Бейорганикалық күрделі, бинарлы және жай заттардың қатысуымен жүретін тотығу - тотықсыздану реакциялары. Химия, 10 сынып, презентация.


Сабақтың тақырыбы:

Тотығу- тотықсыздану реакциясы

Өскемен қаласы,

Химия-биология бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Абишева Ж.С

Сабақтың мақсаты

10.2.3.2 электрондық баланс әдісін қолданып тотығу -тотықсыздану реакцияларын теңестіре алу

Күтілетін нәтиже

ТТР тотықтырғыш/ тотықсыздандырғышты анықтай алады

ТТР тотығу/ тотықсызданудың жартылай реакция теңдеулерін жаза алады

Тотығу –тотықсыздану реакциясын электрондық баланс әдісімен теңестіре біледі.

Тотығу – тотықсыздану реакциясы деп реакцияға қатысатын заттар мен өнімдердің құрамындағы элементтердің тотығу дәрежесі өзгере жүретін реакцияларды атаймыз.

Тотықсыздандырғыш – химиялық реакция кезінде электрондарды беретін бөлшек (атом , молекула, ион т.б.).

Red - e- = Ox Осы кездегі үрдіс тотығу деп аталады.

Тотықтырғыш – химиялық реакция кезінде электрондарды қосып алатын бөлшек ( атом , молекула, ион т.б.)

Ox + e- = Red Осы кездегі үрдіс тотықсыздану деп аталады

Видео -1 «Күміс нитраты мен мыс сымы арасындағы реакция»

Тотығатын, яғни электрон беретін элементтердің тотығу дәрежесі артады, ал тотықсызданатын, яғни электрон қосып алатын элементтердікі кемиді.

1. Реакцияны екі жартылай реакция теңдеуі түрінде жазыңыз.

2. Оттек пен сутек атомдарынан басқа атомдарды теңестіріңіз.

3. Н2О молекулаларын қосу арқылы оттек атомдарын, ал Н+иондарын қосу арқылы сутек атомдарын теңестіріңіз.

4. Электрондардың қажетті санын қосу арқылы электр зарядтарын теңестіріңіз.

5. Берілген электрондар саны қосып алынған электрондар санына тең болу үшін екі теңдеуді сәйкес сандарға көбейтіңіз.

6. Екі жартылай реакция теңдеуін қосып, теңдеудің екі жағындағы электрондарды, иондарды немесе молекулаларды қысқартыңыз.

Электрондық баланс әдісінің қадамдары

Электрондық баланс (теңгерім) әдісі:

1.Реакцияға қатысқан әрі түзілген заттардың формулалары жазылады:

Al+H2SO4 Al2(SO4)3+H2

2.Қосылыс құрамындағы элементтердің тотығу дәрежелерін анықтап, элемент таңбасының үстіне жазамыз:

0 +1 + 6 -2 +3 +6 -2 0

Al+H2SO4 Al2(SO4)3+H2

3. Тотығу дәрежелерін өзгерткен элемент атомдарының астын сызып, теңдеудің астына сол өзгерістердің сұлбасын жазамыз:

0 +1 + 6 -2 +3 +6 -2 0

Al+H2SO4 →Al2(SO4)3+H2

4.Тотығу тотықсыздану жұптары үшін электрон айырымын анықтаймыз:

Al - 3ē Al +3 3

2H+1 + 2ē = H2 2

5.Реакция кезінде берген және қосып алған электрондар сандарын теңестіретін коэффиценттерді табамыз:

Al - 3ē Al +3 3 2

2H+1 + 2ē = H2 2 3

6.Тотықтырғыш пен тотықсыздандарғышты, тотығу мен тотықсыздану процесін анықтаймыз:

Al - 3ē Al +3 2 т-с-ш т-т-у

2H+1 + 2ē = H2 3 т-т- ш т-с-у

7.Табылған коэффиценттерді теңдеудің оң жағындағы зат формулалары алдына қоямыз:

0 +1 + 6 -2 +3 +6 -2 0

Al+H2SO4 Al2(SO4)3+3H2

8. Теңдіктің оң және сол жағындағы атомдар санын салыстыру арқылы белгісіз коэффиценттерін анықтап, стрелка орнына теңдік белгісі қойылады.

0 +1 + 6 -2 +3 +6 -2 0

2Al+3H2SO4 = Al2(SO4)3+3H2

Тотығу –тотықсыздану реакцияларының маңызы:

Тіршілік үшін барлық тірі ағзалардағы заттардың ферментативтік тотығу процесі өте маңызды.Осы процестің нәтижесінде ағзалар көп мөлшерде энергия алады.Мөлшермен ер адамдар барлық қажетті энергия қорының 90 % ұлпалардағы көмірсулар мен майлардың тотығуынан түзілген энергиядан алады, ал қалған 10% аминқышқылдардың тотықтығып айырылуынан алады.

.

Үй тапсырмасы:

Тотығу – тотықсыздану реакцияларын электрондық баланс әдісімен теңестір:

HNO2→ HNO3 + NO­ + H2O

MnO2 + KI + H2SO4  →  I2 + K2SO4 + MnSO4 + H2O

Pb(NO3)2→ PbO + NO2 + O2

Қолданылған әдебиеттер :

Усманова М.Б Жалпы химия

Бекішев Қ. Тотығу – тотықсыздану реакциялары

Турова Н.Я., Справочные таблицы по неорганической химии, Л., 1997;

Карапетьянц М.Х., Дракин С. И., Общая и неорганическая химия, М., 1981. с. И. Дракин.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?