Химиялық реакция жылдамдығы. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары, 1 сабақ.


Атырау қаласының НазарбаевЗияткерлік мектебі

Nazarbayev Intellectual School, Atyrau

Subject Name

LessonPlan

Мұғалім:

Тақырыбы:

Химиялық реакция жылдамдығы

Сабақ кезеңдері

Өткізілу уақыты:

Оқу мақсаты:

10.3.2.1. гомогенді және гетерогенді реакциялар үшін жылдамдық өрнегін білу

Сабақтың мақсаты:

  • Гомогенді және гетерогенді реакцияларды ажырата білу
  • Гомогенді және гетерогенді реакциялардағы реакция жылдамдығының өзгерісін формуланы қолданып есептеу

Тілдік мақсат:

Оқушылар орындаулары тиіс

Гетерогенді/гомогенді реакциялар үшін жылдамдық өзгерісін формуланы қолданып жазбаша есеп шығарып, ауызша есептің шығарылуын түсіндіре білу.

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Гомогенді, гетерогенді, концентрация, көлем, аудан, температура, зат мөлшері

Күтілетін нәтиже:

  • Гомогенді және гетерогенді реакциялардағы реакция жылдамдығы өзгерісін формуланы қолданып есептей алады

Құндылықтарды дамыту:

Жұптық жұмыс арқылы оқушылардың бірін-бірімен ынтымақтастықта жұмыс жасауларын және өз бетімен өмір бойы білім алу дағдыларын жақсарту

АКТ қолдану дағдылары:

Интернет ресурстарынан қажетті мәліметтерді анықтай білу

Сабақтың барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басталуы

1 сабақ

0-1 мин

1-9 мин

913 мин

13-16 мин

16-18 мин

18-25 мин

25-30 мин

35-40 мин

Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен амандасу. Сыныптың сабаққа қатысын және дайындығын тексеру.

Оқушылардың өткен сабақтағы алған білімдерін еске түсіріп, бүгінгі тақырыпқа байланысты алғашқы білімдерін анықтау мақсатында әр оқушыға тест сұрақтары үлестіріледі.

Тыныштықта әр оқушы 8 минут орындайды.

Тест

1.Бір фазадан тұратын жүйе:

А) гетерогенді В) жанасу беті

С) гомогенді Д) лимиттеуші саты

2.Келтірілген формулалардың қайсысы масса әрекеттесу заңының математикалық өрнегі:

А) V=1/C. В) V=∆C/t

С) V=k[A]m·[B]n Д) C=1/V

3.Вант – Гофф формуласының математикалық өрнегі?

A) V=1/C B) V=k[A]m·[B]n

С) Д)

4. Әр түрлі фазадан тұратын жүйе:

А) гетерогенді В) жанасу беті

С) гомогенді Д) лимиттеуші саты

5. Гомогенді реакцияға мысал келтір:

А) С(қ) + О2(г) ↔ СО2(г) В) 2NО(г) + О2(г) ↔ 2NО2(г)

С) 4Fe(қ) + 3О2(г)→2Fe2O3 Д) 4Al(қ) + О2(г) ↔ 2Al2O3

6. Әрекеттесуші және түзілетін заттар бірдей агрегаттық күйде болатын реакция:

А) гетерогенді В) қайтымды

С) гомогенді Д) қайтымсыз

7. Әрекеттесуші және түзілетін заттар әртүрлі агрегаттық күйде болатын реакция:

А) гетерогенді В) қайтымды

С) гомогенді Д) қайтымсыз

8. Гетерогенді реакцияға мысал келтір:

А) Н2(г) + I2(г)→2НI(г) В) 2NО(г) + О2(г) ↔ 2NО2(г)

С)4Fe(қ) + 3О2(г)→2Fe2O3 Д) 2СО(г) + О2(г) ↔ 2СО2(г)

Презентация арқылы шыққан дұрыс жауап бойынша өз –өздерін тексеріп, өз жауаптарына рефлексия жасап, қатемен жұмыс жасайды. Мұғалім тест тапсырмасы бойынша оқушыларда туындаған сұрақтың жауабын беру үшін бағыттаушы сұрақтар қояды.

Осылайша оқу мақсаты анықталып, оқушыларға таныстырылады.

10.3.2.1. гомогенді және гетерогенді реакциялар үшін жылдамдық өрнегін білу

Жаңа білім

Бүгінгі күннің тақырыбы мен оқу мақсаты және сол оқу мақсатын меңгеру үшін жасалатын іс-әрекеттер таныстырылып, талқыланады.

Оқушылардың өз бетімен білім алу дағдыларын арттыру мақсатында оқушыларға бір мысал негізінде есептің шығарылу жолы жазылған алгоритм таратылады.

Оқушылар берілген үлестірме материалмен танысқан соң мұғалім әр оқушыға бір есептен жазылған карточка таратады. Алгоритмге қарай отырып, есепті карточкаға шығарулары сұралады.

Сыныпта екі оқушыда бірдей есеп болады, бірақ оны оқушылар білмеуі керек. Содан соң берілген уақыт аяқталған соң мұғалім жаңа жұп құрады, оны құру барысында есептің шарты бірдей оқушыларды таңдайды.

Есептің шарттары бірдей екі оқушыдан жұптар құрылады.

Сабақты қорытындылау.

Екі оқушы бір есепті қалай шығарғандарын талқылап, қорытынды шығарып, мұғалімге есептің шығарылу жолы мен жауабын ұсынады.

Осылайша оқушылар бірін-бірі тыңдауға, өзінің дұрыс жауабын өзге оқушыға дәлел келтіре отырып түсіндіруге дағдыланады және өзгенің ойын тыңдап, шешімін өзгертуге үйренеді.

Оқушылардың есептерін мұғалім сынып ішінде жүріп тексеріп жүреді. Бірден кері байланыс беріп жүреді. Сыныпта жақсы түсініп, қатесіз есеп шығарған оқушыларды өзіне көмекші етіп алып, сыныптағы өзге оқушыларды тексеріп кері байланыс берулерін сұрайды.

Қосымша 1

Қосымша 2

Қосымша 3



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?