Бейорганикалық күрделі, бинарлы және жай заттардың қатысуымен жүретін тотығу - тотықсыздану реакциялары. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары, 2 сабақ.
Ұзақмерзімдіжоспарбөлімі: | Орта мектептер | ||||||
| Мұғалімнің аты-жөні: Абишева Ж.С. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақ тақырыбы | Бейорганикалық күрделі, бинарлы және жай заттардың қатысуымен жүретін тотығу - тотықсыздану реакциялары | ||||||
Осысабақтақолжеткізілетіноқумақсаттары (оқубағдарламасынасілтеме) | 10.2.3.2 электрондық баланс әдісін қолданып тотығу -тотықсыздану реакцияларын теңестіре алу | ||||||
Сабақ мақсаттары | Қосылыстағы элементтің тотығу дәрежесін есептей алуға және алған білімдерін тотығу тотықсыздан реакцияларын теңестіруде қолдана білу | ||||||
бағалау критерийлері |
| ||||||
сабақтың түрі | жаңа білімді игеру | ||||||
сабақ формасы | әңгіме, мини лекция, жұптық/топтық және жеке жұмыстар | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация, видео + интернет ресурстар bilimland, twig-bilim | ||||||
Бастапқы білім | 8 сыныптағы химиялық реакциялардың түрлері | ||||||
Сабақбарысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 3 мин | Жағымды психологиялық ахуал тудыру сергіту сәтін ұйымдастыру сабақтың тақырыбы, мақсаты мен бағалау критерийлерімен таныстыру. | ||||||
Сабақтың ортасы 3-5мин 5-13мин 13-20 минут 20-30 минут | (с/ж) сыныппен жұмыс (қ/б) қалыптастырушы бағалау (т/ж) топтық жұмыс (ж1/ж) жеке жұмыс (ж/ж) жұппен жұмыс Тотығу – тотықсыздану реакциясы деп реакцияға қатысатын заттар мен өнімдердің құрамындағы элементтердің тотығу дәрежесі өзгере жүретін реакцияларды атаймыз. Егер элементтердің ешқайсысы тотығу дәрежесін өзгертпесе, берілген реакция тотығу-тотықсыздану реакциясы болмайды Тотықсыздандырғыш – химиялық реакция кезінде электрондарды беретін бөлшек (атом , молекула, ион т.б.). Red - e- = Ox Осы кездегі үрдіс тотығу деп аталады. Тотықтырғыш – химиялық реакция кезінде электрондарды қосып алатын бөлшек ( атом , молекула, ион т.б.) Ox + e- = Red Осы кездегі үрдіс тотықсыздану деп аталады Видео -1 «Күміс нитраты мен мыс сымы арасындағы реакция»
ТТР электрондық баланс әдісімен теңестірудің қадамдары: Тотығатын, яғни электрон беретін элементтердің тотығу дәрежесі артады, ал тотықсызданатын, яғни электрон қосып алатын элементтердікі кемиді. ТТР электрондық баланс әдісімен теңестіру қадамдары 1. Реакцияны екі жартылай реакция теңдеуі түрінде жазыңыз. 2. Оттек пен сутек атомдарынан басқа атомдарды теңестіріңіз. 3. Н2О молекулаларын қосу арқылы оттек атомдарын, ал Н+иондарын қосу арқылы сутек атомдарын теңестіріңіз. 4. Электрондардың қажетті санын қосу арқылы электр зарядтарын теңестіріңіз. 5. Берілген электрондар саны қосып алынған электрондар санына тең болу үшін екі теңдеуді сәйкес сандарға көбейтіңіз. 6. Екі жартылай реакция теңдеуін қосып, теңдеудің екі жағындағы электрондарды, иондарды немесе молекулаларды қысқартыңыз.
ТТР-сы теңдеулерін теңестіру реті төмендегідей:1. Химиялық реакция теңдеулерін жазу.Al+H2SO4 Al2(SO4)3+H22. Теңдеулердің оң және сол бөлігіндегі барлық әлементтердің тотығу дәрежелерін тауып, таңбасының үстіне жазу. 0 +1 + 6 -2 +3 +6 -2 0Al+H2SO4 Al2(SO4)3+H23. Реакция нәтижесінде тотығу дәрежесі өзгерген элементтердің астын сызу.0 +1 + 6 -2 +3 +6 -2 0Al+H2SO4 Al2(SO4)3+H24. Электрондық баланс теңдеуін құру. (ағылшынша balance- теңдестіру, тепе-теңдік):Al - 3ē Al +3 3 22H+1 + 2ē = H2 2 35. Таңдалған коэффиценттерді реакция теңдеуіне жазу. 0 +1 + 6 -2 +3 +6 -2 02Al+3H2SO4 Al2(SO4)3+3H26. Оттек атомдарының санын есептеу арқылы коэффиценттердің дұрыс екендігін тексеру.2Al+3H2SO4 Al2(SO4)3+3H2 3*4О =12 4*3 =12O 7.Табылған коэффиценттерді теңдеудің оң жағындағы зат формулалары алдына қоямыз: 0 +1 + 6 -2 +3 +6 -2 0Al+H2SO4 Al2(SO4)3+3H2 Тотығу –тотықсыздану реакцияларының маңызы: Тіршілік үшін барлық тірі ағзалардағы заттардың ферментативтік тотығу процесі өте маңызды.Осы процестің нәтижесінде ағзалар көп мөлшерде энергия алады.Мөлшермен ер адамдар барлық қажетті энергия қорының 90 % ұлпалардағы көмірсулар мен майлардың тотығуынан түзілген энергиядан алады, ал қалған 10% аминқышқылдардың тотықтығып айырылуынан алады. (ҚБ) төменде берілген реакция теңдеуін электрондық баланс әдісімен теңестір Na2SO3+KMnO4+H2SO4=Na2SO4+K2SO4+MnSO4+H2O | ||||||
Сабақтың соңы 31-40мин | Сабақ мақсатына қайта оралу Оқу мақсатының қаншалықты меңгерілгендігін байқау мақсатында кері байланыс (диктант)жүргізу 1) Тотығу дәрежелері өзгере жүретін реакциялар... 2) тотықтырғыштың ТД ............ 3) тотықсыздандырғыштың ТД .......... 4) ТТР теңестіргенде тотығу және тотықсыздану процестеріндегі беріп жіберген /қосып алған электрондар саны .................. Үй тапсырмасы" Электрондық баланс әдісімен теңестіру» HNO2→ HNO3 + NO + H2O MnO2 + KI + H2SO4 → I2 + K2SO4 + MnSO4 + H2O Pb(NO3)2→ PbO + NO2 + O2 | ||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға Қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз? | Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы | |||||
Нақты оқушыдан күтілетін нәтиже ТТР тотықтырғыш/тотықсыздандырғышты анықтай алады Қабілеті жоғары оқушылар: Күрделі ТТР электрондық баланс әдісімен теңестіре алады | Химиялық диктант жұптық және топтық жұмыстағы оқушылардың белсенділігі | Күнделікті тұрмыста жиі кездесетін реакциялар туралы айтқанда олармен жұмыс жасаудың қауіпсізідігін ескерту қажет . |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?