алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Балқымалардың электролизі. Химия, 10 сынып, дидактикалық материал.


Электролиз – тұрақты электр тогын өткізген кезде электролиттердің ерітінділерінде немесе балқымаларында жүретін тотығу-тотықсыздану реакциялары.

Анод – оң электрод, онда тотығу процесстері өтеді.

Катод – теріс электрод, онда тотықсыздану процесстері өтеді.

Балқымалар электролизі. Кернеу қатарында алюминийге дейін (қоса) орналасқан белсенді металдарды алу үшін қолданылады.

Негіздер балқымаларының электролизі

Катодта металл тотықсызданады: Men+ +ne- = Me0

Анодта гидроксид-тобының құрамындағы оттек тотығады: 4OH =2H2O0 + O20 +4e-

Мысалы, калий гидроксиді балқымасының электролизі:

KOH↔K+OH‾

К(-) K+ + 1e- —> K0

A(+) 4OH- —> O20 +2Н2О0 +4e-

4KOH(эл.тогы) —> 4K + O2 +2Н2О

Тұздар балқымаларының электролизі

1. Оттексіз тұз балқымасының электролизі:

 

Қатодта металл тотықсызданады: Me n+ +ne- = Me0

Анодта оттексіз анион тотығады: An- = A0 +ne- 

 

Мысалы, NaCl балқымасының электролизі:

NaCl ↔ Na+ + Cl-

К(-) Na+ + 1e- —> Na0

A(+) 2Cl-—> Cl20- 2e-

2NaCl(эл.тогы) —> 2Na + Cl2 (тек балқыма электролизі кезінде).

 

2Оттекті тұз балқымасының электролизі (Анион құрамына кіретін элемент жоғарғы емес тотығу дәреже көрсетеді):

 

Катодта металл тотықсызданады: Me n+ +ne- = Me0

Анодта анион құрамындағы элемент тотығады: SO32- = SO30 +2e- 

 

Мысалы, натрий сульфиті балқымасының электролизі:

Na2SO3↔2Na++ SO32-

К(-) Na+ + 1e- —> Na0

A(+) SO32- = SO30 +2e- 

Na2SO3 = 2Na + SO3

Сульфит ионның құрамындағы S күкірттің тотығу дәрежесі +4, электролиз кезінде +6 дейін тотығады — SO3 күкірт триоксиді пайда болады.

 

3Оттекті тұз балқымасының электролизі (анион құрамына кіретін элемент жоғарғы тотығу дәреже көрсетеді):

Катодта өзгеріссіз, яғни металл тотықсызданады: Me n+ +ne- = Me0

Анодта — элемент жоғарғы тотығу дәрежеге ие болғандықтан, анион құрамындағы оттек тотығады:

 

2CO32-  = 2CO2 + O2 + 4e-

Мысалы, натрий карбонатының электролизі:

Na2СO3↔2Na++ СO32-

К(-) Na+ + 1e- —> Na0

A(+)2CO32-  = 2CO20 + O20 + 4e-

2Na2CO3 = 4Na + 2CO2+ O2

 

Назар аударыңдар! Реакциялар өздігінен жүрмейді. Олар т.қ. электр тоғының кқмегімен жүреді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 керемет тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, бата қайыру


Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы