Химиялық реакциялардың жіктелуі. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.2АХимиялық реакциялардың жүру заңдылықтары

Мектеп: НЗМ ФМБ Тараз қ.

Күні:

Мұғалім:

Сынып: 10

(қоғамдық-гуманитарлық бағыт)

Қатысқандар:

Қатыспағандар :

Сабақтың тақырыбы:

Химиялық реакциялардың жіктелуі

Осы сабақта дамытылатын пән мақсаттары

10.2.1.7 химиялық реакцияларды үдерістің бағыты, саны мен құрамы, реагенттер мен реакция өнімдеріндегі химиялық элементтердің тотығу дәрежелерінің өзгеруі бойынша жіктей білу

Сабақ мақсаттары

Химиялық реакциялардың жіктелуінің белгілерін атау

- химиялық теңдеу арқылы реакцияның типін анықтау

- реакцияның белгілеріне сәйкес химиялық реакция теңдеуін жаза алу

Бағалау критерийі

Оқушы мақсатқа жетеді, егер:

Химиялық реакциялардың жіктелуінің белгілерін атайды

- химиялық теңдеу арқылы реакцияның типін анықтайды

- реакцияның белгілеріне сәйкес химиялық реакция теңдеуін жазады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:оқушылар химиялық реакциялардың белгілеріне қарап жіктейді, реакция теңдеулерін жазады

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Қосылыс – Соединение – Compound

Айрылу – Разложение – Decomposition

Орынбасу – Замещение – Substitution

Экзотермиялық реакция – Экзотермическая реакция – Exothermic reaction

Эндотермиялық реакция – Эндотермическая реакция – Endothermic reaction

Қайтымды реакция – Обратимая реакция – Reversible reaction

Қайтымсыз реакция – Необратимая реакция – Irreversible reaction

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Айырылу реакциясында бір заттан бірнеше зат түзіледі

Орынбасу реакциясында заттар әрекеттескенде бір заттың атомы басқа заттың молекуласындағы атомның орнын басады

Алмасу реакциясында әрекеттесетін екі зат өздерінің құрамдас бөліктерімен алмасады да жаңа екі зат түзіледі

Құндылықтарды дарыту

Жауапкершілік, құрметтеу, өмір бойы оқу.

Пәнаралық байланыс

Физика, биология

Алдыңғы білім

7.1А Элементтер, қосылыстар және қоспалар

7.2A Кең таралған химиялық реакциялар

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

0-2 минут

3-5мин

Оқушылармен сәлемдесіп, сабаққа дайындығы тексеріледі және позитивті атмосфера қалыптастырылады.

Сабақтың тақырыбы, таныстыру, мақсаттарын, күтілетін нәтижені талқылау.

Жаңа сабақты игеру

6-16мин

17-27мин

28-37мин

Сыныппен жұмыс: оқушылардан «Химиялық реакция» ұғымын еске түсіруді сұраңыз. «Жіктеу, жіктелу» ұғымын қалай түсінетіндерін талқылаңыз.

Оқушылардың жауаптары талқыланады.

Мұғалім түсіндіреді.

Заттың қасиеттерін өзгерте отырып, басқа бір затқа айналуы химиялық реакция немесе химиялық құбылыс деп аталады.

Химиялық реакциялар әртүрлі белгілеріне байланысты жіктеледі. Реакцияға қатысатын бастапқы заттар мен өнімдердің агрегаттық күйіне қарай реакциялар гомогенді және гетерогенді деп бөлінеді.

Егер реакцияға қатысатын заттар мен өнімдер бірдей фазада болса, реакция гомогенді болады;

Реакцияға қатысатын заттар әртүрлі фазада болса, реакция гетерогенді болады.

K2SO3 (с.е.) + 2HCl (с.е.) = 2KCl (с.е.) + SO2 (г) + H2O2 (г).

Сынып оқушылары төрт топқа бөлінеді. Джигсо стратегиясын қолдану ұсынылады.Оқушыларға төрт топта тапсырмалар таратылады.

1топ.

Реакцияға қатысатын бастапқы заттар мен өнімдердің құрамының өзгеруіне байланысты реакциялар қосылу, айырылу, орынбасу, алмасу реакциялары деп бөлінеді. Қосылу реакциясында екі немесе одан да көп заттардың бірігуінен бір ғана зат түзіледі;

Айырылу реакциясында бір заттан бірнеше зат түзіледі;

Орынбасу реакциясында заттар әрекеттескенде бір заттың атомы басқа заттың молекуласындағы атомның орнын басады. Мысалы, болат шегені мыс купоросы ерітіндісіне салып, темір купоросын аламыз (темір мысты оның тұзынан ығыстырды)

Fe (қ) + CuSO4 (с.е) ⟶ FeSO4 (с.е) + Cu (қ);

Алмасу реакциясында әрекеттесетін екі зат өздерінің құрамдас бөліктерімен алмасады да жаңа екі зат түзіледі. Бұл реакциялардың көбісі сулы ертінділерде жүреді. Бейтараптану реакциялары алмасу реакция типінің мысалы бола алады:

NaOH (с.е) + HCl (с.е) ⟶ NaCl (с.е) + H2O (с.е).

Қышқыл мен негіз әрекеттесіп, нәтижесінде су мен тұз түзілетін реакция бейтараптану реакциясы деп аталады.

2 топ. Экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар

Кез келген жағдайда энергияның бір түрі жоғалса, бірдей мөлшердегі өзге түрлі энергия пайда болады.Табиғатта болатын барлық процестер энергияның сақталу заңына бағынады. Реагенттер химиялық реакция барысында өнімдерге айналған кезде, әрекеттесуші заттардың ішкі энергиясы артады немесе кемиді. Жанармайдың жану реакцияларында энергия реагенттерден қоршаған ортаға жылу түрінде түрленеді. Көп жағдайда әрекеттесуші жүйе мен оны қоршаған ортаның арасында тасымалданған энергия жылу түрінде беріледі. Жылу бөлінуіне немесе сіңірілуіне байланысты реакциялар эндотермиялық және экзотермиялық болып бөлінеді. Жылудың реагенттерден қоршаған ортаға берілу реакциялары экзотермиялық деп аталады.

Экзотермиялық реакциялар күтпеген жерден болады; яғни, реакция басталған кезде реагенттер өнімдерге ауысқанға дейін жалғасады. Жылудың қоршаған ортадан реагенттерге өтуімен сипатталатын реакциялар эндотермиялық реакциялар деп аталады. Эндотермиялық реакциялар кенеттен болмайды және жылу түріндегі тұрақты энергия ағынын қажет етеді.

Грек сөзі «exo» сыртқы, ал «endo» — ішкі дегенді білдіреді. Эндотермиялық реакциялардың мысалдарына жасыл өсімдіктердегі қанттың фотосинтезін жатқызуға болады.

6CO2(г)+6H2O(с)→C6H12O6(қ)+6O2(г)

Мырыш (Zn) пен тұз қышқылының (HCl) арасындағы реакция экзотермиялық реакцияға мысал бола алады. Бұл реакцияның белсендіру энергиясы өте төмен.

Zn(қ)+2HCl(c.e.)→ZnCl2(c.e.)+H2(г)

3 топ. Тотығу-тотықсыздану реакциялары

Әрекеттесуші заттардың тотығу дәрежесіне байланысты реакциялар атомдардың тотығу дәрежесі өзгермей жүретін реакциялар және атомдардың тотығу дәрежесі өзгере жүретін реакциялар (тотығу-тотықсыздану реакциялары) деп бөлінеді

Бір реагенттің тотығуы, әрдайым екіншісінің тотықсыздануымен қатар жүреді. Заттардың оттекпен тікелей қосылуы тотығу реакциясы деп аталады. Тотығу реакцияларында, сондай-ақ, реагенттердің бірі сутекті жоғалтады.Тотығуға кері процесс тотықсыздану деп аталады. Егер реакция барысында реагент оттек атомдарын жоғалтса не сутекпен қосылса, оны тотықсыздану деп атаймыз.

Тотықсыздану реакциясы:

2Fe2O3 (қ) + 3C (қ)  4Fe (қ) + 3CO2 (г).

Сіріңке жақсақ, аспанға фейерверк атсақ – бәрі де тотығу тотықсыздану процестері.

4 топ. Қайтымды және қайтымсыз реакциялар

Көптеген химиялық реакциялар бір ғана бағытта: өнімді түзу бағытына қарай жүреді. Алайда екі бағытта да жүретін реакциялар бар.

Реакция тек тура бағытта жүруіне немесе қарама-қарсы бағытта жүруіне байланысты қайтымсыз және қайтымды болып екіге бөлінеді. Қайтымсыз реакция – бір ғана бағытта жүретін реакция.

A + B ⟶ C + D

Қайтымды реакция – бір уақытта екі бағытта да жүретін реакция.

A + B ↔ C + D

Мұғалімнің ескертуі бойынша оқушылар жаңа топқа ауысады. Әр топта алдынғы топтан бір-бір оқушы болады. Бірінші топта оқып ұйренгенін жаңа топ мүшелеріне түсіндіреді,талдайды.Түсіндіріп болғаннан кейін өзінің алғашқы тобына оралады. Тақырыпты тағы талқылайды.

Топтарға тапсырма ұсынылады. Орындап болғаннан кейін топтар бірін бірі бағалайды.

Жеке жұмыс тапсырылады.Орындап болғаннан кейін

оқушылар өзін-өзі бағалайды.

Сабақты қорытындылау.Мақсатқа оралу.

Презентация

https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/10-synyp/ximiyalyq-reakcziyalardyng-zhiktelui

38-40мин

Рефлексия.

Бүгін сабақта нені үйрендім................

Бүгін сабақта маған қиын болды.........

Бүгін сабақта мен жақсы түсіндім ..............

Бүгін маған түсініксіз болды ..................

Үй жұмысы

Химиялық реакциялардың жіктелуі тақырыбын оқып, қайталау.

Қосымша ақпарат

Бөліп оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін Сіз не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушылар алдында қандай міндеттерді қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалайша тексеруді көздейсіз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық пен қауіпсіздік ережелері

АКТ Құндылықтар мен байланыс (тәрбие)

Барлық оқушылар: химиялық реакцияларды жіктейді, белгілеріне қарап химиялық реакция теңдеуін құрастырады

Кейбір оқушылар мысалға күрделі химиялық реакцияларды келтіре алады

Сабақта оқушылардың білімін мұғалім бағалайды, оқушылар бірін-бірі бағалайды және өзін-өзі бағалау қарастырылған.

Сабақта оқушылар топпен жұмыс жасайды

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары қол жетімді болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным жоспарлағандай жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгізуім қажет және неліктен?

Берілген бөлімді өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі әрекетті атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі әрекет сабақтың оданда жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы қандай ақпаратты алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?