардың жауабын бүгінгі сабақта бірге іздейміз.

Сабақтың тақырыбы: «Қышқыл, негіз және тұз ерітінділерінің рН мәні. Тұздар гидролизі».

Оқу мақсатын ұсыну.

Сабақтың мақсаттарына сай БББ кестесінің 1-ші бағанын толтыру.

Сабақтың күтілетін нәтижелерін оқушылармен бірге талқылау.

Power Point презентациясы

БББ кестесі

Сабақтың ортасы

9-22 мин

23-25 мин

26-28 мин

29-33 мин

34-37 мин

(E) Зертханалық жұмыс №3 «Қышқылдардың, негіздердің және тұздардың сапалық құрамын, ерітінділердің рН-ын эксперименталды дәлелдеу».

1-тәжірибе.  Әмбебап индикаторлық қағаздың көмегімен ортаның реакциясын анықтау.

2- тәжірибе. Белгісіз заттарды араластыру арқылы сапалық анықтау.

(W) Темір (ІІІ) хлориді және калий карбонатында индикаторлар қандай өзгеріске ұшылады? Оның себебі неде? – деген сұрақтарды қоя отырып талқылау. Темір (ІІІ) хлориді және калий карбонатын араластырғанда қандай өзгерістер байқалды? Неліктен?

(G) Күшті және әлсіз қышқылдар мен негіздердің тізімін еске түсіріп, бейтараптану реакциялары нәтижесінде түзілетін тұздардың табиғатын қайталау.

(W) Гидролиз үрдісін түсіндіру. Презентациялық материалды талқылап, түсіндіру немесе оқулықтағы ақпаратты меңгеру. Ортақ гидролиз ұғымын қалыптастыру.

(W) (І) Оқушылар тапсырмалар парағындағы (немесе оқулықтағы) тапсырмаларды орындайды.

Оқушыларға тапсырманы бағалау критерийлері беріледі немесе тақтаға ілінеді.

  • Тұздарды табиғатына қарай дұрыс жіктей алады;
  • Гидролиз үрдісінің толық иондық теңдеуін құра алады;
  • Гидролиз үрдісінің молекулалық теңдеуін құра алады;
  • Гидролиз үрдісі нәтижесінде түзілетін өнімдерді дұрыс болжай алады.

Зертханалық жұмыс парағы,

Құралдар мен реактивтер

Power Point презентациясы

Тапсырмалар парағы.

Сабақтың соңы

38 мин

39-40 мин

Бағалау. Бір-екі оқушы күтілген нәтижелерге сай өзіне баға береді.

Рефлексия.

БББ кестесінің 2 және 3 бағандарын толтыру.

Үй жұмысы Тапсырма парағында берілген жаттығуларды аяқтау.

Power Point

БББ кестесі

Тапсырмалар парағы.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді